Дамыған елдерде жел және күн электр станцияларының электр энергиясын өндіру болжамынан ауытқуы үшін қаржылық жауапкершілік көзделген, бірақ ҚР-да ондай емес
24 августа 2022
101
Дамыған елдерде жел және күн электр станцияларының электр энергиясын өндіру болжамынан ауытқуы үшін қаржылық жауапкершілік көзделген, бірақ ҚР-да ондай емес
Өсіп келе жатқан экономикамызды электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі атом электр стансаларының құрылысына қатысты пікірталастың көлеңкесінде қалып қойды. 2021 жылдың өзінде энергожүйені жоспарлау проблемаларына байланысты дата орталықтарына электр қуатын беру шектелген еді (484 млн кВт/сағ), сондай-ақ ұлттық оператор желілерінде электр қуатын апаттық өшірулер санының артуы байқалады. Электр қуатын берудегі шектеулер мен апаттардың жиі болуы экономиканың жаңа салаларының дамуына кері әсерін тигізуде.
Барлық мәлімдемелерге қарамастан, 1000–1200 МВт жоспарланған бірінші энергоблоктың айтарлықтай қуаттылығының өзінде 2033 жылға қарай атом электр станциясының әлеуетті құрылысы Қазақстанның энергетикалық жүйесін реттеу (теңдестіру) мәселесін шеше алмайды, өйткені атом электр станциялары тек тұрақты жүктемеде жұмыс істейді. Жел және күн электр станциялары сияқты тұрақсыз энергия көздері арқылы өндірілетін энергияны алты есе арттыру энергия жүйесін реттеуді одан әрі қиындатады.
Жел және күн электр станцияларын энергетикалық жүйеде пайдалану ауа райы жағдайларының құбылмалылығына және маусымдық ауытқуларға байланысты электр энергиясының көздері ретінде олардың тұрақсыздығы мәселесін туындатады. Ұлыбританияның энергетикалық жүйесінің мысалында жел мен күн энергиясының орташа тәуліктік қуатында айтарлықтай ауытқулар (шегі) көрінеді: мысалы, жел және күн электр станцияларының максималды және минималды жалпы қуаттарының арасындағы айырмашылық тиісінше 10 және 2 есе.
Электр энергиясын тұтынушылар өз тұтынуын ауа райы жағдайларына және маусымдық ауытқуларға физикалық түрде байланыстыра алмайды, сондықтан электр жүйелерінде жел электр станциялары мен күн электр станцияларын пайдаланған кезде оларды біркелкі өндіре алатын икемді су немесе газ электр станциялары қажет.
Қазақстанда 2015 жылға дейін де икемді қуат көздерінің тапшылығы байқалды, ал 2035 жылға дейінгі болжамдық тепе-теңдікті талдау негізінде тұрақсыз энергия көздерін енгізу энергия жүйесіндегі икемді қуат тапшылығын айтарлықтай арттырады.
Қазақстандағы ЖЭС және КЭС генерациясының ауытқуынан басқа, электр станцияларының осы түрлері бойынша электр энергиясын өндіру болжамдарының сенімділігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралардың жоқтығы мәселесі қосылды. Мысалы, Ұлыбританияда жел және күн электр станцияларын пайдаланатын компаниялар электр энергиясын өндіру болжамдарындағы ауытқуларға қаржылық жауапты болса, Қазақстанда мұндай жауапкершілік іс жүзінде жоқ және болжамды кез келген жолмен жасауға болады, бұл энергетикалық жүйеде теңгерімсіздікті одан әрі күшейтеді.
Әрине, икемді көздерге қатысты мәселе Қазақстанның Энергетика министрлігіне белгілі. Биылғы жылдың шілде айында жалпы қуаты 1116 МВт болатын газбен жұмыс істейтін екі икемді электр станциясының құрылысына инвесторларды анықтау бойынша алғашқы аукциондар өтті (техникалық шектеулерді ескере отырып, қолжетімді икемді қуат шамамен 700 МВт құрайды), бірақ бұл электр станциялары 2026 жылға дейін іске қосылмайды. Оған дейін тұрақсыз генерацияның қуаты тағы 2000 МВт артуы мүмкін. Энергетикалық жүйені одан сайын әлсіретпеу үшін мұндай аукциондар 5-6 жыл бұрын өткізілуі керек екені анық. Энергетикалық жүйе жұмысындағы кінараттарөнеркәсіпті және халықты электрмен жабдықтау сенімділігіне нұқсан келтіреді.
Энергетикалық жүйені жоспарлаудың жоқтығы және тұрақсыз генерациядан генерацияны болжаудың тиімді тетіктерінің жоқтығы қазір ресейлік энергетиямен өтеліп жатыр, дегенмен электр жүйелерін қосатын электр беру желілері шектеулі, ал өзара қосылудың ақаулары біздің энергетикалық жүйемізді өте осал жағдайға қояды. Энергетикалық жүйені жетілдіруде дамыған кешенді тәсілдің болмауы болашақта тұтынушылардың бүкіл топтарын ұзақ уақытқа электрден ажырауына алып келетін ауыр апаттарды туындатуы ытимал. Ондай жағдайда 2021 жылғыдай тау-кен өндіруші шаруашылықтар ғана емес, өнеркәсіп өндірісін айтпағанда, қарапайым тұтынушылар да зардап шегеді. Энергетикалық жүйеде ішкі тұрақтылық резерві болуы керек, ал қазіргі жағдай керісінше оны тек азайтады.
Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың тиімді моделі қажет, ол қазіргі экономикада маңызды энергетикалық қауіпсіздік, электрмен жабдықтау сенімділігі, қоршаған ортаға және халыққа әсер етуді азайту мәселелері секілді маңызды факторларды қамтиды.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10479
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6756
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6717
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6486
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6449
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6434
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6379
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6375
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6360
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6343
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6333
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6310
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6268
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6259
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6251