Ата-аналарға жағымсыз жаңалық: ҚР-да бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары 45% қымбаттады

Білім беру қызметі де 13% қымбаттады

 

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады. Соның ішінде кітаптар 15%, оның ішінде шет тілінің сөздіктері 15% қымбаттады; Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы — 99,6%, мектеп дәптері — 77,2%, сурет дәптері — 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы — 41,9%, шар қалам — 38,6% қымбаттады.

Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қатты елордада қымбаттады: бір жылда 76,2%. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады.

 

 

Білім беруге келетін болсақ, 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, баға бір жылда 13% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі — 10,4%, орта білім — 8,3%, кәсіптік орта білім — 18,7%, жоғары білім — 14,4%, ересектерге арналған білім — 16% қымбаттады.

Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: 26,3%. Одан кейін Қостанай (26,2%) және Ұлытау (25,9%) облыстары. Ал баға ең аз өскен өңір Жетісу облысы: бар болғаны 1,5%.

 

 

2022 жылы ҚР-дағы үй шаруашылықтары, ресми мәлімет бойынша, білім беруге орта есеппен 60,9 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 50,5% артық.

Шығындардың басым бөлігі мектепке дейінгі білімге жұмсалды: бір үй шаруашылығына орташа есеппен 19,7 мың теңге, өсім 25%. Бастауыш білімге — 1,4 мың теңге, жалпы орта білімге — 4,2 мың теңге, жоғары білімге — 10,7 мың теңге, ересектерге арналған білімге — 1,2 мың теңге жұмсалды. Сонымен қатар, 6,7 мың теңге тамаққа, 3 мың теңге жолақыға, т. б.

Газет, кітап және кеңсе тауарларына жұмсалған қаражатқа келетін болсақ, ресми статистика бойынша, былтыр әр отбасы 8 мың теңге жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 45,6% артық. Мұнда ең көп шығын Қызылорда облысында байқалды: 11,3 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласы (11,1 мың теңге) мен Қарағанды облысы (10 мың теңге) келеді. Ең төменгі көрсеткіштер Абай ауданында тіркелді: бір жылда бір үй шаруашылығына небәрі 4,1 мың теңге.