Үй шаруашылықтарының темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны бір жылда 12% өсті

Ең көп шылым шегетін өңір — Солтүстік Қазақстан тұрғындары

2023 жылдың қаңтар–тамызында ҚР-да 11,6 млрд дана темекі, сигара, папирос және басқа да ұқсас өнімдер өндірілді, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,3% аз.

Толық 2022 жылы темекі өнімдерінің өндірісі 17,6 млрд дананы құрады, бір жылда 8,9% көбейген.

2023 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 58,7%-бен салыстырғанда 76,3% қамтамасыз етті.

Импорттың үлесі тиісінше 23,7%-ды құрады. Елге 3,1 млрд темекі мен папирос импортталды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 56,7% аз.

Экспорт ресурстардың 21,6%-ын құрады. Қазақстан 2,8 млрд темекі өнімдерін экспорттады, бұл 2022 жылдың жеті айымен салыстырғанда 28,6% аз. Ішкі нарықтағы сату бір жылда 23,4% азайып, 10,2 млрд болды.

Биыл екінші тоқсанда үй шаруашылықтарының темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны бір жыл ішінде 12,2% өсіп, 12,6 мың теңгені құрады.

Елімізде ең кқп темекі шегушілер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары: екінші тоқсанда облыстағы әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 23 мың теңге жұмсаған — былтырғыдан 18,3% артық. Одан кейін Ақмола (22,7 мың теңге) және Қарағанды (20,8 мың теңге) облыстары.

Маңғыстау облысының тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсаған: 3,5 мың теңге — былтырғыдан 11,6% көп.