Амбулатория қызметі бір жылда 14% қымбаттады

2023 жылдың желтоқсанының соңында амбулатория-емхана қызметі бір айда 1,1%, бір жылда 13,6% қымбаттады.

Ай сайынғы динамика бойынша дәрігерлік амбулаториядағы медициналық мамандардың қызметі айтарлықтай 5,8%, дәрігердің алғашқы қабылдауы — 0,5%, медициналық зертхана мен рентген кабинетінің қызметі — 0,7%, стоматология қызметі 0,9% қымбаттады.

Жылдық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауы 19,1%, дәрігерлік амбулаториядағы дәрігер мамандары қызметі 18,3%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеті қызметі 12,4%, стоматология қызметі 11 ,4% қымбаттады.

Былтыр үшінші тоқсанда ҚР-да денсаулық сақтау қызметі көлемі 737,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 16% артық.

Қызметтердің басым бөлігі дәстүрлі түрде бюджет есебінен көрсетілді: 541,9 млрд теңге, бір жылда 15,8% көбейген. Халықтың қалтасынан бір жыл бұрынғыдан 25,9% көбірек төленіп, 127,9 млрд теңге, ал кәсіпорындар қаражаты есебінен 2,5% өсіп, 68,1 млрд теңге болды.

Өңірлер бойынша бұл салада ең көп қызмет республикалық орталықтар көп орналасқан Алматы қаласында көрсетілген: 138,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 0,8% аз. Одан кейінгі орында республиканың тағы бір медициналық хабы — Астана (117,2 млрд теңге, 19,6% көбейген), одан кейін Қарағанды ​​облысы (43,4 млрд теңге, 16,2% көбейген). Ең аз денсаулық сақтау қызметі Ұлытау (6,5 млрд теңге), Жетісу (16,9 млрд теңге) және Абай (18,1 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.

Еліміздің медицина мекемелері міндетті медициналық сақтандыру қорына 113 млрд теңге қарыз, деп хабарлайды Хабар24. Оның 90%-ы мемлекет қаржысы. Қор үлкен көлемдегі қарыздың пайда болуына медициналық ұйымдар басшыларының тиімсіз басқару шешімдері себеп болды деп есептейді. Олар жыл сайын қызметкерлердің жалақысын көтеріп, сыйақы төлеп, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізген, дәрі-дәрмектің тұтынылуын дұрыс есепке алмаған, халық арасында сұранысқа ие емес дәрілерді сатып алған.

2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 410 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 50,2% артық. ФКИ 151,1%-ды құрады, бұл секторға инвестицияның 51,1% нақты өскенін көрсетеді.

Өңірлер бойынша секторға ең көп инвестиция Астанада болды: 118,7 млрд теңге, бір жылда 28% көбейген. Одан кейін орында Алматы (58 млрд теңге), сондай-ақ Түркістан (25,1 млрд теңге) және Атырау (22,5 млрд теңге) облыстары.

Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау (3,5 млрд теңге), Ұлытау (3,6 млрд теңге) және Жетісу (6,4 млрд теңге) облыстарында.