Тек Қырғызстанда ғана баға біздегіден көп қымбаттады
14 июля 2023
18
Тек Қырғызстанда ғана баға біздегіден көп қымбаттады
Дәрі-дәрмектің қымбаттауы бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта жетекші орынға ие. Елімізде мамырда дәрі-дәрмек бір жылда 11% қымбаттады, ал ЕАЭО елдерінде бұл көрсеткіш орташа есеппен 4,2%. Бірінші орында 16,1%-бен Қырғызстан тұр. Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізуші Ресей мен Беларусь елдерінде бағаның өсуі соншалықты байқалмады. Онда фармацевтикалық өнімдер бағасы тиісінше 3% және 0,8% өсті. Мұндай мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
2022 жылы да осындай жағдай болды: фармацевтикалық өнімдерге баға динамикасы бойынша Қазақстан одақта екінші орынға шықты. ЕАЭО елдерінде бірдей дәрі құны неге әр түрлі екенін түсіну үшін ЕЭК сарапшылары былтыр егжей-тегжейлі зерттеу жүргізді. Қазақстанда 50 дәрінің 30-ның бағасы Ресейге қарағанда жоғары болып шықты. Айырмашылық аз болуы мүмкін — 9% шегінде, ал кейбір дәрілер үшін ол 310%-ға жетті. Одақтың біртұтас фармацевтикалық нарығындағы мұндай диспропорцияның себебі — елдердегі мемлекеттік бағаны реттеу әдістерінің әртүрлілігі. Дәрілік заттардың құнын бақылау Армениядан басқа ЕАЭО-ның барлық елдерінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, одаққа мүше қалған төрт елде бағасы реттелетін дәрілердің талаптары мен тізімі әртүрлі және көптеген түрлі факторларға байланысты.
Мысалы, Қазақстанда шекті баға белгіленетін дәрілік заттардың тізбесі 6 мыңнан астам пунктен тұрады (дәрілік заттардың әртүрлі дозаларын ескергенде). Биылдан бастап еліміз бағаны реттеу бағытын ұстанды. Яғни, бірте-бірте, бірнеше жыл ішінде мемлекет бақылауындағы дәрілердің тізімі қысқарады.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, биыл 10 қаңтардан бастап бөлшек саудада 376 дәрі-дәрмектің бағасы реттелмейді. Бұл әр түрлі витаминдер, гомеопатиялық препараттар, қарапайым ауруларды емдеуге арналған дәрілер. 2023-2024 жылдары рецептсіз берілетін басқа да дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудасын реттеу, ал 2024-2025 жылдары рецепт бойынша берілетін дәрілік препараттарды реттеу жойылады. Нәтижесінде, 2026 жылға қарай Қазақстанда мемлекеттік реттеу кепілдендірілген медициналық көмек пен МӘМС жүйесі аясында ауруханалар үшін сатып алынатын дәрілік заттарға ғана қатысты болады.
Мемлекет бағаны жіберген кезде дәріханалардағы баға қалай өзгеретіні кейін белгілі болады. Бұл ретте реттеу дәрі-дәрмек бағасын орташа инфляция деңгейінен төмен ұстауға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстанда биыл мамырда тауарлар мен қызметтер 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда орта есеппен 15,9% өсті (еске сала кетейік: дәрі-дәрмек — 11% қымбаттады).
Былтырғы фармацевтикалық өнімдер бағасының динамикасына сүйенетін болсақ, 2022 жылдың мамыр айынан бастап биыл ақпан айына дейін өсу қарқынының артуы байқалды. Ай сайын көрсеткіш 0,3-2 пайыздық тармаққа өсті. Бағаның ең елеулі өсімі қаңтар-ақпан айларында болды — жылдық мәнде 13,6% (яғни, 2022 жылдың қаңтар және ақпан айларымен салыстырғанда). Көктемнен бері жағдай өзгерді. Наурыздан бастап статистика дәрі-дәрмек құнының өсу қарқынының бәсеңдеген.
Жалпы дәрі-дәрмектің құны 11% қымбаттағанымен, жекелеген кей дәрі-дәрмсек түрі бұдан да қатты қымбаттады. Бағаларын ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мамандары қадағалайтын 30 фармацевтикалық өнімнің тізімінде бағаның үштен біріне жуығы әлдеқайда қымбаттады.
Мысалы, антипиретикалық парацетамол және ацетилсалицил қышқылы сәйкесінше 43,3% және 16,2%, қақырық түсіретін амброксол және «Бронхикум-С» — 22,9% және 12%, антибиотик азитромицин — 12,7% қымбаттады. Бағасы көтерілмеген, бірақ тіпті төмендеген тізімдегі жалғыз дәрі — бүйрек ауруларын емдеуге арналған «Канефрон Н» болды: статистика бойынша 5,3% арзандады.
Қазақстан отандық фармацевтика өнеркәсібінің белсенді дамуына қарамастан, көптеген дәрілік заттар бойынша импортқа тәуелді. Мұны дәріханалардағы шетелдік дәрі-дәрмектердің ассортименті бойынша ғана емес, сонымен қатар кепілдендірілген медициналық көмек жүйесіне арналған дәрілік заттарды сатып алу құрылымы бойынша да бағалауға болады. Мысал ретінде былтырғы бірінші жартыжылдықтағы ТМККК жүйесі бойынша фармацевтикалық өнімдерді мемлекеттік сатып алу көрсеткіштерін келтіруге болады. Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» сайтының мәліметінше, отандық фармацевтикалық компаниялардың елдегі ауруханаларға дәрі-дәрмек сатып алудағы үлесі небәрі 33%-ды құраған. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін алғашқы 10 елдің қатарына Германия, Швейцария, Франция, Ирландия және т. б. кірді.
Кедендік статистикаға сүйенсек, Қазақстанға дәрі-дәрмектің ең ірі импортшысы Ресей. Биыл қаңтар-сәуір айларында импорттың жалпы физикалық көлеміндегі ресейлік жеткізілімдердің үлесі 21%-ды құрады: РФ-дан 26,2 млн АҚШ долларына екі мың тоннадан астам дәрі-дәрмек әкелінді. Қытай жеткізілім бойынша екінші орында, ол жақтан 1,8 мың тонна фармацевтикалық өнім жеткізілді. Елдің үлесі 19%. Барлығы қаңтар-сәуірде ҚР-ға жалпы сомасы 456,7 млн АҚШ долларын құрайтын 9,8 мың тонна таблеткалар, дәрілік заттар мен фармацевтикалық ерітінділер әкелінді.
Жеткізу құны бойынша Қазақстан үшін дәрі-дәрмектің негізгі жеткізушілері Германия мен Үндістан. Биылғы төрт айда олар елімізге 124,5 млн АҚШ долларын құрайтын дәрі-дәрмек әкелген. Бұл қазақстандық фармацевтикалық импорттың үштен бірі.
Дәрілік заттардың сыртқы саудасы туралы мәліметтер Қазақстанда осы тауарлардың импорт құрылымы өзгеріп отырғанын көрсетеді. 2022 жылы да, биылғы жылдың қаңтар–сәуірінде де Ресейден жеткізілімдердің азаюы және Қытай, Франция, Беларусь және Польшадан жеткізілімдердің артуы байқалады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10498
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6822
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6538
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6455
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6454
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6391
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256