Алайда, бұл Орталық Азиядағы ең нашар көрсеткіш емес

Алайда, бұл Орталық Азиядағы ең нашар көрсеткіш емес

 

Ластанған ауа Қазақстанның ірі қалалары тұрғындарының денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы зерттеуіне сәйкес, ауаның ластануы жылына 10 мыңнан астам мезгілсіз өлімнің себебі болып табылады.

Түтін тұман азаматтардың денсаулығын нашарлатып қана қоймайды, сонымен қатар мезгілсіз өлімнен, аурудан және өнімділіктің жоғалуынан экономикалық залал келтіреді. 2019 жылы ластанған ауа Қазақстан экономикасы үшін 10,5 млрд АҚШ долл. шығын әкелді. Бұдан бетер, бұл проблема бүкіл Орталық Азияға таралады, онда бес елдің бірде-бірінде ауа ДДСҰ қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейді.

Aуаның сапасына ондағы PM2.5 майда дисперсті бөлшектерінің мөлшері әсер етеді, бұл ауаны ластағыш заттардың жану өнімі болып табылады, ол автомобильдердің пайдаланылған газдарында кездеседі, ағаш пен көмірді жағу кезінде, сондай-ақ орман өрттері кезінде бөлінеді.

ДДСҰ бұл бөлшектердің ауадағы концентрациясы бір текше метрге орташа есеппен 10 микрограммнан аспауын ұсынады. Алайда, Орталық Азия елдеріндегі ауаның ластануы бұл шектен едәуір асып түседі.

 

 

2021 жылы Тәжікстан Орталық Азияда ауаның ластану деңгейі бойынша бірінші орын алды. IQAir, ауа сапасын бақылаудың жаһандық платформасының рейтингіне сәйкес әлемде төртінші орын алады. Сол жылы Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан ДДСҰ стандарттарынан тиісінше бес, төрт және үш есе асып түсті. Түрікменстанда ауа ең аз ластанды, онда бөлшектердің жылдық концентрациясы нормадан екі есе көп болды.

Тәжікстанның астанасы Душанбеде көмір жағу арқылы жылу өндіретін кем дегенде 24 кәсіпорын жұмыс істейді, деп жазады Cabar.Asia. Сонымен қатар, қала үстіндегі сұр және тымырсық «бұлтты» толтыратын 400-ден астам басқа өнеркәсіп орындары да көмірді пайдаланады. Тұрақты тұман түтіннің арқасында қала сұрықсыз көрінеді. Aстананы үнемі шаң-тозаң қылатын цемент зауытының жұмысы да осы сұрықсыздыққа өз үлесін қосуда.

2021 жылы бойы Душанбеде бірде-бір күнде AQI шкаласы бойынша «жақсы» ауа болған жоқ (екі күнгі деректер жоқ: 22 және 23 мамыр). Сонымен қатар, жыл ішінде ауа денсаулыққа «қауіп» төндірген төрт күн болды. Мұндай уақытта барлық адамдар ашық ауада кез келген нәрсемен шұғылданбауы керек, деп ұсынады АҚШ қоршаған ортаны қорғау агенттігі.

 

 

Душанбеде 2021 жылдың барлық күндерінің төрттен бір бөлігінде ауа «қанағаттанарлық» болды және ластанған ауаға сезімтал адамдарға ғана қауіп төндірді. Алайда, қалған уақытта — яғни жылына төрт күннің үш күнінде — ауа нашар болды, оның ластану деңгейі «сезімтал топтар үшін зиянды» деңгейден «қауіпті» деңгейге дейін өзгеріп отырды.

Орталық Азияның қалған елдері 2021 жылғы жаһандық рейтингте келесідей бөлінді:

• ‎Қырғызстан — 7-інші орын;
• ‎Өзбекстан — 12-інші орын;
•‎ Қазақстан — 23-інші орын;
• ‎Түркіменстан — 44-інші орын.

Бұл ретте 2020 жылмен салыстырғанда барлық елдердің көрсеткіштері нашарлады.

Ауа проблемасы жыл бойы туындаса да, күзде және қыста өзекті бола түседі. Бұл уақытта көмірмен жұмыс істейтін жылу жүйесінің қосылуына, сондай-ақ автомобильдердің пайдаланылған газдарына байланысты қалаларды түтін басады.

Айырмашылық Алматы мен Бішкекте айқын көрінеді. Қыста бұл қалалар аймақтағы ең жоғары AQI мәнін бөлісті — 142. Күн жылынған кезінде үзіліс болады, ал қараша айында тұман түтін «сезімтал топтар үшін зиянды» көрсеткішімен қайта басталады.

Алматы мен Бішкекте жазғы айлармен салыстырғанда қыста ауаның ластануында ең үлкен айырмашылық байқалады, жазда ауа тиісінше төрт және үш есе таза және жақсы болады. 2021 жылдың жылы маусымында ауа орта есеппен «жақсы» болды — AQI 50-ден аспады.

 

 

Ташкентте (Өзбекстан) және Душанбеде (Тәжікстан) концентрация қырғыз және қазақ динамикасынан өзгеше болды. Мұнда ауа жыл бойы нашар болды, ал қыста жазға қарағанда тек 17%-ға және 9%-ға нашарлады. Бұл шаңды дауылдар, өнеркәсіп орындары немесе жыл мезгіліне қарамастан ластағыш заттар шығаратын қоқыс өртеу зауыттары сияқты ластанудың қосымша көздеріне байланысты.

Ташкентте тек сәуір, мамыр және маусым айлары ғана өзгеше болды, осы айларда ауа келесі AQI мәндерімен қанағаттанарлық болды: сәйкесінше 93, 81 және 92. Душанбеде наурызда және сәуірде тиісінше 100 және 86 индекстерімен болды. Бірақ бұл көрсеткіштер 101-ге дейін жеткен кезде, ауа «сезімтал топтар үшін зиянды» болады.

Егер бір жылдағы AQI орташа мәнін қарастыратын болсақ, бес астананың ішінде Ташкент пен Душанбеде ауа «сезімтал топтар үшін зиянды» болды. Бұл белсенді балалар мен ересектер, сондай-ақ респираторлық ауруларға шалдыққан адамдар ашық ауада ұзақ уақыт жүруді үнемі шектеуі керек дегенді білдіреді.

 

 

Түркіменстан астанасы Ашхабадқа келетін болсақ, онда барлық бес мемлекет арасында АIQ деңгейі ең төмен болды: жылына орта есеппен 69. AQI шкаласы бойынша бұл көрсеткіш «қанағаттанарлық» болып саналады.