Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 20% қымбаттады

ҚР-да ӘМАТ өнімдері бойынша өзін өзі қамтамасыз ету деңгейі барлығында жоғары емес

 

Биылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) сегментіндегі өнімдер мен шикізаттың жекелеген түрлеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 95% және одан да көп қамтамасыз етті. Атап айтқанда, олар қой мен ешкі еті, бидай наны мен ұн, ірі қара еті, тауық жұмыртқасы, жылқы еті, айран және күріш сияқты тауар топтары.

Сүт пен кілегей (93,8%), йодталған тұз (91,6%), шошқа еті (89,6%), қарақұмық (87,7%), макарон өнімдері (83%), күнбағыс майы (82,8%) сияқты өнімдер бойынша 95%-дан төмен қамтамасыз етілді.

Сары май (74,3%), құс еті (70,3%), қант (57,8%), ірімшік және сүзбе (52,9%) сияқты өнімдер бойынша қамтамасыз етілу 75%-дан төмен.

 

 

Бұл ретте ӘМАТ өнімдері мен шикізаттың жекелеген түрлері ішінде йодталған тұздың 80,8%-ы, ұнның 55,5%-ы, күнбағыс майының 40,1%-ы, макарон өнімдерінің 32,3%-ы, күріштің 22,9%-ы, қарақұмықтың 16,6%-ы, сары майдың 10%-ы экспортқа кетеді.

Қолда бар (өндірілген және импортталған) қант пен нан, сондай-ақ шошқа және жылқы еті ҚР ішкі нарығында толық сатылады, мүлдем экспортталмайды.

Басқа санаттарда экспорттың аздаған үлесі бар, ал қолда бар ресурстардың негізгі бөлігі ҚР ішкі нарығында сатылады.

 

 

Биылғы жылдың 4 қазанындағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір апта ішінде (27 қыркүйекке) 0,1%, жыл басынан бері 19,6%, бір жылда 19,7% қымбаттады.

Апта ішінде жұмыртқа (1,2%), сондай-ақ күріш, күнбағыс майы және пастерленген сүт (0,4%) қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша қант бірден 79,3%, рожки 30,2%, қарақұмық 27,8%, күріш 23,7%, тауық еті 23,6%, бидай ұны 22,7%, сары май 19,8%, пастерленген сүт 19,4%, тұз 18,9%, айран 16,6%, күнбағыс майы 16,1% қымбаттады.

Ірі қалалар тұрғысында ӘМАТ бағасының апта сайынғы ең күшті өсуімі Жезқазған (0,9%), Қостанай (0,4%), сондай-ақ Алматы, Атырау және Тараз (0,2%) қалаларында байқалды. Жылдық динамика бойынша азық-түлік бағасы Жезқазғанда бірден 24,7%, Оралда 21,9%, Алматыда 21,7% қымбаттады.

 

 

ТМД елдері үшін нарықтарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді. Жеткізудегі мерзімді үзілістер көбінесе қолжетімділіктің шектелуіне, бағаның негізсіз өсуіне және соның салдарынан инфляциялық қысымға әкеледі, деп хабарлайды Хабар24. ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ТМД елдерінің мүмкіндіктері де, әлеуеті де бар теңгерімді және өзара тиімді сауда саясаты халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізетінін айтты.