1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою керек
3 июля 2023
84
Жануарларды чиптеу үшін иелері қалтасынан ақша төлейді
Қазақстанда үй жануарлары мен қараусыз қалған жануарларды есепке алу кеңінен енгізілуде. «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап ит-мысыққа чип имплантациялау немесе белгі салу міндетті. Үй жануарларының басқа түрлерін — сәндік егеуқұйрықтар, аламан немесе ергежейлі шошқаларды тіркеу ерікті. Жүйеге жануар туралы ақпаратты енгізу қазақстандықтар үшін тегін, алайда чип орнату, белгі салу немесе басқа да процедураларды жануар иесі өз қалтасынан төлеуі керек. Мұндай ветеринариялық қызметтерді төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін ғана ерекше жағдай қарастырылған. Ветеринариялық клиникалардың ашық ақпаратына сүйенсек, еліміздің ірі қалаларында чиптеу құны 3,5 мыңнан 8 мың теңгеге дейін ауытқиды.
Міндетті тіркеуді енгізуге дайындық былтырдан бастап белсенді жүргізілуде. Цифрлық экожүйе құрылды — TANBA жануарлар тізілімі бар ұлттық электронды сервис іске қосылды, мемлекеттік және жеке ветеринарлық клиникалардың қызметкерлерін дерекқормен жұмыс істеуге оқыту басталды. Кейбір қалаларда, мысалы, Астанада пилоттық жоба аясында былтырғы 1 қарашадан биылғы 1 қыркүйекке дейін ит-мысықтар тегін чиптелді.
Үй жануарларын есепке алу жұмыстары бұрын да жүргізілген, бірақ ол міндетті емес еді. Адамдар жануарларын шетелге алып шығу үшін немесе олардың қауіпсіздігі үшін өздері чиптеген. Мысалы, иттер қашып кетіп келмей қалғанда тауып алу үшін. Яғни, жоғалған итті тауып алғанжағдайда оның иесін табу оңай болады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, былтыр қыркүйек айының соңында елімізде тіркелген ит пен мысық саны 730,7 мың болған. Оның 83,5%-ы немесе 610,2 мыңы үй жануарлары мен қызметтік иттер болса, 16,5%-ы немесе 120,5 мыңы қаңғыбас жануарлар.
Есепке тіркеу Шымкент, Алматы, Жамбыл және Алматы облыстарында белсенді жүргізілді. Барлық тіркелген үй жануарларының 72,7%-ы осы өңірлерде. Тіркелген жануарлардың санына қарағанда, бұл ірі қалалар мен облыстарда тіркеу жұмыстары бір жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келеді. Есесіне Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында мүлде ешқандай жануардың тіркелмеуі өңірлердің жаңашылдыққа дайын еместігіен көрсетеді. Бұл мәліметті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті былтыр 29 қыркүйекте жариялаған және содан бері жаңартылмаған.
TANBA жүйесінде тіркелген жануарлардың ұлттық тізіліміндегі ағымдағы ақпаратқа қарағанда, дей тұрғанмен, аталған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары тарапынан жұмыс басталып кетті. 27 маусымдағы жағдай бойынша, 105,1 мың жануардың чиптелгені туралы ақпарат TANBA деректер базасына енгізілген. Оның 2,6 мыңы Ақтөбе облысында, 492-сі Шығыс Қазақстанда, 57-сі Павлодарда тіркелген. Тізілімдегілердің басым бөлігін алматылықтардың үй жануарлары құрайды: оңтүстік астананың ветеринарлық клиникаларында 86,4 мың бас жануар туралы мәлімет енгізілген.
Тізілімде тіркелгендердің негізгі бөлігі ит пен мысық. Мәліметтер қорындағы ерекше үй жануарларының ішінде тек екі қоян, бір күзен және Бублик атты бергштрессер книрт тұқымды ергежейлі шошқа бар. Жүйе тек статистиканы ғана емес, сонымен қатар басқа да мәліметтерді — жануардың атауын, тұқымын, төлқұжат нөмірін, жануардың сәйкестендіру нөмірін, вакцинация және зарарсыздандыру туралы ақпаратты көрсетеді. Меншік иелерінің тегі мен байланысы рұқсат құқығы бар келушілерге ғана (ветеринарлар, панажай қызметкерлері және т.б.) қолжетімді.
Заңның аты айтып тұрғандай, жаңашылдықтардың басты мақсаты — үй жануарларына қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарау, оларды көшеге тастамай, қатыгездікке жол бермеу. Бұзушылықтар жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Заңға тәуелді актілерді, атап айтқанда Үй жануарларын есепке алу ережесін қоғамдық талқылау барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары мәліметтер базасына енгізбеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жауапкершілік қарастырылғанын айтты. ӘҚБтК-нің 407-2-бабына (1-т. 2-т.) сәйкес, жеке тұлғалардың ережелерді бұзуы 10 АЕК (2023 жылы — 34,5 мың теңге), заңды тұлғаларға — 30 АЕК (103,5 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Заң жобасының бастамашылары жануарларды қорғау ұйымдары. Олар көп жылдар бойы Қазақстанның өркениетті елдер қатарына өтуіне жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, әрбір жануар иесі өз жануарына жауап беріп, ал қаңғыбас иттермен күрес бас салып ату дегенді білдірмейді.
Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу, шын мәнінде, заң шығарушылардың алға қойған басты міндеттерінің бірі. Өйткені қаңғыбас иттердің көбеюіне бұрынғы иелерінің жауапсыздығы себеп. Енді ұстау кезінде көшедегі мысық немесе иттен чип табылса, иесі табылып, айыппұл салынады. Қазақстан ұстанатын жаңа гуманистік бағыт — ұсталған иттерді өлтіру емес, оларды зарарсыздандыру, чиптеу және босату. Жоспарда — жануарларға жаңа ие табатын уақытша мекен және панажай салу.
Бұл жұмыс әлі бастапқы кезеңде. ЭТРМ мәліметінше, былтыр тоғыз айда еліміздің қалаларында 178,3 мың ит пен мысық ауланған, олардың көпшілігі панасыз қалған. Оның ішінде жануарлардың 75,4%-ы немесе 134,4 мыңы өлтірілген. Небәрі 4,8 мың қаңғыбас жануар егіліп, зарарсыздандырылып, босатылды, бұл небәрі 2,7%.
Жалпы, былтырқаңғыбас жануарларды реттеу мәселелерін шешуге өңірлер жергілікті бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлді. Қаражаттың басым бөлігі жануарларды ұстауға жұмсалды — 1,6 млрд теңге. 20 өңірдің сегізі ғана зарарсыздандыруға ақша бөлді. Жануарларды ветеринарлық клиникаға тіркеуге қазынадан 8,5 млн теңге ғана төленген.
Ұзақ мерзімді жобалар — панажай ме уақытша мекен құрылысы мемлекетке 215 млн теңгеге түседі.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10460
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6694
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6656
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6451
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6442
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6408
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6358
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6351
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6344
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6337
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6329
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6291
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6266
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6250
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6250