Диван, асүй жиһазы мен шкаф: қазақстандықтарда жиһаз бен тұрмыстық заттар жеткілікті ме?

Жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда 20% қымбаттады

 

ҚР СЖРА ҰСБ зерттеуіне сәйкес, 2022 жылы Қазақстандағы сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарының 90,2%-да жұмсақ жиһаз жиынтығы, 80,6%-да — жатын жиһазының жиынтығы, 94,4%-да — асүй жиһазының жиынтығы, 97%-да — кілем (төсеніш), 3,4%-да — өнер туындылары, 36,7%-да — басқа да жиһаздар мен тұрмыстық заттар бар.

Елді мекен бойынша қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда жұмсақ жиһаздармен (қалада 91,8%, ауылда 87%), ас үй жиһазымен (95,2% және 92,7%), өнер нысандарымен (3,5% және 3,4%) жақсы қамтамасыз етілген. Ал ауыл тұрғындары жатын бөлмелері жиһазымен (қалада 77,6%, ауылда 86,8%), сондай-ақ кілемдермен және төсеніштермен (99,1% және 96%) жақсырақ қамтамасыз етілген.

 

 

Өңірлер бойынша Алматы қаласының отбасылары жұмсақ жиһазбен жақсы қамтамасыз етілген (99,4%), ең нашары Маңғыстау облысында (53,6%).

Жатын бөлмені жиһазбен қамтамасыз ету бойынша Алматы облысы (98,6%) көш бастап тұр, ал ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында (43,2% ғана) тіркелген.

Асүй жиһаздары бірден үш аймақта — Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында шаруашылықтармен толықтай (100%) жабдықталған. Ең төменгі орынды Түркістан облысы иеленді (86,8%).

Өнер туындылары көбіне Ақтөбе облысының отбасыларында кездеседі: бірден үй шаруашылығының 16,6%-ы. Ең әлсіз көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында (бар болғаны 0,7%) байқалады.

Атырау, Алматы және Жетісу облыстарындағы отбасылар 100% кілем және төсенішпен қамтамасыз етілген. Ең төменгі көрсеткіш Қарағанды облысында (93,3%) тіркелді.

 

 

Биыл қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер ас үй жиһазына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 45,5%-дың орнына 64,8% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 35,2%-ды құрады. Ескерту: бұл ретте тиісті кезеңде өндіріс бір жылда 28,4%, небәрі 28,1 мың өнімге дейін қысқарды. Ресурстардағы отандық өндірістің үлесі тек жиһаз импорты шығарылатын өнімнен әлдеқайда азайғандықтан ғана өсті: 67,5%, 15,3 мыңға дейін.

Ішкі нарықта ас үй жиһазы сатылымы 43,3 мың бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 49,6% аз. Секторда іс жүзінде экспорт жоқ: төрт айда сыртқы нарыққа 36 бірлік жіберілді. Бір жыл бұрын 352 болған.

Жатын бөлме, асүй және қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаздарында жағдай бұдан да нашар: жергілікті компаниялар сұраныстың тек 13,7%-ын қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 7,9% болған. Төрт айда өндіріс 6,2%, 24,1 мың тауарға дейін төмендеді. Импорт 49% азайып, 151,8 мың бірлікті құрады.

Ішкі нарықта сатылым 174,6 мыңды құрап, бір жыл бұрынғыдан 45,9% азайды. Бір жыл бұрынғы 368 өніммен салыстырғанда 1,3 мың өнім экспортқа жөнелтілді.

 

 

Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша, жиһаз және тұрмыстық заттар бір айда 2,6%, бір жылда 20,3% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең көп жылдық баға өсімі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында тіркелді: тиісінше 41,8%, 33,1% және 31,5%.

Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау (4,3%), Павлодар (7,7%) және Ұлытау (10,6%) облыстарында байқалды.