Елдегі орналастыру орындарының ішінде 116 балалар лагері жұмыс істеді

Елдегі орналастыру орындарының ішінде 116 балалар лагері жұмыс істеді

 

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 116 балалар лагері жұмыс істеді, былтыр 114* болған. Олардың саны бір жылда небәрі 1,8% өсті.

Өңірлер бойынша ең көп балалар лагерлері Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан: әр өңірде 15 мекеме.

Бұдан әрі Солтүстік Қазақстан (11 балалар лагері), Жамбыл (9) және Түркістан (9) облыстары. Алматыда ең аз: бір мегаполиске жалғыз мекеме.

Сонымен қатар, Атырау және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Астанада бірде-бір балалар лагері жоқ.

* Нақтылайық: бұл материалда тек «орналастыру орны» ұғымына жататын балалар лагерлері, яғни келушілерді орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстар ескерілді. Мысалы, мектеп жанындағы лагерьлер бұл санатқа кірмейді.

 

 

Бұл 116 балалар лагерінде 4,4 мың нөмір жұмыс істеді — бұл былтырғымен салыстырғанда 4,8% көп. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл нөмірлер 38,3 мың рет тапсырылды, көрсеткіш бір жылда бірден 24,5% көбейді. Нөмірлердің бір жолғы сыйымдылығы 25,7 мың төсек-орынды құрады, бір жылда іс жүзінде өзгеріссіз — бар болғаны 1,9% көбейген.

Жарты жылда балалар лагерлеріне 33,5 мың адам келді — бұл былтырғымен салыстырғанда 26,4% көп. Көрсетілген қызмет көлемі 1,2 млрд теңгені құрады — былтырғы қаңтар-маусымындағыдан 24,8% артық.

 

 

Ақмола облысының балалар лагерлерінде ең көп келушілер болды: 13,6 мың адам — былтырғымен салыстырғанда 28,8% көп.

Одан кейін Қызылорда (3,6 мың адам), Ақтөбе (3 мың адам), Жамбыл (2,4 мың адам) және Шығыс Қазақстан (2 мың адам) облыстары.

Шымкенттегі балалар лагерлеріне келушілердің саны аз болды: бір жыл бұрын 875 адам болса, биыл 200 адам.

 

 

Биыл еліміздің балалар лагерінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz. Бос алкоголь бөтелкелері, темекі қораптары, самогон құрылғысы, асүйде егеуқұйрық уы, тіпті пневматикалық қару табылды. Осы деректер бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда барлық үлгідегі 236 мемлекеттік балалар лагері бар. Әр түрлі себептермен биыл олардың тек 118-і ғана жұмыс істеді. Қалған 100 лагерь жеке меншікте.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий бар. 2023 жылы ол 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды, сондықтан төрт жыл бойы жеке балалар лагерлерінде жоспарлы тексерулер жүргізілмеді. Жоспардан тыс тексеру үшін тек өмір мен денсаулыққа қауіп төнген болуы керек. Яғни, қазір кез-келген адам лагерь ашып, жұмыс істей алады, ал жергілікті атқарушы органдар одан хабары да болмауы мүмкін. Жоғарыда аталған істерден кейін тиісті министрлік мораторийді жойып, лагерлерді лицензиялау туралы ұсыныс жасады.