Қазақстанда бұғы мүйізінен түсетін табыс бәсеңдеді
3 февраля 2023
35
Қазақстанда бұғы мүйізінен түсетін табыс бәсеңдеді
Қазақстанда өнеркәсіптік марал өсіру қиын кезеңдерді бастан кешіруде. Экспорттық нарықтардағы бұғы мүйізінің бағасы әлі төмен. Мүйіз сатудан түскен табыстың жартысы бұғы өсіруге кететін шығынды жабады. Шетелдік көрмелерде Қазақстанның ұлттық бренді ретінде көрінетін сала туристердің арқасында ғана өмір сүріп отыр.
Маралдардың мекені биік таулы аймақтар. Оларды неғұрлым табиғи мекеніне жақын жерде асыраса, соғұрлым оның мүйізі құнды болады. Ғалымдар бұғылардың жас мүйізі нағын эликсирі екенін айтады. Қазақстанда мүйіз қанын ішеді, шомылады, одан бальзам жасайды. Мүйіздің өзін қайнатады, кептіреді, одан дәрі-дәрмек, биологиялық белсенді қоспалар дайындайды. Жануарлар үшін олардың мүйізін кесу ауыр келгенімен, онсыз да өмір сүре береді. Қазақстанда марал асырауға ең қолайлы жер — Алтай тауларының Қазақстандағы шығыс беткейі. Бұл Белуха тауының етегіндегі Катонқарағай өңірі.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2021 жылы Қазақстанда шаруа қожалықтарында өсірілген 8,6 мың бас марал тіркелген. Оның 94,4%-ы немесе 8 мыңнан сәл астамы Шығыс Қазақстан облысында. Облыста марал өсірумен айналысатын 18 шаруашылық бар. Олар жылына 5 тонна мүйіз шығарады (республика бойынша барлығы 5,3 тонна). «Катонқарағай бұғы паркі» ЖШС шығыстағы ең ірі шаруашылық. Оны Тамақтану академиясымен бірлесіп «Шығыс» эликсирін жасап шығарған ғалым, Республикалық марал өсірушілер палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаров басқарады. Марал қанынан жасалған бұл биологиялық белсенді қоспа өзінің емдік энергетикалық қасиеті үшін ғарышкер Талғат Мұсабаевтың тамақтану мәзіріне енгізілген.
Өңірдегі басқа да белгілі «Дамир», «Маралды», «Баян», «Патшалар алқабы» шаруа қожалықтары бар. Әр шаруашылықтың өзінің пантемханалары мен қонақ үйлері бар және туристер мен сауықтыру курсынан өткісі келетіндерді шақырады. Соңғы бірнеше жылда облыста марал шаруашылығының өндірістік, шикізаттық бағыттан туризмге көшу байқалуда.
Шаруалар үшін мұндай шешім марал басын аман сақтап, шаруашылықты жалғастырудың бірден-бір жолы. Шикізат кластерінің төмен тиімділігінің негізгі себептерінің бірі мүйіздің экспорттық бағасының төмендігі. Егер 2000 жылдардың басында бұғы мүйізінің бір килосы 1 мың АҚШ долларын құраса, соңғы бес жылда 200–280 АҚШ долларын ғана құрады. Сатып алушылар негізінен Оңтүстік Корея мен Қытай. Марал өсіру шаруашылығының өз шығыны да бар. Оларға тегін жайылым, үлкен қоршау, үстіңгі байыту, жемдеу, іріктеу және т. б. қажет. Бағалы субстрат — пантокринді дұрыс өңдеу үшін жабдық пен жеке шағын өндіріс қажет.
Бұл саланың шикізаттық жағының экономикасын түсінуге статистика көмектеседі. ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, ҚР-да 2021 жылы бұғы мүйізін өндіруге кеткен шығын 144,1 млн теңгені құрады. Көрсеткіш бір жылда аздап (6,8%-ға) азайғанымен, түскен пайдадағы оның үлесі жоғары деңгейде қалды (55,4%).
Осы есепті кезеңде марал шаруашылықтары 260,3 млн теңгеге мүйіз сатты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда (253,9 млн теңге) 2,5% ғана көп. Ал жыл сайынғы инфляцияны, девальвацияны және пандемия дағдарысын ескеретін болсақ, сату өсімінің динамикасы мүлдем теріс болды деп болжауға болады. Сала мамандарының бағалауынша, марал шаруашылығының рентабельділігі 8%–10% аралығында қалып отыр. Осыған орай, Қазақстанда көп жылдар бойы марал шаруашылығы мемлекет тарапынан субсидияланып келді.
Саланың дағдарысқа ұшырағанын марал өсірушілер сонау 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер бөлінген субсидияны бірден төрт рет қысқартқанда — бір аналық басына 41 мыңнан 10 мың теңгеге дейін қысқартқан кезде БАҚ арқылы айта бастады. 2020 жылға дейін бұл сала Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидияланып, пандемияның бірінші жылында мемлекеттік қолдау мәселелері өңірлік деңгейге көшті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтындағы ресми деректер облыс шенеуніктерінің бұл ұлттық брендті қолдауға қалай қарағанын бағалауға мүмкіндік береді. 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен субсидия бұрынғыдай минималды — 10 мың теңге бөлінді, бөлінген субсидияның жалпы көлемі 9 млн теңге. 2021 жылы марал шаруашылығы көмекті қажет ететін салалардың тізіміне мүлдем кірмеді. Өткен жылы субсидия көлемі 30 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
2023 жылға мемлекеттік субсидия көлемін үш есеге, яғни 9,5 млн теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Соңғы үш жылдағы барлық экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыс билігі инфляция мен ұлттық валюта бағамының өзгеруін ескере отырып, қолдау көлемі өзгермеуі керек деп шешті. Сондықтан 2023 жылы тариф өзгеріссіз қалды — бір аналыққа 10 мың теңге. Бұл ретте ақша тек селекциялық-асылдандыру жұмыстарына жұмсалуы керек. Бұрын бұғы бағушыларын бағып-қағуға көмектескен (қоршау салуға, мал сатып алуға, т. б.) басқа қолдаулардың бәрі келмеске кетті.
Марал шаруашылығының даму бағытына қарағанда, шаруалар мемлекеттен көмек күтпейді. Соңғы бірнеше жылда кәсіпкерлер ішкі нарыққа қайта бағдарлануды белсенді түрде бастады. Марал өсірушілерге емделуге келетін, жаңа пантогематоген ішіп, марал қанына шоиылатын туристерге сүйенеді.
Марал өсірушілер туристерді қабылдауды ғана емес, сонымен қатар оларға косметологиядан бастап мүйізді микрокластерге дейін көптеген медициналық қызметтер көрсетуді үйренеді. Ауруханалардың веб-сайттарындағы деректерге қарағанда, ерте маусымда (мүйізді кесу кезінде) 2022 жылы ең ірі марал фермаларында тұру және емдеу құны бір адамға күніне 34–46 мың теңге аралығында болады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6826
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6542
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6392
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6257