Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандап жатыр: қыркүйектің үш аптасында баға 0,3% төмендеді

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда баға 6% өскен

 

2023 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы осы айдың басымен салыстырғанда 0,3% төмендеді. Жыл басымен салыстыратын болсақ, бұл тауарлар 3,2%, ал былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6% қымбаттаған.

Ай басынан бері ұн, рожки, қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, тұз арзандады. Күріш, май, сиыр еті, тауық еті, сүт, сүзбе, жұмыртқа қымбаттады. Нан мен айран бағасы өзгерген жоқ.

 

 

Толық аяқталған айдың көрсеткіштерін қарастыратын болсақ, онда биыл тамыз айының соңында азық-түлік тауарларының бағасы жалпы барлық санат бойынша бір айда өзгерген жоқ, жыл басынан бері 5,9% өсті. Ал бір жылда, яғни 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамика бойынша еліміздің 20 өңірінің 9-да баға өсті, 3 өңірде бұрынғы деңгейде қалды, ал 8 өңірде төмендеді. Бағаның ең көп айлық өсуі Ақмола облысында (0,9%), ең көп айлық төмендеуі Ақтөбе облысында (0,8%) байқалды.

Жыл басынан бері бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (9,2%), ең азы Шымкентте (3,1%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі елордада тіркелді: 16,2%. Одан кейін Ұлытау (16,1%) және Қызылорда (14,3%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Шымкент қаласында байқалды: 9,7%.

 

 

Өсімдік өнімдердің ішінде жаңа піскен жемістер бір айда 0,9%, бір жылда 14,4% қымбаттады; жаңа піскен көкөністер, керісінше, бір айда 6,1% арзандады, бірақ жылдық динамикада бір жылда 12,3% қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша апельсин — 21,6%, кептірілген өрік — 18,1%, алма — 14,8%, лимон — 10,3%, банан — 5,1% қымбаттады. Құнына келетін болсақ, республика бойынша алма орташа есеппен келісіне 627 теңге, банан — 730 теңге, апельсин — 1 мың теңге, лимон — 1,3 мың теңге, кептірілген өрік — 4,2 мың теңге.

Бұл ретте бір жылда қырыққабат 67,2%, қызанақ 15,4%, қияр 6,8%, сәбіз 6,5% қымбаттады. Картоп (0,3%), қызылша (0,9%) және пияз (10,8%) арзандады.

 

 

Сүт өнімдері бір айда 0,4%, бір жылда 18,4% қымбаттады. Оның ішінде, ішетін сүт бір айда 0,6%, бір жылда 21,9%, сүт консервілері бір айда 1,1%, бір жылда 31,8%, ашытылған сүт өнімдері бір айда 0,1%, бір жылда 18,3%-ға қымбаттады. Майлылығы 2,5% пастерленген сүттің литрі 374 теңге, майлылығы 3,2%–4% пастерленген сүт — 466 теңге, майлылығы 2,5% айран — 413 теңге, қаймақ — 1,9 мың теңге, сүзбе — 2,1 мың теңге, қатты ірімшік — 4,9 мың теңге.

Ет және ет өнімдері бір айда 0,5%, бір жылда 10,1% қымбаттады. Жылдық динамикада ет пен құс еті бағасы 9,6%, шұжық өнімдері — 12,1%, ет өнімдері — 10% қымбаттаған. Сиыр етінің килосы орта есеппен 2,6 мың теңге, қой еті 2,8 мың теңге, шошқа еті 2,2 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңге. Тауық етінің килосы 1,4 мың теңге, пісірілген шұжық 2,8 мың теңге, жартылай ысталған шұжық 3,3 мың теңге.

10 жұмыртқа 455 теңгеге сатылады, бұл 2022 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 18,7% қымбат.

 

 

Нан өнімдері мен жарманың ішінде бір жылда ұн 2,8%, нан 7,3%, макарон өнімдері 17,3% қымбаттады. Дәнді дақылдар, керісінше, 3,9% арзандады.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның килосы 366 теңге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан — 196 теңге, қара бидай мен бидай ұнынан жасалған нан — 449 теңге. Жоғары сұрыпты ұнның құны орташа есеппен килосына 367 теңге, бірінші сұрыпты ұн — 230 теңге. Макарон өнімдерінің ішінде кеспенің килосы орташа есеппен 1,2 мың теңге, рожки — 587 теңге, вермишель — 588 теңге.

Жарма ішінде жылдық динамикада күріш бір жылда 42,6%, 630 теңгеге дейін, манна — 15,3%, 492 теңгеге дейін, сұлы — 15,1%, 664 теңгеге дейін, арпа — 12,5%, 373 теңгеге дейін, тары — 9,4%, 507 теңгеге дейін қымбаттады, Қарақұмық, керісінше, 14% арзандап, килосы 596 теңге болды.