Ал бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі көбейді

Ал бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі көбейді

 

ҚР-да құрылысқа арналған бетон бұйымдары өндірісі көбейді. Мәселен, 2023 жылғы қаңтар–сәуірде өндіріс 2,6 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар–сәуіріндегіден 7,2% артық.

Бұл ретте бетоннан құрастырмалы құрылыс конструкцияларының өндірісі 3,8%, 286,9 мың тоннаға дейін азайды. Оның үстіне, тауарлық бетон өндірісі де бірден 11,4%, 5,6 млн тоннаға дейін төмендеді.

 

 

Құрылысқа арналған бетон бұйымдарының бағасы 2023 жылдың мамыр айында 12,5% өсті, бір жыл бұрын өсім 7% болған. ҚР өңірлері ішінде сектордағы бағаның ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 13,8%. Одан кейінгі орында Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары: әр облыста 13%-дан.

Баға ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы: 9,4%. Одан кейінгі орында Қызылорда облысы: 12,3%.

 

 

Құрастырмалы бетон құрылыс конструкцияларының бағасы бір жылда 14,9% өсті. Бір жыл бұрын өсім 7,2% болған.

ҚР өңірлері ішінде баға Павлодар облысында 11%-дан Батыс Қазақстан облысында 16,3%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсімі Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында да байқалды: әрқайсысында 15,4%.

 

 

Құрылыста арналған бетон бұйымдарымен салыстырғанда тауарлық бетонның өзі бір жыл ішінде небәрі 0,9% қымбаттаған. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын баға өсімі 5,1% болған.

Бұл ретте тауарлық бетон бағасының ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды: бірден 10,2%. Бағаның айтарлықтай өсімі Жамбыл облысында да байқалды: 9,7%.

ҚР төрт өңірініде бір жылда таурлық бетон арзандады: Шымкентте және Алматыда (тиісінше 14% және 2,2%), сондай-ақ Қарағандыда (1%) және Қостанайда (0,3%). Тағы екі облыста — Абай және Павлодар облыстарында баға өзгерген жоқ.