«Ақылды» құрылыс: болашақ технологияларына арналған полигон
23 мая 2025
25

Қазақстанда жаңа тұрғын үй алаңдарының жетіспеу мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазақстандық БАҚ қала тұрғындарының кең, жайлы баспанамен жетерінше қамтамасыз етілмеуі мәселесі жөнінде үнемі жазып келеді (1, 2, 3) және бұл туралы сарапшы қоғамдастықтар да хабарлауда. Соңғы бірнеше жылда құрылыс көлемінің ұлғаюына қарамастан, тапшылық әлі де сақталуда: ірі қалалардың белсенді урбанизациясы жалғасуда, тұрғындардың саны өсіп жатыр, отбасыларға тұрғын үй кеңістігін кеңейту қажет.
БҰҰ ұсынымдарына сай бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету стандарты 30 шаршы метрді құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткішке дейін әлі алыс. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы елімізде бұл көрсеткіш 24,5 ш. метрді құраған. Бес жылда тұрғын алаңмен қамтамасыз ету небәрі 2,3 метрге өскен. Мұндай қарқынмен Қазақстан жайлы тұрғын үйдің халықаралық стандарттарына тек 2040 жылға қарай қол жеткізе алады.
Ең ірі мегаполистер — Астана мен Алматыда жағдай жақсырақ сияқты. Өткен жылы елордада бір тұрғынға 32,3 ш. м, оңтүстік мегаполисте 30,6 ш. м келген. Қос астананың тұрғындары да өзге аймақтарға қарағанда кеңірек тұрғын үйлерде тұратыны анық. Кейбір облыстарда өмір сапасының бұл көрсеткіші өте төмен және орташа республикалық деңгейден едәуір артта қалып отыр. Оларға, мысалы, Жамбыл (18,8 ш. м), Жетісу (19,9 ш. м) және Абай (20,4 ш. м) облыстары кіреді. Сонымен бірге, экономикалық даму деңгейінің төмендігіне және халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігіне байланысты, тіпті жеткіліксіз қамтамасыз етілген жағдайда да, ол жерлерде жаңа тұрғын үйге деген сұраныс басқа аймақтармен салыстырғанда ең аз болып қалады.

Жылжымайтын мүлікке сұраныстың аймақтық айырмашылықтарын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің санынан байқауға болады. «„Азаматтарға арналған үкімет“ мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметі бойынша ағымдағы жылдың сәуір айындағы жағдай мынадай. Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің ең көбі сол мегаполистерде тіркелді. 36,8 мың сатып алу-сату шарттарының жиынтығында 38,8%-дан астамы Алматы (7 мың) мен Астанада (7,3 мың) тіркелді. Бұл халықтың мегаполистерге көшіп келуіне және сол мегаполистердегі қала құрылысының белсенді дамуына байланысты. Қарағанды (2,9 мың мәміле) және Алматы (2,2 мың) облыстарындағы тұрғын үйге сұранысты да жоғары деп айтуға болады.
Жалпы, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері санының айлық динамикасы 2024 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында жылжымайтын мүлікке сұраныстың белсенді болғанын растайды. Айлық көрсеткіштер 2023 жылғы мәндерден тұрақты түрде асып түсті. Шарттардың ең көбі желтоқсанда жасалды: бүкіл ел бойынша 50 мыңнан көп. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында аздаған ауытқулар байқалды: қаңтардағы динамика — минус 2,5%, ақпанда — минус 5%. Алайда көктемнен бастап тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелер санының қайтадан өсе бастағаны байқалды.

Артып келе жатқан сұраныс пен жайлы баспанаға деген қажеттілік жағдайында Қазақстандағы қалаларға энергияны үнемдеу, экология және цифрландыру технологияларын ескеретін сапалы, инновациялық, «ақылды» құрылыстар қажет. «Ақылды» құрылыс деп нені айтып тұрмыз және не үшін ол қала шетіндегі ешқандай ілеспе инфрақұрылымы жоқ стандартты көпқабатты үйлер құрылысынан маңыздырақ? Сарапшылар жаңа заман құрылысында қолданылуы тиіс бірнеше негізгі сипаттамаларды бөліп көрсетеді.
Ең алдымен, бұл тұрғын ықшамаудандардың құрылысын «қала ішіндегі қала» қағидаты бойынша жоспарлау, ол бойынша тек үй ғана емес, сонымен қатар мектеп, балабақша, емхана салынып, ауданның көлік қолжетімділігі ойластырылады. Екіншіден, бұл ақпараттық модельдеу мен жобаны бақылауды қолдана отырып, жаңа объектілерді жоспарлау, үйдің ішкі IT-инфрақұрылымын қалыптастыру. Үшіншіден, міндетті түрде инновациялық құрылыс материалдары мен технологияларын — аса берік бетонды, қосымша арқаулауды және т. б. қолдану. «Ақылды» құрылыстан кейін қызмет көрсететін компаниялардың да заманауи пайдалану технологияларын — инженерлік жүйелердің цифрлық телқосақтарын, экологиялық энергия тұтынуды және т. б. қолдануы өте маңызды.
Жоғарыда аталған сипаттамалардың көпшілігін қалалардың қалыптасқан инфрақұрылымы шеңберінде нүктелік құрылыс салу кезінде пайдалану өте қиын. Жаңа тәсілдерді сынауды Алматы маңындағы болашақ мегаполис — Алатау аумағында қолдануға болады. Бұл қала — таза парақ, ол басынан бастап салынып жатыр және ол жерде, былайша айтқанда, құлашты кеңінен сермеуге болады. Алатаудың бастапқыда Smart City тұжырымдамасына сәйкес құрылғаны да айтарлықтай маңызды, сондықтан оның құрылысы мен дамуына қатысатын компаниялар PropTech (property technology — жылжымайтын мүлік саласындағы цифрлық технологиялар) қолданатын болады.
Тың практикаларды Алатау «сынақ алаңында» сынап көргеннен кейін инновациялар бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс индустриясына таралады. Мұның бірнеше артықшылығы бар. «Жекеден жалпыға» қағидаты бойынша даму тұтастай алғанда елдегі құрылыс саласының дамуын жеделдетуге, оның ЖІӨ-дегі үлесін арттыруға, инженерлік және инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге, қалалық ортаның сапасын арттыруға көмектеседі.

Инновациялық құрылыс технологияларының әлемнің дамыған елдерінде «ақылды» қалалардың дамуына ықпал етуін көрсететін бірнеше көрнекі мысал келтірейік. Мысалы, Швейцарияның солтүстігіндегі Smart City Zurich цифрлық телқосағы бар Цюрих қаласы құрылысты жоспарлаудағы инновациялық көзқарасымен танымал. Онда құрылысты бастамас бұрын болашақ жылжымайтын мүлік объектілерін көру үшін цифрлық модельдеу және VR технологиялары қолданылады. Салынған аумақтарды барынша тиімді пайдалану үшін қалада әртүрлі параметрлерді — ластану деңгейін, көлік инфрақұрылымының кептелісін және т.б. өлшейтін IoT-датчиктер желісі жұмыс істейді.
Тағы бір мысал — Норвегия астанасы Ослодағы FutureBuilt жалпылама аумақтық тұрақты даму бағдарламасы. Оған қазірдің өзінде 70-тен астам салынып жатқан объект қосылған. Компания пайдалану кезінде көмірқышқыл газының шығарындылары қолданыстағы стандарттардан төмен болатын технологияларды ұсынған жағдайда ғана құрылыс жобасы бағдарламаға қатысушы мәртебесін алады. Бұл жердегі әңгіме энергия тұтынудағы, сол сияқты қажетті ілеспе көлік инфрақұрылымын ұйымдастырудағы экологиялық тәсіл жайлы болып отыр.
Құрылыстағы инновациялардың қызықты тәжірибесін Сингапур қала-мемлекеті пайдаланады. Онда жаңа аса төзімді бетонды 3D-басып шығару бойынша ғалымдардың әзірлемелері сынақтан өткізілуде, құрастырмалы конструкцияларда әрлеу жұмыстарын орындау кезінде озық робот техникасы пайдаланылуда, жаңа ғимараттарды пилотсыз тексеруді енгізілуде. Бір қызығы, Сингапур BIM-технологияларын (Building Inforvtion Modeling — құрылыстағы ақпараттық модельдеу) пайдалануда көшбасшы болып табылады. Ондағы барлық жаңа құрылыс жобаларының 80%-дан астамы BIM-технологияларына сай жүзеге асырылады.
Ең бастысы: кез келген табысты жоба одан әрі басқа қалалар мен елді мекендерге таралады және мемлекеттердің экономикасы мен жалпы өмір сүру сапасына оң ықпалын тигізеді. Дәл осы тәсіл «ақылды» құрылысты және PropTech-ті экономикалық және әлеуметтік өсудің негізгі нүктесіне көтереді.

Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10598
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
7711
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6853
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6839
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6773
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6607
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6604
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6573
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6516
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6495
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6438
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6392
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6360
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6303
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6297