Автокөлік ұрлығы 6% төмендеді

Автокөлік ұрлығы 6% төмендеді

 

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда 251 автокөлік ұрлығы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6% аз.

Анықтама үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республикада 267 автокөлік ұрлығы тіркеліп, жылдық динамикада бірден айтарлықтай 16,3% азайған. Ескерту: 2020 жылдан бастап, коронавирустық пандемия басталғаннан бері елімізде тіркелген автокөлік ұрлығының саны жүйелі түрде азайып келеді.

Жалпы, биыл қаңтар–қыркүйек айларында барлық көлік түрлері бойынша 3,6 мың ұрлық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы 3,1 мыңнан 13,9% көп.

 

 

Өңірлер бойынша автокөлік ұрлығының басым бөлігі Алматы қаласында тіркелді: 57 дерек — бір жыл бұрынғыдан бірден 46,2% көп.

Одан кейін Қостанай (31 автокөлік ұрлығы, бір жылда 19,2% көбейген) және Қарағанды (28 автокөлік ұрлығы, 24,3% азайған) облыстары. Көлік ұрлығының ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: былтырғыдай 2 оқиға.

Атырау облысында автокөлік ұрлығы санының айтарлықтай өскені тіркелді: бір жыл бұрынғы 2 оқиғамен салыстырғанда биыл 3 есе көбейіп, 6 ұрлық болды. Ақтөбе облысында ұрлық саны үш есеге жуық азайдыі: 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 27 оқиға болса, биыл 10 оқиға.

 

 

Қазақстанда жапон маркалары көп ұрланады, деп хабарлайды zakon.kz. Порталдың мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланса, оның 775-і, яғни 85,3%-ы табылып, заңды иелеріне қайтарылған. 19 қылмыстық топ ұсталып, олардың халықаралық байланысы тексерілуде.

Сондай-ақ, соңғы жылдары ұрланған көліктерді сатудың бір жолына айналған «егіз» көліктер мәселесі өткір болып отырғаны айтылады.