Алкогольді ішімдіктер бір жылда рекордтық 15%-ға қымбаттады. Ресей Федерациясының Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан бері бағалар ай сайын 2%-3%-ға өсті
12 июля 2022
21
Алкогольді ішімдіктер бір жылда рекордтық 15%-ға қымбаттады. Ресей Федерациясының Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан бері бағалар ай сайын 2%-3%-ға өсті
Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында ҚР-да күштілігі аз алкогольді ішімдіктер өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қысқарды. Сыраны шығару 4%-ға, 273,9 млн литрға дейін, табиғи жүзім шарабын шығару — 25,2%-ға, 10,8 млн литрға дейін, ликерлер мен өзге де осыған ұқсас алкогольді ішімдіктерді шығару — 1%-ға, 927,9 мың литрға дейін төмендеді.
Бұл жағдайда күшті алкоголь сегментінде басқа көрініс байқалады. Мәселен, арақ өндірісі 2021 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда бірден 2,3 есеге, 20,1 млн литрға дейін, ал коньяк шығару — 20,6%-ға, 4,9 млн литрға дейін өсті.
2022 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша жергілікті өндірушілер арақ пен ликер-арақ өнімдеріне сұранысты 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы 76,3%-ға қарағанда 84,1%–ға қанағаттандырды. Сектордағы өнім әкелу көлемінің өзі 16,5%-ға өскенімен, импорт үлесі тиісінше қысқарды. Ішкі нарықта ресурстардың 97,1%-ы немесе 21,2 млн литр арақ пен ликер-арақ өнімдері сатылды, — 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бірден 78,4%-ға артық.
Коньяк және коньяк ішімдіктері сегментінде жергілікті өндірушілердің үлесі де өсті: мұнда сұраныс бір жыл бұрынғы 57,5%-ға қарағанда, қазақстандық өніммен 74,5%-ға қанағаттандырылды. Импорт бір жылда 44,3%-ға қысқарды. Ішкі нарықта 4,8 млн литр өнім сатылды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.
Елдегі шарап зауыттары сұранысты 65,4%-ға (бір жыл бұрын — 65,1%) қанағаттандырды. Ішкі нарықта шарапты сату көлемі 8%–ға өсіп, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 10,8 млн литрды құрады. Экспорт бірден 220 есе өсті, бірақ елеусіз қалды: барлығы 176,1 мың литр.
Нарықтағы қазақстандық сыра қайнату зауыттарының үлесі, керісінше, аздап қысқарды — 92,7%-дан 90,9%-ға дейін. Көбікті сусын импортының көлемі бір жылда 22,4%-ға өсті. Ішкі нарықта сыраны сату 227,5 млн литрды құрады — өткен жылға қарағанда 0,8%-ға аз.
Маусым айының қорытындысы бойынша алкогольді ішімдіктер бағасы бір айда 1,9%-ға және бір жылда бірден 14,6%-ға өсті. Бұл соңғы жылдардағы бағаның ең жоғары жылдық өсуі (статистика 2011 жылдан бастап ҚР СЖжРА ҰСБ ұсынған).
Айта кетейік: ағымдағы жылы Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін алкогольді ішімдіктер бағасы ай сайын айтарлықтай өсті: наурызда — бірден 3%-ға, сәуірде — 2,6%-ға, мамырда —тағы 2,5%-ға. Салыстыру үшін:алкогольді ішімдіктер бағасының ай сайынғы өсуі 2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың ақпанына дейін 0,1%-дан 0,9%-ға дейін өзгерді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10482
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6764
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6720
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6496
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6450
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6438
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6381
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6375
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6362
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6349
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6334
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6310
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6269
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6259
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6251