Бірқатар өңірлерде баға 30%-дан астам өсім кетті.

Бірқатар өңірлерде баға 30%-дан астам өсім кетті.

 

Биылғы жылдың шілде айында кеңсе тауарлары былтырғыдан 12,3% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуін Түркістан облысында байқалды 50,1%. Сондай-ақ Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.

Былтырдан бері ең аз қымбаттау Жамбыл облысында тіркелді: 1,2%.

 

 

Мысалы, сурет дәптері былтырдан бері 14,1%, шарикті қалам 13,2%, түрлі-түсті қалам жинағы 12,1%, дәптер 12%, А4 қағазы 10,6% қымбаттады.

 

 

Жалпы биылғы жылдың шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері былтырдан беір 7,1%а, орта білім — 6,8%, кәсіптік орта білім — 11,7%, жоғары білім — 17,7%, ересектерге білім беру — 10,7% қымбаттады.

Өңірлер бойынша білім беру қызметтері бағасының ең көп өсуі Атырау (50%), Павлодар (19,4%) және Шығыс Қазақстан (19,1%) облыстарында байқалды.