Бұл ретте жылқы 11% көбейді

Бұл ретте жылқы 11% көбейді

 

Биылғы жылдың қаңтар–маусым айларында республика бойынша тірідей салмағы 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды, бұл өткен жылдағыдан 6,2% көп. Сойылған кездегі салмағы 64,6 мың тоннаны құрады, көрсеткіш былтырғыдан 6,1% артық.

Ең көп жылқы Түркістан облысында сойылды: тірі салмақта 14,5 мың тонна, сойылғанда 7,5 мың тонна. Үздік үштікке сондай-ақ Абай (тиісінше 13,5 мың және 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (тиісінше 10,6 мың және 5,5 мың тонна) облыстары енді.

 

 

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, елімізде 4,1 млн жылқы бар, бұл былтырғыдан 10,6% көп. Өңірлер бойынша жылқы саны ең көп Түркістан, Қарағанды, Абай облыстары.

Жылқы шығыны биыл 5,2%, 2,7 мың басқа жетті. Жылқылар ең көп арам өліп қалған өңірлер Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

 

 

Биылғы жылдың шілде айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде жылқы етінің бір килосы 2,9 мың теңге болды, бұл былтырғыдан бірден 16,5% қымбат.

Баға ең қатты Солтүстік Қазақстан облысында көтерілді: былтырғыдан 28,8% қымбат. Одан кейін Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да жылқы еті айтарлықтай қымбаттады. Ал ең аз өскен Қызылорда облысында 4,5% қымбаттады.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде бір кило жылқы еті елордада ең қымбат (3,3 мың теңге), ең арзаны Қызылордада (2,3 мың теңге) болды.