Қазақстан нарығы оң көрсеткішті сақтап отыр: былтырғыдан 9% өсім бар
25 Тамыз 2022
18
Қазақстан нарығы оң көрсеткішті сақтап отыр: былтырғыдан 9% өсім бар
Осы жылдың шілде айында LMC Automotive мәліметтері бойынша, әлемде жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылымы 6,9 млн дананы құрады, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,8% көп. Дегенмен, өсім Қытайдың арқасында мүмкін болып отыр. Сатылымның үштен бірі Қытайға тиесілі: шілдеде 2,5 млн-ға жуық жаңа автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылды, көрсеткіш өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 33,4% көп. Мұндағы сатылымның мұндай оң динамикасы, ең алдымен, коронавирустық шектеулерге байланысты кейінге қалдырылған тұтынушылық сұранысқа және мемлекет тарапынан автокөлік нарығын қолдау бойынша жаңа шаралардың іске қосылуына байланысты.
Көлік сатылымы бойынша екінші орындағы АҚШ-та 1,1 млн жаңа көлік сатылды, бірақ көрсеткіш 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 11,6% төмен. Батыс Еуропада жаңа көлік сатылымы шілдеде бірден 8,9% төмендеп, 910,1 мың дананы құрады.
Автокөлік өндіруге арналған құрамдас бөліктердің тапшылығы жаңа автокөліктерді жеткізудегі үзілістердің жалғасуының себебі болып қала береді. Жағдайды Украинадағы соғысқа және Қытайдағы жалғасып жатқан коронавирус шектеулеріне байланысты логистикалық проблемалар қиындатады.
Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, 2022 жылдың шілдесінде Ресейде жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктердің сатылымы 32,4 мың дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,9% аз. Беларусьте сатылым одан да төмендеді, бірден 79,4%, 837 автокөлікке дейін азайды. Сатудың әлі азайып жатқаны, ең алдымен, Ресейдегі автокөлік зауыттарының жұмысының тоқтатылуына байланысты.
Қазақстанда 2022 жылдың шілдесінде 11,6 мың жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік сатылды, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9,1% көп. Сатылымның көбеюі қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін отандық автозауыттарды жылдам қайта құрылымдау және ресейлік өндірістегі автокөліктердің тапшылығы жағдайында ішкі нарықты толтыру есебінен қамтамасыз етілді.
2022 жылдың шілдесінде Қазақстанда сатылған жаңа көліктер саны бойынша Chevrolet бренді көш бастады: 4 мың автокөлік — 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 29,4% көп. Одан кейін Hyundai: 2,6 мың автокөлік, өсім 29,6%. Үздік үштікті Kia жапты: 1,4 мың жеңіл автокөлік, бір жылдағы өсім – 11%. Үздік бестікке сонымен қатар Toyota (903 автокөлік — бір жыл бұрынғыдан бірден 24,7% аз) және Lada (675 автокөлік – өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 30,3% көп) кіреді.
Шілдеде қазақстандықтар арасында танымал болған 10 жаңа көлік моделінің қатарына бірден 5 Hyundai моделі кірді: Tucson (810 дана), Sonata (433 дана), Santa Fe (414 дана), Creta (391 дана) және Elantra (373 дана). Сонымен қатар, екі Chevrolet моделі — Cobalt (2796 дана) және Nexia (957 дана) — сондай-ақ Kia Sportage (917 дана), Toyota LC Prado (491 дана) және Lada Granta (276 дана).
Танымал мақалалар
Барлығын көруТеміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 Желтоқсан 2023
3969
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 Қаңтар 2024
3721
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 Қаңтар 2024
3705
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 Қаңтар 2024
3678
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 Наурыз 2024
3648
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 Қаңтар 2024
3644
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 Қаңтар 2024
3636
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 Қаңтар 2024
3624
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 Наурыз 2024
3597
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 Қаңтар 2024
3596
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 Қаңтар 2024
3596
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 Желтоқсан 2023
3594
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 Қаңтар 2024
3585
Ақпан айының соңына қарай Қазақстан дамудың жаңа моделіне техникалық түрде көшеді
Әлихан Смайылов үкіметі «Ескі Қазақстанның» төтенше жағдайлар қызметі миссиясын орындады, Олжас Бектенов үкіметі «Жаңа Қазақстанның» даму циклін іске қоспақ. Бұрынғы Читать далее...
13 Ақпан 2024
3585
Қазақстандық кәсіпорындар елді жиһазбен қалай қамтамасыз етіп отыр?
2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында елде 82,6 млрд теңгеге жиһаз өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 27,7% көп. Өнеркәсіп өндірісінің индексі Читать далее...
24 Қаңтар 2024
3563