Дегенмен, елдегі жалпы автопарктегі электрокөлік үлесі әлі аз — бар болғаны 0,04% ғана

Дегенмен, елдегі жалпы автопарктегі электрокөлік үлесі әлі аз — бар болғаны 0,04% ғана

 

ҚР ІІМ Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы наурыздан биылғы наурызға дейінгі айлық статистикасы еліміздегі электрокөлік санының айтарлықтай өскенін көрсетеді: 631-ден 1,9 мыңға дейін ұлғайды. Соның ішінде былтыр желтоқсан айында тіркелген электрокөлік саны күрт көбейіп, 521-ге артты. Сонымен қатар биыл қаңтар–наурыз аралығында электрокөлік сатылымы қарқынды өсті.

Бұл соңғы он жылда алғаш рет электрокөлік санының айтарлықтай өсуі. СЖРА Ұлттық статистика бюросының электркөліктер туралы мәліметтері 2012 жылдан бері жарияланып келеді. Бұған дейін елде 2016 жылдың 1 қаңтарында электрокөліктің рекордтық саны тіркелген: 785 автокөлік.

Дегенмен, өсім динамикасына қарамастан, Қазақстанның жалпы автопаркіндегі электрокөліктердің үлесі өте аз. Егер былтыр наурыз айында электрокөліктің үлесі 0,01%-ды құраса, 2023 жылдың 1 сәуірінде ол 0,04%-ға ғана жетті.

 

 

1,9 мың «жасыл» көліктің 1,6 мыңы жеңіл көліктер. Олардың үлесі 84%-дан асады. Электр қозғалтқыштары бар жүк көліктері мен автобустар әлдеқайда аз: тиісінше 8,8% және 6,9%. Сонымен қатар, статистикалық есептерге жүгінсек, мұндай қоғамдық көліктердің негізгі бөлігі былтыр желтоқсан айында ғана сатып алына бастаған. Ол кезде бірден 109 электробус тіркелсе, биыл наурыз айының соңына дейін олардың саны 134-ке жеткен.

Қалалық қоғамдық көліктердің «жасылдануы» негізінен Астана мен Алматыда байқалады, оларда тиісінше 67 және 32 электробус тіркелген. Елордалық автопарктердің берген есебінде шикілік болуы мүмкін. Өйткені, Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы бұл мегаполисте қалалық бағыттар бойынша электр қозғалтқышы бар 115 автобус жолға шыққан. 2023 жылдың соңына қарай Астана электробустарының паркі 300-ге дейін ұлғайтылады.

Батареямен жүретін автокөліктердің көпшілігі — 1,2 мыңы немесе 63,9%-ы Алматы қаласында тіркелген. Бұл бірнеше факторларға, соның ішінде миллионер бизнесмендердің шоғырлануына байланысты. Ranking.kz 1 млн теңге және одан жоғары жалақысы бар барлық тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 89%-ы оңтүстік астанада тұратынын жазған еді. Жеңіл электрокөлік құны ішкі жану қозғалтқышы бар автокөлік бағасынан айтарлықтай ерекшеленеді. Қытайдан және басқа елдерден тапсырыс бойынша электрокөлік жеткізетін қазақстандық делдал компаниялардың прайс-парақшасына сүйенсек, жаңа жеңіл электрокөлік бағасы 30 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін. Қайталама нарықта баға 15,8 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін.

 

 

Екінші орында үлкен айырмашылықпен Астана қаласы. Елорда жолдарында бар болғаны 249 электрокөлік жүр. Дипломатиялық нөмірлері бар электркөлік иелері (олардың саны 13) өз есептерінде тұрғылықты жерін көрсетсе, бұл көрсеткішті көбірек болар еді.

Үздік үштікте сонымен қатар, 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, 100 экокөлік тіркелген Алматы облысы да кірді. «Жасыл» көліктер Солтүстік Қазақстан (2), Ақмола (4) және Ұлытау (4) облыстарында ең аз.

Қазақстандағы «жасыл» көліктің дамуын шектейтін факторлардың бірі ретінде ҚР Парламентінің депутаттары электрокөлік инфрақұырлымының дамымауын атайды. Еліміздің облыс орталығының біразында қоғамдық қуаттандыратын бекеттер жоқ, ал өңіраралық жолдардағы арнайы қауаттау бекеттері туралы айтпауға да болады. Мұның бәрі электркөліктерін тек қалалық көлікке айналдырады.

Ашық деректерге сүйенсек, Қазақстанда электр зарядтау станцияларын орнату және пайдалану бойынша екі ғана ұйым маманданған: «Оператор ЭҚС» ЖШС және eDrive.kz компаниясы. Екеуінде де станциялар желісі бар, олардың жалпы саны 183. Олардың көпшілігі Алматыда (97) және Астанада (76) орналасқан. Бір-екі ЭҚС Қарағанды, Теміртау, Шымкент, Талдықорған, Атырау қалаларында, үшеуі Щучинскте жұмыс істейді. Басқа өңірлердегі электрокөлік иелерінің қоғамдық бекеттерді пайдалану мүмкіндігі жоқ, сол үшін көліктерін үйде қуаттауға мәжбүр.

 

 

Көбіне әлеуметтік желілерде және жедел мессенджерлердің жабық топтарында автосарапшылар электрокөлік саны туралы ресми статистиканың сенімділігіне күмән келтіреді, олар өте төмендетіліп көрсетіледі деп есептейді. Бұл пікірді елемеу мүмкін емес, өйткені Қазақстандағы электрокөлік саны туралы мәліметтерді жинау жүйесінде олқылықтар мен кемшіліктер бар. ҚР Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискарянның айтуынша, Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу кезінде иесіне жанармайдың түрін көрсетуге міндеттемейді. Сондықтан, осы бағанды толтырмаған кей электрокөлік иелері жалпы статистикаға енбей қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстандағы кейбір электрокөліктер бензинді де, электр қуатын да пайдаланатын гибридті көліктер. Ал аралас отынмен жүретін көліктер үшін Ішкі істер министрлігі бөлек статистика жүргізеді. Оған (санаттарға бөлусіз) электргибридті көліктер және бензинмен және газбен жүретін гибридті көліктер кіреді. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, аралас отынмен жүретін 337,8 мың көлік тіркелді. Олардың ішіндегі электрогибридтердің үлесін анықтау мүмкін емес.