Бұл санаттағы тауарлардың басым бөлігі Қытайдан және Азияның басқа елдерінен әкелінеді
5 мая 2023
49
Бұл санаттағы тауарлардың басым бөлігі Қытайдан және Азияның басқа елдерінен әкелінеді
АҚШ билігі Қазақстанға санкцияланған тауарларды РФ-ға реэкспорттағаны үшін қазақстандық банктерге немесе компанияларға салынуы мүмкін қайталама санкциялардың тәуекелдері туралы тағы да ескертті. Өткен аптада осы мақсатта Астанаға АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг келді. Сондай-ақ ҚР астанасына Еуропалық Одақтың санкциялары бойынша арнайы өкілі Дэвид О’Салливан келіп, Еуропада күдік тудырған Қазақстаннан Ресейге тауар жеткізу көлемін анықтау жұмыстары туралы айтты. Бұл жағдайда әңгіме тек еуропалық өнімдер туралы болды.
Energyprom.kz редакциясы Қазақстанға әкелініп, кейін басқа елдерге сатылатын қосылған құны жоғары өнімдердің тізімін талдап көрді. 2022 жылы есептеуіш және тұрмыстық техниканың 11 өнімінің 8-нің импорты өсті. Кейбірінің импорты айтарлықтай өсті — мысалы, желдеткіш пен сорғыш, сондай-ақ өнеркәсіптік кір жуғыш машина — үш есе дерлік, теледидар қабылдағышы — 44,5% ұлғайды. Тауарлардың көпшілігінің импорт көлемі 12%–15% өсті.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл өсім жалғасып, тіпті күшейе түсті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстан осы кезеңде теледидар қабылдағышы мен электронды есептеуіш машина, сондай-ақ миксерді екі есеге, бейнекамераны үш есе, кір жуғыш машинаны — алты есе көп импорттады.
Бұл ретте, жеткізілімдердің ұлғаюы әрқашан осы тауарларды басқа елдерге реэкспорттауға қатысты емес екенін атап өткен жөн. Статистиканың кейбір санаттары бойынша ішкі нарықта сату көлемінің ұлғаюы байқалады. Мысалы, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында дәл осындай бейнекамералар ҚР аумағында 2022 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда үш есе көп сатылған. Ішкі нарықтағы теледидарларды сатылымы 38,4%, электронды есептеуіш машиналар — 82,8%, әртүрлі тұрмыстық электр механикалық аспаптарды — 70,6% өсті.
Экспортқа келетін болсақ, 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында зерттелген 11 өнім санатының тоғызында экспорт шынымен өсті. Қазақстаннан өнеркәсіптік кір жуғыш машина (бес есе), электр-механикалық тұрмыстық техника, миксер, электротехника (үш есе), теледидар (жеті есе) сияқты тауарларды экспорттаудың физикалық көлемі артты. Тек желдеткіш аен бейнекамера экспорты тиісінше 61% және 96,1% азайды.
Биыл қаңтар-ақпан айдарында барлық дерлік санат бойынша өсім байқалды. Жыл басында Қазақстанда өндірілмейтін тауарлардың реэкспорты шынымен ұлғайды. Рас, импорт пен экспортты бірдей көлемде ұлғаюы тауарлардың үш санатында ғана көрінеді — тұрмыстық кір жуғыш машина, теледидар қабылдағышы және электронды компьютер.
Бір қызығы, Қазақстанға әкелінетін тұрмыстық және компьютерлік техниканың негізгі бөлігі Еуропа мен Америкада өндірілмейді. 2022 жылға арналған осы тауарлар импортының физикалық көлемінде ЕО елдері мен АҚШ өнімдерінің үлесі 5%-ға әрең жетеді. Тек екі тауарлардың кеңейтілген тобында батыс елдерінің үлесі бұл көрсеткіштен жоғары. ЕО елдері мен АҚШ-тың Қазақстан шаңсорғыш импортындағы үлесі 10,4%, интегралды электронды схема импортындағы үлесі — 10,1% құрады. АҚШ-тан жеткізілімдердің физикалық көлемі Еуропамен салыстырғанда өте аз. Қазақстан үшін негізгі еуропалық жеткізушілер Польша, Литва, Германия, Чехия, Ұлыбритания сияқты елдер.
Қазақстанға электрониканың негізгі жеткізушілері Қытай және басқа Азия елдері — Түркия, Вьетнам, Гонконг. Бұл тізімге Қазақстанға электронды тауарлардың едәуір бөлігін сататын Ресейді де қосқан жөн.
Енді Қазақстаннан қайта экспортталатын электрониканы қай елдер жиі сатып алатынын анықтап көрейік. Импорттаушы мемлекеттердің үлесін есептеген кезде біз алушылардың үш санатын анықтадық: РФ, Орталық Азия елдері (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан) және басқа мемлекеттер. Кондиционер, компьютер, шаңсорғыш, бейнекамера, монитор және интегралды электронды схема сияқты тауарлар бойынша Ресей жетекші сатып алушы. Қазақстан экспортының 64%-ы РФ-ға жөнелтіледі. Тоңазытқыш, кір жуғыш машина, телефонға келетін болсақ, олар негізінен көршілес Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Қазақстаннан Ресейге экспортты нақты қарастыратын болсақ, онда 2022 жылы ол барлық позициялар бойынша шынымен өсті, физикалық көлем бірнеше ондаған немесе тіпті жүздеген есе ұлғайды.
Осы жерде айта кететін бір жайт, ҚР кедендік статистикасы бойынша ашық деректер базаларында өндіруші елдің экспортталатын тауарларға меншік құқығы туралы ақпарат жоқ. Егжей-тегжейлі ішкі ақпаратсыз бұл Қазақстан Ресейге еуропалық және американдық жабдықтардың реэкспортын арттырғанын көрсетпейді. Батыс елдерінің импорттағы шағын үлесіне қарап, ешбір санкциялық қаулымен тыйым салынбаған, азиялық шыққан жоғары қосылған құны бар тауарлар экспортының көлемін ұлғайды деп айтуға болады.
Бұған дейін Ranking.kz порталы Қазақстанның жағдайды пайдаланып, геосаяси дағдарыс салдарынан жеткізу тізбегі үзілген елдерге экспортты ұлғайтқанын жазған болатын. Бұл, ең алдымен, кейбір жеткізушілерінен айырылған және қазір оларды ауыстырып жатқан Ресейге қатысты. Дәл осындай мәлімдемені электроника нарығына да жатқызуға болады, онда Қазақстаннан РФ-ға экспорт құрылымындағы елеулі өзгерістер Қазақстанның Ресей нарығындағы өзгерістерге үн қатуы.
Мұны ҚР мен РФ арасындағы кір жуғыш машиналардың сыртқы саудасының мысалы өте жақсы көрсетеді. 2022 жылы Қазақстан бұл өнім экспортын нақты көлемде 22,2 мың есе арттырды. Айырмашылық үлкен сияқты. Бірақ абсолютті сандарды қарастырған кезде, көрсеткіштің айтарлықтай өсуіне 2021 жылғы сатылымның тым төмен болуы себеп. Ол кезде ҚР-дан РФ-ға кір жуғыш машиналардың өте аз көлемі — небәрі 179 кило, ал 2022 жылы — 4,4 мың тоннадан астам экспортталған. Бұл ретте Қазақстанның өзі ресейлік кір жуғыш машиналардың белсенді сатып алушысы. 2021 жылы РФ Қазақстан нарығына осы өнімнің 29,6 мың тоннасын, ал 2022 жылы үштен бірге аз, 19,9 мың тоннаны жеткізген. Яғни, ішкі нарықтағы сұранысты сақтау үшін Ресей экспортын азайтып, Қазақстаннан келетін импортты арттырды.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6823
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6540
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6456
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6391
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256