Жаздың символы: Қазақстан өзін өзі қауын-қарбызбен қамтамасыз ете ала ма?
9 августа 2023
34
Қарбыз ең көп өңір — Түркістан облысы
Қазақстанның бау-бақша өсірушілері орақ науқанын бастады. Оның нәтижесі туралы айту әлі ерте, бірақ маусымның соңында қауын-қарбыздың жалпы өнімі бір жыл бұрынғыдан көп болады деген болжам бар. Бұл туралы кейінірек, алдымен жағымсыз жаңалық туралы айтайық. Былтыр диқандар үшін оңай болған жоқ, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда алғаш рет бау-бақша өнімдерінің жалпы жиыны азайды. Шаруа қожалықтары 2,6 млн тонна өнім алған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1% аз. Жалпы, қауын-қарбыз 2017 жылдан бері алғаш рет азайған, оған дейін көрсеткіш тек өсіп отырды.
Қазақстанда қарбыз ең көп өңір Түркістан облысы. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұнда барлық бау-бақша өнімдерінің 59%-ы өсіріледі. Екінші орындағы Жамбыл облысының үлесі 19,7%, үшінші орында Қызылорда (6,9%).
Былтыр қауын-қарбыздың азаюына бірнеше себеп болды. Біріншіден, бау-бақша дақылдарының егіс алқаптары 8,9% қысқарды. Бұл 2017 жылдан бері бұрын-соңды болмаған төмендеу. Қауын-қарбыз алқаптары шамамен 10 мың гектарға азайып, 100,3 мың гектар болды. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары бойынша, бау-бақша өсірушілер егістікті бұрынғы көлемге дейін көбейтіп, 109,8 мың гектарға жеткізуі тиіс болатын. Бұл іс жүзінде орындалды ма, жоқ па, жыл соңында өсімдік шаруашылығындағы нәтижелерді жалпы қорытындылаған кезде ғана белгілі болады.
Екіншіден, былтыр бау-бақша дақылдарының түсімі азаюына оңтүстіктегі жекелеген аудандарда өсімдіктерді суару мәселесінің туындауы себеп болды. Кейбір шаруалардың «КазВодХоз» серіктестігіне берешегі салдарынан су тапшылығы туындады. Сонда диқандар аптап ыстықтан егістік күйіп, жемістер піспей жатқанын айтты.
Биыл бау-бақшамен айланысушылар жұмыстарындағы қиындықтарға өндіріс шығындарының айтарлықтай өсуі де қосылды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бағбандар былтырғымен салыстырғанда шығындарының төрт есе өскенін айтып шағымданды. ҚР СЖРА ҰСБ есебі де Қазақстанда бау-бақша өсіруге кететін шығындар шынымен де өскенін, бірақ соншалықты емес екенін растайды. 2017–2022 жылдар аралығында ешқашан еселеп өскен жоқ дейді. Барлық шаруа қожалықтары бойынша былтыр жалпы шығын шамамен 6 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда үштен бірге көп. Бір жыл бұрын өсім 25,5% болған.
АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бағбандарды қолдауға ел бюджетінен 6,5 млрд теңге бөлінген. Ақша минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға, пестицидтерді сатып алуға кеткен шығындарды және басқа да шығындарды өтеуге жұмсалуы керек.
Шаруалар айтқан тағы бір мәселе — Ресей рублінің құнсыздануы. Қазақстандық диқандар көрші елдің валютасының құбылмалылығына алаңдаулы, өйткені олар өнімін Ресейге экспорттағандықтан тауардың құнын рубльмен төленеді. Айта кетерлігі, бұл шаруалардың кейбірінің ғана мәселесі, себебі Қазақстаннан бау-бақша өнімдерінің аз ғана бөлігішетелге экспортталады. Мәселен, былтыр жиналған 2,6 млн тоннаның 39,7 мың тоннасы ғана шетелге сатылған, яғни 1,5% ғана. Негізгі сатып алушылар Ресей мен Беларусь.
ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, өнімнің жеке түрлері ресурстарының тепе теңдігіне және пайдаланылуына қарағанда, Қазақстан өз нарығын қауын-қарбызбен толықтай дерлік қамтамасыз етеді. Сатылымдағы ішкі өнім үлесі 99,1%. Импорт айтарлықтай аз: былтыр 62 мың тонна болды. Ал оның ішкі нарықтағы үлесі 1%-ға жетпейді. Импортталатын қауын-қарбыз негізінен Өзбекстаннан әкелінеді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10505
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6884
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6743
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6553
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6464
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6460
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6402
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6387
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6387
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6386
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6348
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6327
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6278
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6268
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6263