Жоғары жалақы, цифрландыру және «ақылды» жұмыс орындары: өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің әрбір үшінші қызметкері ҚР ТМК-да жұмыс істейді
28 августа 2024
542
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің саны 195,9 мың адамды құрады. Оның 42,5%-ы (немесе 83,2 мың адам) металл өндіру секторында жұмыс істеді. Қайта өңдеу сегментінде қызметкерлердің саны 317 мың адамды құрады, оның 28%-дан астамы (немесе 88,7 мың адам) металлургия саласының қызметкерлері.
Осылайша, тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) қызметкерлері өндіру және қайта өңдеу секторларында жұмыс істейтіндердің үштен бірін және жалпы ҚР-дағы барлық өнеркәсіп қызметкерлерінің 26,1%-ын құрады.
ТМК — Қазақстанда халықты жұмыспен қамтитын негізгі сала, өнеркәсіп секторындағы көптеген қызметкерлердің еңбек жағдайларына және жанама түрде алғанда, аралас секторлар мен түрлі салалар массасына тікелей әсер етеді. ТМК өте ауқымды сала: тау-кен металлургия кешенінде жұмыс істейтіндердің тізімдік саны тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, фармацевтика, жиһаз, ағаш, қағаз және полиграфия, пластмасса және резеңке бұйымдарын шығару, мұнай өңдеу және машина жасау салаларындағы жұмысшылардың санынан асып түседі.
Бұл ретте айта кетерлігі, бұл тек металдарды өндіру және қайта өңдеу секторларында еңбек ететін жұмысшылардың тізімдік саны, ал тұтастай алғанда, ТМК кәсіпорындары — басқарушы және қызмет көрсетуші персонал, әкімшілік, IT, оқыту персоналы сияқты көптеген адамдардан тұратын алып кешен.
Kazakh Invest деректеріне сүйенсек, 2023 жылы тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында 300 мыңнан астам адам еңбек еткен. Бұл — құрылыс және құрылыс материалдарын өндіруден бастап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен машина жасауға дейін ТМК-мен тікелей байланысты аралас салаларды есепке алмағандағы мәлімет.
Қазақстанның ТМК кәсіпорындары заман талабына сай келуге, жұмыспен қамту мәселелеріне жіті назар аударуға тырысады. Мәселен, жобалар мынадай арналарға бағытталған:
• жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын қалыптастыру;
• жұмыс орындарын цифрландыру, «ақылды» технологияларды автоматтандыру және енгізу;
• әлеуметтік пакеттермен және қосымша ынталандырулар және қызметкерлерді қолдау шараларымен қамтамасыз ету;
• кадрлар даярлау.
Мысалы, жаңа өндіріс ретінде өткен жылдың соңында Еуразиялық Топ (ERG) іске қосқан 184 жұмыс орнымен қамтитын Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл Көмір» АҚ аумағында арнайы кокс өндіретін зауытты атауға болады. Жобаға құйылған инвестиция 60 млрд теңгені құрады, кәсіпорынның қуаттылығы — 400 мың тонна арнайы кокс, сондай-ақ жылына 72 мың тонна көмір шайыры мен көмір майын өндіреді.
Сондай-ақ, Қазақстанда төменде көрсетілген бірқатар жаңа зауыттар бой көтеруде және жоспарлануда:
• «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС — Павлодар облысында орналасқан 800 жұмыс орнына арналған ферроқорытпа зауыты. Инвестиция көлемі — 92,4 млрд теңге, жобалық қуаты — жылына 240 мың тонна ферросилиций.
• «Жетісу Вольфрамы» ЖШС — Алматы облысындағы «Богуты» вольфрам кен орындарын игеру. Инвестиция көлемі — 135 млрд теңге. Жылына 3,3 млн тонна кен өндіру және қайта өңдеу, 10 мың тонна концентрат, 65% WO3 концентратын алу жоспарлануда.
• Абай облысында 1000-нан астам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін «KAZ Minerals Smelting» ЖШС жаңа мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Қуаттылығы — жылына 300 мың тонна мыс, алдын ала құны — 1,5 млрд АҚШ доллары. 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
ҚР ТМК компанияларының жұмысына қажетті «ақылды» шешімдерге келетін болсақ, бұл жұмыс берушілер нарығында аналитиктер оң бағалайтын тұрақты тәжірибе.
Мысалы, ERG ұсынатын «Qollab — Цифрлық жұмыс орны» жобасы HeadHunter-дің «Орталық Азияның HR-бренд премиясы» байқауының лауреаты атанды. Qollab корпоративтік қосымшасы әрбір ERG қызметкеріне корпоративтік сервистерді тікелей смартфон арқылы алуға — шарттар мен құжаттарға ЭЦҚ-мен қол қоюға, жұмыс орнынан анықтамалар алуға, демалыс туралы және науқастануға қатысты ақпаратты білуге, есеп айырысу парақтарын алуға, табельдерді бекітуге, кіріс корпоративтік поштаны оқуға, бүкіл топ кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар мен материалдардың қорларын айқындауға, жеткізу қызметімен құралдарға тапсырыс беруге, дәрігерлерге немесе штаттық психологтарға жазылуға және т. б. басқаларға мүмкіндік береді.
HR-мен байланысты халықаралық байқауда марапатқа ие болған тағы бір ERG жобасы — SAP HCM Payroll, 60 мыңнан астам қызметкерге есептелген кадрлық есепке алу және жалақыны есептеудің бірыңғай жүйесін енгізу жобасы. Компанияның бұл жүйесі Global CIO ИТ-директорларының халықаралық кәсіби қауымдастығының «Жыл жобасы — 2023» байқауында жеңіске жетті. ERG-дің бос жұмыс орындарын көрсететін өз порталы да бар.
Тағы бір мысал, еліміздегі алып компания «Қазақмыс» қазақстандық IT-компаниялар әзірлеген DMMS бағдарламалық-аппараттық IT-кешенін енгізді, ол жерасты радиобайланысын орнатуға, қызметкерлер мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және қызметкерлерді авариялық жағдай туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 30 және 31 шілдесінде Tech Garden-нің 15 IT-резиденті жергілікті жерде бизнес-міндеттермен танысу үшін «Қазақмыстың» Нұрқазған кенішіне барып, компаниядағы өндірістік процестер мен еңбек жағдайларын жақсарту үшін өздерінің ғылыми-цифрлық және техникалық шешімдерін ұсынды.
Естеріңізге салсақ, компаниялардың еңбек процесін жеңілдету үшін «ақылды» технологиялар мен IT-шешімдердің қалай әзірленетінін және енгізілетінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Айта кетерлігі, ТМК қызметкерлері еліміздегі ең жоғары жалақылардың бірін алады. Мәселен, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда орташа айлық көрсеткіш 392,7 мың теңгені құраса, металлургия өндірісінде бұл көрсеткіш 597,3 мың теңгеге жетті, ал металл кендерін өндіру саласында — 630,7 мың теңге, яғни орташа көрсеткіштен 52%-ға және 61%-ға артық.
Егер әлеуметтік игіліктерге келсек, мұндағы айқын көрсеткіш — қызметкерлердің тұрғын үй мәселесі. Мысалы, ERG-да өзінің тұрғын үй бағдарламасы бар. Оның аясында 4,6 мыңнан астам отбасы өз тұрғын үйлеріне қол жеткізді. Ағымдағы жылы ERG Отбасы банкімен бірлесіп 440-тан астам пәтер беруді көздеп отыр (біз бұл жоба туралы толығырақ жазған едік).
«Қазақмыста» да қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар бар. Сонымен қатар, ірі мыс алыбы қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттеріне медициналық қызметтер мен оңалту, балалар демалысы, көп балалы қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмек және т. б. кіреді.
Болашақ мамандарды оқыту және даярлау, ТМК кәсіпорындарының өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы біз әлі де жазамыз — бұл қызықты және өте ауқымды мәселе, өйткені компаниялар мектептермен, ТжКБ және университеттермен орнатқан келісімдерден бөлек, өздерінің білім беру мекемелерін де ашуда. Бұл өзекті тақырып, себебі бүгінде ТМК біліктілігі жоғары заманауи кәсіби кадрларды қажет етеді.
Секторда қабылданып жатқан барлық қолдау, даму және еңбек нарығының сапасын жақсарту шаралары қажет. Шындығында, ТМК компаниялары жұмысшыларына қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасай отырып, олардың әл-ауқатын жақсартады, ESG-нің маңызды бөлігі де осы және еліміздегі көптеген тау-кен металлургия кешенінің компаниялары үнемі жетілу, даму үстінде.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10451
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6691
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6632
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6444
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6440
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6406
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6354
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6349
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6340
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6335
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6328
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6288
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6264
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6250
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6247