Ал Қазақстанда барлық дағдарыс жағдайларына қарамастан, сатылым бір жылда 5,3% өсті
6 февраля 2023
27
Ал Қазақстанда барлық дағдарыс жағдайларына қарамастан, сатылым бір жылда 5,3% өсті
2022 жылдың соңында әлемдік автокөлік нарығы жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника сатылымы бойынша 2021 жылдың көрсеткіштеріне жақындай алмады деуге болады. Былтыр бүкіл әлем бойынша дилерлер 81 млн-ға жетер-бетпес жаңа көлік сатты. Көрсеткіш 2021 жылдағыдан 0,6% аз.
Тіпті автокөлік нарығы мен автокөлік өнеркәсібінің көшбасшысы Қытайда сатылым көлемі бір жылда 4,4% өсіп, 26,6 млн-ға жеткенімен, әлемдік көрсеткішті жақсарта алмады. Ал бұл рекордтық 28,6 млн автокөлік өндірген 2017 жылдан кейінгі ең ірі көрсеткіш.
АҚШ-та сатылым 7,8% азайып, 13,7 млн, Батыс Еуропада — 6,2%, 11,6 млн болды. Жапонияда 2022 жылы сатылым көлемі 1977 жылдан бергі минимумға құлдырап, 2021 жылдағыдан 5,2% азайып, 4,2 млн ғана көлік сатылды. Осылайша төртінші жыл қатарынан сатылым азайып отыр.
2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда сатылымның ең елеулі төмендеуі Шығыс Еуропада байқалды: 26,8% құлдырап, 2,9 млн болды. Оған Ресейдің Украинаға соғысы әсер етті. Көрсеткіштің төмендеуіне бірінші кезекте Ресейдің өзіндегі сатылымның бірден 60% азаюы ықпал етті.
Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында жаңа жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылымы бір жылда 5,3% өсіп, 123,8 мыңды құрады. Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі Ресейден жеткізілімге және дистрибуцияға тәуелділікті азайта алды, сондай-ақ шығарылатын автокөлік ассортиментін ұлғайта алды. ҚР-дағы автокөлік жеткізушілермен де дер кезінде жұмыстар жүргізілді.
Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында сатылған жаңа жеңіл көліктердің жартысынан көбі дәстүрлі түрде екі жетекші брендтерге — Chevrolet және Hyundai маркаларына тиесілі: тиісінше 34,3 мың және 28,9 мың автокөлік. Өткен жылмен салыстырғанда Chevrolet сатылымы 17,8%, Hyundai сатылымы бірден 27% өсті. Үздік бестікке сонымен қатар Kia (14,4 мың), Toyota (9,6 мың) және Lada (7,4 мың) кіреді.
Бір қызығы, жаңа көліктердің сатылымы бойынша үздік 10 брендке бірден төрт қытайлық бренд кірді — Chery (4,5 мың), Jac (3,4 мың), Exeed (1,9 мың) және Haval (1,5 мың).
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында сатылған жеңіл автокөлік модельдері ішінде Chevrolet Cobalt көшбасшы: 23,2 мың автокөлік. Одан кейінгі орындарда Hyundai Tucson (8,9 мың көлік) және Chevrolet Nexia (7,1 мың көлік).
Сонымен бірге, алғашқы ондыққа Tucson-нан басқа тағы төрт Hyundai моделі (Elantra, Sonata, Accent және Santa Fe), сондай-ақ бір Toyota (LC Prado), Kia (Sportage) және Lada (Granta) модельдері кіреді.
Егер 2022 жылдың соңғы айы туралы айтатын болсақ, мұнда жаңа жеңіл көлік пен коммерциялық техниканың жаһандық сатылымының көлемі 7,4 млн автокөлікті құрады, 2021 жылдан бар болғаны 0,1% көп.
Айтарлықтай өсім Батыс Еуропада байқалды: 12,8% көбейіп, 1,1 млн болды. Сату өсімінің қалпына келуі АҚШ пен Канадада байқалды: сатылым сәйкесінше 7,4% және 7% өсті. Латын Америкасында, Жапония мен Кореяда да өсім байқалды. Сонымен қатар, Қытайда, керісінше, 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда сатылымдар 11,8% төмендеді. Шығыс Еуропада да 7% төмендеді.
Қазақстанда 2022 жылдың желтоқсанында сатылымның айтарлықтай өсуі байқалды: бірден 28,3% көбейіп, 13,8 мыңға жетті. Егер ҚР бойынша жыл қорытындысын шығаратын болсақ, онда жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық көлік ең сатылған уақыт «қайғылы қаңтар» айы. Бұл айда бар болғаны 3,9 мың көлік сатылды. Кейін нарықта бірқатар ауытқулықтар болып, динамика қалпына келді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6847
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6736
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6546
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6458
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6456
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6396
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6383
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6381
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6374
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6343
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6321
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6264
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6258