Өндірістің артуы, локализацияның көбеюі және жаңа зауыттар: ҚР автоөнеркәсібі қалай дамып жатыр?
16 октября 2023
278
Өндірістің артуы, локализацияның көбеюі және жаңа зауыттар: ҚР автоөнеркәсібі қалай дамып жатыр?
Қазақстандағы машина жасау өнім шығару бойынша да, әлеуметтік маңызы жағынан да өңдеу сегментінің локомотивіне айналуда. Мәселен, биыл қаңтар–тамызда машина жасаудағы өнім көлемі құндық мәнде 2,6 трлн теңгені құрады, бұл еліміздің өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы өнім көлемінің 19%-ға жуығын және өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 9%-ын құрайды.
Республиканың машина жасау өнеркәсібінде өндірілген өнімнің жартысына жуығын қазақстандық автокөлік өнеркәсібі қамтамасыз етеді: сегіз айда 1,2 трлн теңге, құндық мәнде 66,7%, нақты мәнде 41,4% өсті. Салыстыру үшін: жалпы өңдеу өнеркәсібінде нақты өндіріс өсімі небәрі 3,1%-ды құрады. Осылайша, автоөнеркәсіп Қазақстандағы шикізаттық емес саланы дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналды.
Сонымен қатар, машина жасау өңдеу өнеркәсібіндегі қызметкерлер тізімінің 22%-ын және нақты санының 22,2%-ын қамтамасыз етеді. Автокөлік өнеркәсібінде биыл екінші тоқсан қорытындысы бойынша, қызметкерлер тізімі 5,7 мың адамды құрады (бір жылда 28,8% және бес жылда бірден 2,8 есе көбейген), қызметкерлердің нақты саны 5,5 мың адамды құрады (бір жылда 27,4% және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе көбейген).
ҚР автокөлік өнеркәсібі өнімінің негізгі көлемі (88%) Қостанай облысында (Allur) және Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty) шоғырланған: тиісінше 596,6 млрд теңге және 418,8 млрд теңге. Тағы 55 млрд теңгені Қарағанды облысындағы, 39,6 млрд теңгені Абай облысыдағы, 37,4 млрд теңгені Ақмола облысындағы, 9,1 млрд теңгені басқа өңірдегі өндірушілер қамтамасыз еткен.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 21 шілдесінде Қазақстанда жаңа мамандандырылған ұйым — «Қазақстан Автокөлік Одағы» (ҚАО) ЗТБ құрылды. Бұл коммерциялық емес құрылым барлық негізгі салалық ұйымдарды — Автокөлік өндірушілері қауымдастығы, Автокөлік бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы, Қоғамдық көлік қауымдастығы, Импорттаушылар қауымдастығы, Дилерлер қауымдастығы, Пайдаланылған автокөліктерді сату қауымдастығы, Автосарапшылар мен аудиторлар қауымдастығын біріктіреді.
ҚАО мақсаттары қазақстандық автокөліктерді тұтынушыларға арзанырақ және қолжетімді ету, автокөлік өнеркәсібін дамыту және шағын және орта бизнестің автокомпоненттер өндірісін автокөлік өнеркәсібіне біріктіру үшін өнеркәсіптік кооперацияны құру, сондай-ақ жалпы индустриалды Қазақстанның дамуына ықпал ету: жаңа жұмыс орындарын құру, жұмысшыларды күшейту, серіктестермен, бақылаушы органдармен және тиісті құрылымдармен өзара әрекеттесу, өндірушілер, бизнес және қоғам арасында байланыс орнату, автокөлік нарығы туралы уақтылы және ашық ақпарат беру.
Бүгінде қазақстандық автоөндірушілер локализация деңгейін көбейтуге ден қойды. Айталық, «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы — Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты шағын түйін әдісімен Hyundai Accent және Tucson модельдерін шығарады, ал 2027 жылға қарай шағын түйін өндірісін 100%-ға жеткізу міндеті тұр. Жалпы көлемі жылына 50 мың автокөлік болмақ. Сонымен қатар, локализацияны тереңдету және кластерлік экономиканы дамыту аясында «Астана Моторс» Алматыда мультимедиялық жүйелерді, автоорындықтарды, полиуретанды төсеніштерді, қалқан төсенішті және балшық қалқаны өндіріс кешенін салуда.
Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап Алматыда «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» мультибрендті зауытында қытайлық Chery, Haval және Changan маркалы автокөліктерді шығаруды бастау жоспарлануда. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 90 мың автокөлікті құрайды, барлық көлемі дәнекерлеу және сырлау арқылы шағын түйін әдісімен шығарылады.
Сонымен қатар, Allur оңтүстіккореялық Kia Corporation өндірушісімен бірлесіп Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын жаңа зауыт салады. Зауыт аумағы 83,5 мың шаршы метрден асады. Жобаға инвестиция көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыс биыл басталып, 2025 жылдың маусымына дейін толық өндірістік циклді іске қосу жоспарлануда.
Локализациялау деңгейiн арттыру жаңа бiлiктi жұмыс орындарын құруға және сала кәсiпорындарының өндiрiс қуаты мен салық шегерiмдерiн ұлғайтуға әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар ҚР-ның барлық автокөлiктерi үшiн де пайдалы: локализациялаудың арқасында автокөлік бағасы төмендейді.
Бұл арада өндірушілер жаңа рекордтар орнатуда. Мәселен, биыл сегіз айда ҚР-да 97,3 мың көлік құралы (41,4% көбейген) шығарылды, оның ішінде 88,5 мыңы жеңіл автокөлік (41,5% көбейген).
Зауыттар арасында Қостанайда (Allur) — 57,8 мың (бір жылда 35,8% көбейген) техника, Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) — 34,3 мың (50,4% көбейген) жеңіл және коммерциялық көлік, Семейде («СемАЗ», Daewoo Bus Kazakhstan) — 2,6 мың (75,5% көбейген) коммерциялық техника, Қарағанды облысында (QazTehna) — 803 автобус, Көкшетауда («КАМАЗ-Инжиниринг») — 776 коммерциялық техника өндірілді.
Көлік нарығына келетін болсақ, мұндағы көрсеткіштер де өте оптимистік. Биыл сегіз айда қазақстандық дилерлер 120,3 мың көлік сатқан (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5% көбейген).
Сату көлемі бойынша ҚР-да шығарылған жетекші брендтер: Hyundai (31,4 мың автокөлік, бір жылда 76,4% көбейген), Chevrolet (28,8 мың автокөлік, 40,4% көбейген) және Kia (16,4 мың автокөлік, бірден 95,3% көбейген).
Chery дилерлері 7 мыңға жуық автокөлік сатты, бір жылда көрсеткіш 3,7 есе көбейді. Ең көп сатылатын бес брендтің соңғысы Toyota: 5,7 мың автокөлік (11,1% азайған).
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10497
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6816
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6731
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6528
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6454
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6452
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6389
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6380
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6377
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6368
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6337
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6315
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6272
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6261
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6253