Барлық тыңайтқыш түрлерінің импорты экспорттан төрт есе асып түседі

Барлық тыңайтқыш түрлерінің импорты экспорттан төрт есе асып түседі

 

2022 жылдың қаңтар–шілдесінде Қазақстанда 252,2 мың тонна азотты тыңайтқыш өндірілді, бұл былтырғыдан 1,2% аз. Ал фосфорлы тыңайтқыш өндірісі бірден 7,2% өсіп, 126,4 мың тоннаны құрады.

Азотты тыңайтқыштың басым бөлігі дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына тиесілі: 222,6 мың тонна немесе республика бойынша көрсеткіштің 88,3%-ы. Еске сала кетейік, мұнда сектордағы ең ірі компания «ҚазАзот» АҚ жұмыс істейді.

Күтілгендей, Жамбыл облысы фосфорлы тыңайтқыш өндіру бойынша көшбасшы болды: жалпы өнімнің 95,8%-ы немесе 121,2 мың тонна. Облыста алып «Қазфосфат» ЖШС жұмыс істейді.

Жалпы 2021 жылы азот тыңайтқышын өндіру 15,1%, 447,3 мың тоннаға, фосфорлы тыңайтқыш өндірісі 1,2%, 198,2 мың тоннаға дейін өсті.

 

 

Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар азот тыңайтқыштарына сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) былтыр 46% қамтамасыз етсе, биыл 53,6% қамтамасыз етті. Импорт тиісінше ресурстардың 46,4%-ын құрады. Елімізге 155,8 мың тонна тыңайтқыш әкелінді, бұл былтырғыдан 28,1% аз. Ішкі нарықта 307,8 мың тонна тыңайтқыш сатылды, бұл былтырғыдан 9,2% аз.

Жергілікті компаниялар ел нарығын фосфор тыңайтқыштарымен толықтай дерлік қамтамасыз етті. Көрсеткіш 99,9%. Барлығы дерлік ішкі нарықта сатылды: 85,4 мың тонна, былтырғыдан 2% көп. Экспорт ресурстардың 2,5%-ын құрады: 2,2 мың тонна тыңайтқыш экспортталды, былтырғыдан 31,3% өсім бар.

 

 

Жалпы, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-дан химиялық және минералды тыңайтқыштардың барлық түрлері (азотты, фосфорлы, т. б.) экспортқа 78,5 млн АҚШ долларға 119,1 мың тонна экспортталды. Нақты мәнде экспорт былтырғыдан 31,7% қысқарғанымен, ақшалай есептегенде, керісінше, 75,9% көбейді.

Экспорттың негізгі бөлігі ТМД елдеріне тиесілі: 81,5%. Мұнда Өзбекстан (50,2 мың тонна), Украина* (24 мың тонна) және Ресей (10,1 мың тонна) қазақстандық тыңайтқыштардың негізгі сатып алушылары болды.

Бұл ретте тыңайтқыштар импорты экспорттан физикалық мәнде 3,9 есеге, ақшалай түрде 1,9 есеге асып түсті. Жыл басынан бері ҚР-ға 145,8 млн АҚШ долларға барлық түрдегі 467,5 мың тонна тыңайтқыш сатылды. Қазақстан тыңайтқыштардың 99,1%-ы ТМД-дан (432,5 мың тонна), соның ішінде ең көп Ресейден келді.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

 

 

Ал қазақстандық диқандар тыңайтқыштан бас тартуда, деп хабарлайды Хабар24. Салдарынан егін шығыны төмендеп жатыр. Бұл мәселені жуырда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ел президенті айтты. Шаруалардың енді топыраққа қажетті тыңайтқыштар алуға шамасы жетпейді. Соңғы бір жылда баға үш есе өскен.

Ескерту: биылғы маусымда ҚР-ға импорттық тыңайтқыш бағасы бір айда 11%, жыл басынан бері 64,4%, ал былтырдан бері 2 есеге өсті.