Республикаға дәрі-дәрмек импорты физикалық түрде 9% көбейді, алайда ақшалай 3% азайды

Республикаға дәрі-дәрмек импорты физикалық түрде 9% көбейді, алайда ақшалай 3% азайды

 

2023 жылы қаңтар–тамызда елімізде 96,3 млрд теңгеге фармацевтикалық өнім өндірілді — бұл былтырғымен салыстырғанда ақшалай мәнде 8,3%аз. ӨӨИ — 94,7% (яғни өндірістің нақты көлемі 5,3% азайған).

Оның ішінде негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 4 млрд теңге (бір жылда ақшалай 69,2% көбейген), фармацевтикалық препарат пен медициналық материал өндірісі — 92,3 млрд теңге (10,1% азайған) болды.

Өңірлер бойынша Шымкент ең алда: 29,7 млрд теңге, бір жылда 21,8% азайған. Одан кейін Алматы облысы (27,8 млрд теңге, бір жылда 1,4% көбейген) және Алматы (17,3 млрд теңге, 27% көбейген).

 

 

Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, елге 791,8 млн АҚШ долларына 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорт өсімі заттай 8,8% көбейсе, ақшалай 2,5% азайған.

ТМД елдерінен 72,1 млн АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна — былтырғымен салыстырғанда 5,7% аз. Одан бөлек Беларусь пен Украина* да Қазақстанға айтарлықтай көлемде дәрі-дәрмек сатты.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ долларына 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Мұнда Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Қытай: 2,3 мың тонна дәрі-дәрмек — былтырғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда 15,5% артық. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

 

 

Биыл қыркүйекте дәрі-дәрмектерге, емдік жабдықтар мен құрылғылар бір жылда 12,4% қымбаттады.

Өңірлер бойынша Ақмола облысында бір жылда 22,3% қымбаттады. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (20,3% көбейген) және Алматы (17,1% көбейген). Түркістан облысында жылдық бағаның өсімі ең төмен: 5%.