Соның ішінде кинотеатр қызметтері 10%, театр қызметтері бірден 27% қымбаттады

Соның ішінде кинотеатр қызметтері 10%, театр қызметтері бірден 27% қымбаттады

 

Биылғы бірінші жартыжылдықта ҚР-да шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілген қызмет көлемі 27,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 24,4% артық.

Өңірлер бойынша сектордағы қызметтердің ең үлкен көлемі елордада байқалды: 7,4 млрд теңге, былтырғыдан 27,7% көп. Екінші орында Алматы болды: 5,9 млрд теңге, 14,3% көбейген. Үздік үштікке Қарағанды облысы да кірді: 1,8 млрд. Ең аз қызмет көлемі Алматы облысына тиесілі: небәрі 81,6 млн теңге.

 

 

Саладағы ең көп қызмет көлемін театрлар көрсетті: биылғы бірінші жартыжылдықта 13,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 25,6% артық.

Ең танымал қызметтер үштігіне сонымен қатар концерттік қызмет (8,6 млрд теңге, бір жылда 37,4% көбейген) және көркем және әдеби шығармашылық (1,7 млрд теңге, 30,4% азайған) кірді.

 

 

Биылғы қазан айында мәдени-бұқаралық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 14% өсті. Оның ішінде кинотеатр қызметтері 10,1%, ал қазақстандықтар арасында танымал болған театрлардың қызметтері бірден 26,5% қымбаттады.

Өңірлер бойынша мәдени іс-шаралардың барлық түрлеріне бағаның өсуін Ақмола облысының тұрғындары қатты сезінді: былтырғыдан 36,8% қымбаттаған. Одан кейін Түркістан (27,4% қымбаттаған) және Атырау (26,6% қымбаттаған) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Шымкент қаласында тіркелді: 3,9%.

Ақмола облысында кино қызметтері айтарлықтай, бір жылда 50% өсті. Бағаның ең аз өсуі Қызылорда облысында байқалды: 0,2%. Маңғыстау облысында баға өткен жылғы деңгейде сақталса, Шымкентте 2,8% төмендеген.

Театр қызметі Түркістан облысында екі есе қымбаттады. Ең аз жылдық өсім Алматыда тіркелді, соның өзінде 6,5% қымбаттаған. Бес облыста — Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай және Солтүстік Қазақстанда баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Шығыс Қазақстан облысында театр қызметі бірден 20% арзандады.