Қазақстандықтар еліміздің банктеріне қанша қарыз? Әңгіме мерзімі өткізілген қарыздар туралы болып отыр
18 декабря 2024
445
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 21 ЕДБ бар, олардың ішінде шетелдік қатысумен 12 қаржы институты, соның ішінде 9 еншілес банк бар.
Соңғы жылдары еліміздің банк секторында несие портфелін проблемалық қарыздардан тазарту және жалпы алғанда портфельдің сапасын жақсарту тенденциясы қалыптасты. Мәселен, есептік күнгі жағдай бойынша ҚР ЕДБ жиынтық несие портфелінде төлем мерзімін өткізу 90 күннен асқан несиелердің үлесі 3,3%-ды құрады — бұл ҚР қаржы секторы жұмыс істеп тұрған кезеңдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Мысал үшін: 2023 жылдың қазан айында үлес шамамен осындай болды, 2022 жылы ол 3,7%-ды, 2021 жылы — 4,1%-ды құрады, 2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде үлес 7,6%-12,3% аралығында өзгеріп отырды. Бірақ 2015 жылға дейін елде мерзімі өткізілген несиелер бойынша күрделі проблемалар болған, ол кезде несие портфеліндегі «ұзақ мерзімге» төлем мерзімін өткізу үлесі 30%-дан көп болған.
Жалпы алғанда, активтердің сапасын қолдаудың мұндай бағыты банк секторының тұрақтылығы мен сенімділігіне оң әсерін тигізеді.
Айта кететіні, ҚР ЕДБ бойынша жағдай біркелкі емес және банктердің көрсеткіштерінде елеулі айырмашылық бар.
Сонымен, ең «таза» несие портфелін Отбасы банкі қалыптастырады, ол төлем мерзімін өткізу 90 күннен асатын несиелердің ең төменгі үлес салмағы бойынша көшбасшы болып отыр: бар болғаны 0,12%. Қаржы институтында төлеу мерзімін өткізудің мұндай төмен үлесі бұрыннан келе жатыр — бұл Отбасы банкі өз қызметін жүзеге асыратын тұрғын үй-құрылыс жинақтарының қалыптасқан және дамыған жүйесіне, сондай-ақ ипотекалық несиелердің Қазақстанда тәуекелі төмен өнім болып табылатынына байланысты. Сонымен қатар халықаралық рейтингтік агенттіктер де Отбасы банкінің несие портфелінің жоғары сапасын атап өтеді.
Жалпы алғанда, портфельдің мұндай мінсіз сапасы банктің қарыз беруге әлеуметтік бағдарланған тәсілімен байланысты. Осы үшін жақында Отбасы банкі алғаш рет Sustainable Fitch агенттігінен «3» деңгейіндегі ESG-рейтингін алғанын айта кетейік. Бұл көрсеткіш банктің тұрақты даму қағидаттарын ұстанатынын растайды және оның тұрғын үйдің қолжетімділігі және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау сияқты әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қосқан үлесін атап көрсетеді.
Төлем мерзімін өткізу 90 күннен асатын несиелердің шағын үлесі бойынша екінші орынды 0,63%-бен Шинхан Банк иеленді. Даму институты ретінде негізінен халықпен жұмыс істейтін Отбасы банктен айырмашылығы — Шинхан Банк негізінен корпоративтік клиенттермен жұмыс істейді.
Үздік үштікті Altyn Bank тұйықтап тұр: 1,03%. Несие портфелінің сапасы бойынша ҚР ЕДБ-нің алғашқы бестігіне сондай-ақ KZI Bank (1,08%) және ЦентрКредит Банкі (1,47%) кірді. Қызықты факт: жоғарыда аталған үздік бестікте үшеуі бірден шетелдік банк, тек екеуі ғана отандық банк болып табылады.
Қалған ҚР ЕДБ бойынша ақпарат төмендегі инфографикада берілген.
Айта кететіні, көптеген дамыған елдердегідей, Қазақстанда да қаржылық реттеуші несие сапасын бақылауға ерекше назар аударады. Мысалы, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жыл сайын банк секторы активтерінің сапасына бағалау жүргізеді — AQR.
Ағымдағы жылдың қараша айында ҚНРДА елдің банк секторы активтерінің сапасын бағалауды аяқтады.
Биыл 11 ЕДБ бойынша AQR жүргізді, олар 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша банк секторы активтерінің 85% және несие портфелінің 86% құрады. Жеке негізде 1 583 ірі қарыз алушы, сондай-ақ 856 бірлескен қарыз алушы мен кепілгер талданды, олар ARES рейтингтік моделі мен скорингтік модель арқылы бағаланды.
Тұрақты түрде AQR жүргізудің нәтижелері мен бүкіл процесін талдау нәтижесінде қатысушы банктерге процестерді жақсарту және анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар жазылған хаттар жіберіледі.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10505
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6884
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6743
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6553
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6464
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6460
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6402
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6387
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6387
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6386
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6348
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6327
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6278
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6268
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6263