Бірақ қазақстандықтар оған қарамайды — халық қоғамдық тамақтану орындарында ақша жұмсауды көбейтті
19 апреля 2023
25
Бірақ қазақстандықтар оған қарамайды — халық қоғамдық тамақтану орындарында ақша жұмсауды көбейтті
2022 жылы азық-түлік инфляциясының жоғары болуы дәмханалар мен мейрамханалардағы және басқа да қоғамдық тамақтану орындарындағы бағаларға айтарлықтай әсер етті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр желтоқсан айында 2021 жылдың соңғы айымен салыстырғанда азық-түлік бағасының индексі 125,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері бағасының индексі 125,2%-ды құрады. Ұзақ мерзімді динамикаға қарағанда, бұл соңғы бес жылдағы бағаның ең көп өсуі.
Соңғы бес жылдағы сырттан тамақтану бағасының индекстері мен азық-түлік инфляциясының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда бұл екі көрсеткіш осыншалықты жақын бола бермейді, дәлірек айтсақ, тек 2017-2018 жылдары ғана айырмашылық небәрі 0,7 пайыздық тармақ болған. 2019 жылдан 2021 жылға дейін дәмханалар, асханалар мен мейрамханаларда тамақтану бағасы жалпы азық-түлік бағасы сияқты тез өскен жоқ.
Бір қызығы, қоғамдық тамақтанудың экономикалық сегменті, атап айтқанда, асханалардағы түскі ас пен фастфуд ең көп қымбаттады: тиісінше 27,9% және 20,9%. Соңғы бір жылда мейрамханадағы кешкі ас 20,2% қымбаттады.
Дайын азық-түлік бағасының қымбаттауы қазақстандықтардың тұтынушылық әдеттерін өзгерткен жоқ. Ас мәзірі қымбаттаса да отбасының сырттан тамақтануына жұмсаған шығыны бірден 44,8% артты. Орта есеппен 2022 жылы бір қазақстандық отбасы дәмханалар мен мейрамханаларда тамақтануға 50,4 мың теңге жұмсады, 2021 жылы бұл көрсеткіш 34,8 мың теңгені құраған.
Тоқсандық мәліметтерге сүйенсек, қазақтар ауа-райы қолайсыз болған кезде дәмхана мен мейрамханаларға жиі барған. Мәселен, былтыр қаңтар–наурыз айларында орташа отбасының сыртта тамақтануға кететін шығыны бірден 24,2% өсіп, 11,6 мың теңгені құраған. Көрсеткіштің дәл осылай бірден өсуі төртінші тоқсанда да байқалды: ақша жұмсау 25,9% көбейді, бір тоқсандағы шығын 15 мың теңге.
ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мейрамханалар мен фастфуд нүктелерінде тамақтану соншалықты қымбат емес. Бұл туралы мына жерден оқи аласыз.
Былтыр рестораторлар мен дәмхана иелері үшін қиын болды, бірақ 2020 жылғыдай қоғамдық орындарға баруға тыйым салынбады және бизнес бұрынғысынша төмендетілген бөлшек салық мөлшерлемесі бойынша жұмыс істеп тұрды. Пандемия дағдарысынан кейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық 6%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Жеңілдік екі жыл болды. Енді ол уақыт бітті.
Бұл салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер бұрынғы жеңілдетілген мөлшерлемені қоғамдық тамақтандыруға қалдыру керек деп есептейді. Бұл туралы салалық қауымдастықтың басшысы Гүлбана Майғаринаға сілтеме жасап «Атамекен» ҰКП хабарлайды. Палата сарапшылары мұны мүмкін деп санайды, бірақ әзірге бұл ұсыныс мемлекеттік органдардан қолдау тапқан жоқ.
Рестораторлардың экономикалық жағдайы қаншалықты өзгергенін бағалау үшін біз іріктеу арқылы алынған компаниялардан салық шегерімдері туралы деректерді ұсынамыз. Олардың арасында төрт брендтің 90 мейрамханасын, соның ішінде KFC — «Caspian International Restaurants Company» ЖШС-ны басқаратын магнат бар. Салықтарға қарасақ, компания былтыр жақсы нәтиже көрсетті. Компания ҚР бюджетіне шамамен 6 млрд теңге төледі, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34,4% артық.
Бұрынғы көшбасшы «Food Solutions KZ» ЖШС салық төлемдерін екі еседен астамға өсірді. Бұл 2023 жылдың қаңтарында отандық ет өңдеуші компаниялар арасында котлеттердің сертификатталған жеткізушісін таппағандықтан, қазақстандық нарықты тастап кеткен McDonald’s. Соған қарамастан біз бұл компанияны былтырғы нарықтағы ең ірі қатысушылардың бірі ретінде тізімге енгіздік. 2022 жылға төленген салық көлемі 2,5 есе өсіп 1,6 млрд теңгеден асты.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6824
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6541
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6456
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6392
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256