Электр жүйесінің тозуы: жаһандық проблеманың түрлі шешімдері. Қазақстанда және әлемде жағдай қалай?
6 мая 2025
578

Қазақстанда энергиямен жабдықтау инфрақұрылымының тозығы жеткені туралы үздіксіз айтылып келеді. Мысалы, егер жалпы ҚР бойынша негізгі қордың тозу деңгейі 2024 жылдың басында 46,5%-ды құраса, ал аталған көрсеткіш жылумен, электрмен жабдықтау саласында бірден 70,5%-ды құрады.
Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша электр станцияларындағы негізгі жабдықтардың тозу деңгейі 56,8%-ға жетті, ал станциялардың жартысынан көбі 70%–90%-ға тозған. Тозудың ең жоғары деңгейі ЖЭО мен МАЭС-те байқалады. 14 электр станциясы 80%-дан астам деңгейде тозған, ал 21 электр станциясында тозу көрсеткіші 60%-дан 80%-ға дейін өзгереді. Бұл апатты жағдайлардың көбеюімен тікелей байланысты, себебі апаттардың көпшілігі тозу деңгейі 80%-дан асып кеткен станцияларда орын алуда.
Қазақстанда жағдайды жақсарту үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, елде «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы жұмыс істейді, сондай-ақ 2024 жылдың соңында 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы бекітілді.
Жобаның мақсаты:
• энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның орташа тозу деңгейін 40%-ға дейін жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін шамамен 86 мың км желіні қайта жаңарту және салу;
• апат көрсеткішін кем дегенде 20%-ға төмендету;
• зияткерлік басқару жүйесімен (Smart Grid) қамтылған жабдықтардың үлесін 2030 жылға қарай 90%-ға дейін жеткізу.

Біз бұл жобаны бөлек материалға арқау етіп аламыз. Бізді қызықтыратыны, энергетикалық инфрақұрылымның тапшылығы және/немесе тозуы — әлемге ортақ мәселе ме? Бұл мәселе түрлі елдерде, яғни, елдердің саяси және экономикалық құрылымы мен байлығына байланысты әрқилы.
Мынадай бірнеше мысал келтірейік:
• Оңтүстік Африка. Eskom көмір электр станцияларының 50%-дан астамы — мемлекеттік электр энергиясы компаниясы 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жабдықтары ескіргендіктен, үнемі электр қуаты өшіп қалады.
• Иран. Бу электр станцияларының 80%-ы және газ станцияларының 11%-ы 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, бұл оларды тиімсіз етеді, ескірген жылу электр станциялары елдің жалпы белгіленген қуатының 43%-ын құрайды. Сонымен қатар электр энергиясының 13%-ы ескірген тарату және бөлу желілеріне тиесілі.
• Польша. Бұл елдегі электр желілерінің үштен бірінен астамы 40 жылдан астам пайдаланылып келеді. Электр станцияларының үштен бірі 1982 жылға дейін салынған.
• Ресей. Көптеген электр желілері 50–70 жыл бұрын салынған, қайта жаңартуды немесе ауыстыруды қажет етеді. Жалпы ел бойынша тарату желілерінің тозу деңгейі шамамен 70%-ды құрайды, кейбір өңірлерде одан да жоғары. Электр қуаты жиі өшіп қалады.
• АҚШ. Жоғары вольтты электр желілері мен ірі трансформаторлардың 70%-ы 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, салдарынан желілердің тиімділігі төмендеп, ақаулар орын алады. Ал желілердегі автоматты қосқыштардың 60%-дан астамы 30 жылдан астам пайдаланылып келеді.
Мұндай мәселелердің шешімі қандай? Мысал ретінде Финляндия мен Италияны қарастырайық. Толығырақ ақпараттық кестеде берілген.

Осылайша, Финляндия елінің мысалы ерекше климаттық жағдайларда (Қазақстан үшін де өзекті) әбден тозығы жеткен желілерді, соның ішінде ауылдық аймақтардағы желілерді қуатты етуге болатынын көрсетті, ол үшін инфрақұрылымды құруға, ауыстыруға немесе жаңартуға және «ақылды» автоматикаға инвестиция салу қажет.
Италия елінің мысалынан түсінгеніміз, ірі жобаларды біртіндеп іске асыру қажет, себебі үлкен инвестицияларды талап етеді, нәтижесінде тұтынушылар электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіледі (бұл өткен жылдары орын алған бірқатар апаттар көрсеткендей, Қазақстан үшін де маңызды мәселе), сонымен қатар ең жақсы тарифтерге қол жеткізіп, үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10595
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
7663
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6841
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6805
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6718
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6595
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6585
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6560
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6505
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6485
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6435
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6386
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6354
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6299
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6295