Республика рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен төмен

Республика рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен төмен

 

ҚР-да экологияға инвестиция салуға асығар емес. Сонымен қатар, елдегі, әсіресе, өнеркәсіптік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпейді. Осылайша, «жасыл» өмір сүруге ең үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 72-орынға ғана ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Беларусь және Әзірбайжанда жағдай жақсырақ.

Рейтинг мына үш санат бойынша жаһандық сауалнама нәтижелері негізінде анықталды: қоршаған ортаға қорғау, денсаулық сақтау және инновация.

 

 

Өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштерін сандық бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 100-ден 40,9 индексімен 180 елдің ішінде 93-орында болды. Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдер Қазақстаннан жоғары.

Айта кету керек, қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіз деңгейі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігінен басқа, Қазақстанда ашық қателіктер жиі кездеседі. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айының соңында экология саласындағы ең проблемалы компаниялардың бірі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы аумаққа экологиялық аудит жүргізбеді. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, атап айтқанда, бас директор Биджу Наир шенеуніктерге тексеру шараларын жүргізуге кедергі келтірді, деп хабарлайды liter.kz Қарағанды облысының экология департаментіне сілтеме жасап. Жалпы бұл компанияда мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ.