Қазақстанда әуе тасымалы 11% қымбаттады

Қай өңірде қатты қымбаттады?

 

Биыл шілде айында ҚР-дағы әуе жолаушылар тасымалы қызметі бір жылда 10,5% қымбаттады.

Өңірлер бойынша Жетісу өңірінде ең көп қымбаттады: бірден 52,7%. Одан кейін Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстарында да баға айтарлықтай өсті.

Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейінде қалды. Еліміздің 20 өңірінің тағы 6 өңірінде — Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында әуе жолаушылар тасымалы қызметі арзандаған.

 

 

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, әуе компаниялары 5,9 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 27,8% көп. Алматыда ең көп жолаушылар тасымалданды: 2 млн адам, бір жылда 28,5% көбейген. Одан кейін Астана (1,6 млн адам) мен Шымкент (555,6 мың адам). Әуе көлігімен ең аз жолаушы тасымалданған өңір Алматы облысы: бар болғаны 2,8 мың адам.

Жолаушылар айналымы 11,7 млрд жкм, бұл былтырғыдан бірден 46,5% көп.

 

 

Биыл қаңтар–маусым қорытындысы бойынша, әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалдау 11,4 мың тоннаны құрады, бұл былтырғыдан 9,7% көп. Алматыда — 6,7 мың тонна, Шымкентте — 3,1 мың тонна, Астанада — 1,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды.

Қаңтар–маусым айларында жүк айналымы 24,6 млн ткм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6% көп.