Елдегі қылмыс деңгейі жыл сайын азайып келеді

Елдегі қылмыс деңгейі жыл сайын азайып келеді

 

Биыл қаңтар айында елімізде 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан бірден 7,8% аз. Республиканың көптеген өңірлерінде көрсеткіш төмендеді.

Жалпы, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда құқық бұзушылықтар саны бір жылда 0,3% азайып, 157,5 мыңға жетті. Айта кету керек, ҚР-да қылмыс деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3% азайып 157,9 мың, 2020 жылы 33,1% азайып, 162,8 мың, 2019 жылы 16,7% азайып 243,5 мың, 2018 жылы 7,6% азайып, 292,3 мың, 2017 жылы — 12,5% азайыр 316,4 мыңды құрады. Сонымен қатар, қылмыс деңгейінің төмендеу динамикасы пандемияға қарамастан өзгерген жоқ, тек ең қатты локдаун кезінде ғана үдей түсті.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының азаюы, ең алдымен, уәкілетті органдар қабылдаған шаралармен байланысты. Бүгінгі таңда ҚР ІІМ қылмысты жазалаудың орнына қылмыстың алдын алу және ескертуге көбірек көңіл бөледі, бұл, әрине, қайғылы көрсеткіштерді азайту тұрғысынан да, сонымен қатар азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтау үшін маңызды.

Биыл ақпан айында парламентарийлер Ішкі істер министрлігі жанынан құрылған, құқық бұзуды жедел қадағалауға және олардың мақсатты профилактикасын жүргізуге мүмкіндік беретін ахуалдық-талдау орталығының жұмысымен танысты. Еліміздің барлық жерінде «Қорғау» жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық режим өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді. Жаңа бағдарламаның арқасында, мәселен, жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім төмендеді. Хабар24 хабарлағандай, жоба қазірдің өзінде Қазақстанның 12 қаласында сәтті жұмыс істеп жатыр.

 

 

Сонымен қатар, Қазақстан құқық қорғау органдарының қызметін белсенді түрде цифрландыруда. Полицейлердің күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану — мемлекет басшысының ішкі істер органдары алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алуға да, қылмыстарды барынша тиімді ашуға да мүмкіндік береді. Бұл бағытта да айтарлықтай нәтижелер байқалады. Елімізде электронды түрде тіркелген қылмыстық істердің саны артып келеді. Мәселен, биыл қаңтар айында мұндай жағдайлардың саны 12,3 мың бірлікті құрады. Өңірлік тұрғыда көп жағдайда электронды форматта Алматы (2 мың), Астана (1,6 мың) және Алматы облысында (893) тіркелген.

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда электронды форматта 143 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,2% артық. Құқық бұзушылық санының жалпы төмендеуі және қылмыс деңгейінің төмендеуі кезінде электронды форматта есепке алу көрсеткіштері жылдан жылға өсіп келеді: 2018 жылы — 15,2 мың іс, 2019 жылы — 44,6 мың, 2020 жылы — 73,5 мың, 2021 жылы — 122 мың.

Мысалы, қазірдің өзінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 60%-ы автоматты түрде анықталады. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бұл көрсеткіш одан да жоғары: 86%. Ол үшін республика бойынша 18 мыңнан астам стационарлық автоматты камералар қолданылады.

Цифрлық құралдардың арқасында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына көбірек қатысады. Сақшылардың өздерін техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінде әрбір патруль жеке бейнежазбамен жабдықталған. Ал Астана, Алматы және Петропавл қалаларында бейнежетондар арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар заманауи мобильді бейне кешендеріне ауыстырылды.

 

 

Құқық бұзушылықтардың жалпы санынан электронды форматта тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі 2022 жылғы қаңтардағы 85,2%-бен салыстырғанда биыл қаңтарда 92,5%-ға жетті.

Жалпы, былтыр қаңтар–желтоқсан айларында барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде электронды форматта тіркелген құқық бұзушылықтардың үлесі 90,8% болды, 2021 жылы — 77,3%, 2020 жылы — 45,2%, 2019 жылы — 18,3%, 2018 жылы — небәрі 5,2% болған еді.

Цифрлық шешімдерді қолдану полицияның азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін арттырады, деп хабарлайды Polisia.kz. Цифрлық шешімдер жалпы ішкі істер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін де айтарлықтай төмендетеді.