Шарап өндірісі бір жылда 15% өсті

Шарап өндірісі бір жылда 15% өсті

 

2022 жылдың қаңтар–қазан айларында табиғи жүзім шарабы мен жүзім шырыны өндірісі 24,3 млн литрге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9% артық.

Бұған дейін осы кезеңдегі көрсеткіш екі жыл қатарынан төмендеген, бір жыл бұрын тіпті 38,7% азайған еді.

 

 

ҚР шарап өндірушілері биылғы қаңтар–қыркүйек айларында шарапқа* деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 55,3%-бен салыстырғанда 66% қамтамасыз етті. Өндіріс осы кезеңде 2021 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 1,5 есе жуық өсіп, 18,6 млн литрге жетті. Бұл ретте импорт 5,5% азайып, 9,6 млн литрді құрады.

Шарап экспорты өз кезегінде бірден 54,9 есе өсті, бірақ бұл елеусіз 219,6 мың литр ғана. Ішкі нарықтағы сату көлемі 23,1% өсіп, 28 млн литрді құрады.

* сидр мен жүзім шырынын қоспағанда

 

 

Биыл қарашада Қазақстанда шарап бағасы 0,9% қымбаттады. Баға ең көп сәуір айында өсті: 2,6%.

Жыл басынан бері шарап бірден 14,7% қымбаттады, бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

 

 

Бір жыл ішінде, яғни 2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда ҚР-да шарап орта есеппен 15,3% қымбаттады, бұл да соңғы 7 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Өңірлер бойынша баға айтарлықтай қымбаттаған Абай және Қызылорда облыстарыі: 23,8% қымбаттаған. Одан кейінгі орында Қарағанды (22,2%), Ақтөбе (19,7%) және Түркістан (19,3%) облыстары. Бағаның ең аз өсімі Солтүстік Қазақстан (7,4%), Атырау (8,7%) және Ақмола (8,9%) облыстарында байқалды.