Тұрғын үй құрылысы қарқын алды: ҚР-да тұрғын үйді пайдалануға беру 13% көбейді

Қай өңірлерде тұрғын үй ең көп салынды?

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді — тиісінше, азаматтардың әл-ауқатына пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі тікелей әсер етеді. 2023 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда шамамен 10 млн шаршы метр пайдалануға берілді — бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13% артық. Тұрғын үйдің басым бөлігін — 9,2 млн шаршы метрді немесе 92,3%-ын жеке құрылыс салушылар салған.

Өңірлер бойынша сектордағы ең жақсы өсім қарқынын Ұлытау облысы көрсетті: былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 56,7% көбейген. Айта кетейік, облыстың үлесі небәрі 0,4%-ды немесе 39,7 мың шаршы метрді құрады. Өсім бойынша алғашқы бестікке сондай-ақ Астана (39,5% көбейген), Абай облысы (28% көбейген), Алматы (22,5% көбейген) және Қызылорда облысы (19,8% көбейген) кірді.

Жалпы, еліміздің 20 өңірінің 17-де тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өсті. Тиісінше, үш облыста — Қарағанды, Маңғыстау және Атырау облыстарында төмендеу байқалды.

Тұрғын үй құрылысының өсуіне қарамастан, сектордағы мәселелер өткір күйінде қалып отыр. Қазіргі мәселелердің бірі — қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп, нысан салу. Үй салушылардың заңсыз әрекеттерінен мыңдаған азаматтар зардап шекті.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ саланы дамыту үшін елімізде Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы — «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚТК) жұмыс істейді. ҚТК-ның негізгі мақсаты — қазақстандықтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Осы салада тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында компания Отбасы банкі салымшылары мен жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған салымшылары үшін ЖАО облигацияларын сатып алу арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландырады. Облигациялық несиелерден түскен қаражат Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысы үшін әкімдіктерге жіберіледі. 2022 жылы ҚТК өңірлерде қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жалпы сомасы 176,4 млрд теңгеге ЖАО облигацияларын сатып алды. Осының арқасында 796 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 9,5 мың пәтер пайдалануға берілді.

Қабылданған шаралар мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, экономиканың дамуына, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, құрылысты және оған байланысты барлық салаларды ынталандыруға, сондай-ақ жұмыс орындарын ашуға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, барлық қаражат қайтарылады.

Барлығы 2016–2022 жылдары несиелік тұрғын үйді қаржыландыру арқылы компания ЖАО-ның 958,1 млрд теңгеге облигацияларын сатып алды. 4,9 млн шаршы метр немесе 74,8 мың пәтер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚТК кепілдік жағдайы туындаған жағдайда тұрғын үй құрылысын аяқтауға, сондай-ақ үлескерлік туралы келісімдер бойынша тұрғын үйді үлескерлерге беруге кепілдік береді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚЖК Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Өскемен қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарында жалпы сомасы 211,8 млрд теңгеге тұрғын үйлердің үлескерлік құрылысын аяқтауға 36 кепілдік берді. Нәтижесінде 11,9 мың қазақстандық отбасына арналған пәтерлердің (немесе 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй) құрылысы қамтылды.

Сондай-ақ, биыл тоғыз айда 123 млрд теңгеге 31 кепілдік берілген. Бұл шаралар 5 мыңнан астам пәтерді, яғни 426 мың шаршы метрді тұрғын үйді қамтыды.

Жалпы, еліміздегі тұрғын үй құрылысының дамуына тұрғын үй кешенінің ықпалы зор. Тек 2022 жылдың соңында компанияның қолдау құралдары арқылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілді. Бұл жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйдің 15,6%-ы. 2022 жылы пайдалануға берілген пәтерлер саны 27 мың болса, бес жыл ішінде компанияның қолдауының арқасында 107 мың пәтер пайдалануға берілді.

Ұзақ мерзімде қарастыратын болсақ, 2009–2022 жылдар аралығында қолдау құралдары есебінен тұрғын үйлерді пайдалануға беру 10,9 млн шаршы метрді құрады, бұл 147 мыңға жуық пәтер.

Қазақстанда жан басына шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету әлі де жеткіліксіз болғандықтан, уәкілетті органның қолдауы өзекті. 2022 жылы бұл көрсеткіш 23,6 шаршы метрді құрады. БҰҰ әлеуметтік стандарты 30 шаршы метр. Мысалы: АҚШ, Германия сияқты дамыған елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір адамға 70 және 50 шаршы метрді құрайды. Қазақстанда жан басына шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін 30 шаршы метрге жеткізу үшін республикадағы тұрғын үй қорын 110 млн шаршы метрге, 405 млн шаршы метрден 515 млн шаршы метрге жеткізу керек.