Қазақстанда киім-кешек бағасының өсуі бір жылда шамамен 15% болды

Қазақстанда киім-кешек бағасының өсуі бір жылда шамамен 15% болды

 

Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған.

Ең көп қымбаттаған өңір елорда: бір жылда бірден 25%. Одан кейін Қызылорда (19,8% қымбаттады) және Ақмола (19% қымбаттады) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Ақтөбе облысы: «бар болғаны» 9,7%.

Бір жылда ерлер киімі 14%, әйелдер киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттады.

 

 

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,7% артық.

Киім ең көп шығарылған өңір Шымкент: 7,4 млрд теңге, бір жылда 44% көбейді. Одан кейін Алматы (6,9 млрд теңге, 15,2% көбейді) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, 48,6% азайды).

 

 

Биылғы қаңтар–тамыз айларында ҚР-ға жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталды.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% аз. Мұнда Өзбекстан Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды: 10,2 мың тонна, 5,4% азайған.

ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай мен Түркия болды: тиісінше 39,3 мың және 12 мың тонна.

 

 

Қазақстандық оқушыларға арналған мектеп формасының түрлерін көбейту жоспарда бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Пенжек, желетке, шалбар, белдемше, жейде және қыздар жейдесінен тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пенжек пен жакетті түймелі және сырғымалы тоқыма жемпір мен кардиганға, ал әдеткі жейделерді поло жейделеріне ауыстыруға мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда түс, түр және басқа да ерекшеліктер мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.