Дәрілік заттарды бөлшек саудада тұтыну төмендеді, бірақ олардың бағасы өсті
17 февраля 2023
32
Дәрілік заттарды бөлшек саудада тұтыну төмендеді, бірақ олардың бағасы өсті
Былтыр Қазақстанда дәрілік заттар мен фармацевтикалық өнімдердің өндірісі құндық мәнде 36,1 млрд теңгеге немесе 18,2% қысқарды. Егер 2021 жылдың соңында фармацевтикалық компаниялар 198,7 млрд теңгенің өнімін шығарса, былтыр бар болғаны 162,6 млрд теңгені құраған.
Көрсеткіштің төмендеуі фармацевтика өнімдері өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты болды (құндық мәнде 58,4% азайды). Осы кезеңде дәрі-дәрмек өндірісі де төмендеді, бірақ соншалықты көп емес, бар болғаны 4,5% ғана. Фармацевтика өнеркәсібінде басқа да өнім өндірісі 61,1% төмендеді.
Саладағы ең маңызды оқиғалардың бірі коронавирусқа қарсы фармацевтикалық өнімдер өндірісінің тоқтауы болды. Бұл ең алдымен «Спутник V» вакцинасына қатысты. Оны Қарағанды фармацевтикалық кешені шығарды. Дәл осы ірі мемлекеттік тапсырыс Қарағанды облысын 2021 жылы құндылық бойынша дәрі-дәрмек өндіру бойынша үздік үштікке кіргізді. Облыста өндірілген өнімнің жалпы көлемі сол кезде 47,6 млрд теңгені құрады. 2022 жылы вакцинаны шығару аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіштер 2,5 есе, яғни 19,1 млрд теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде, облыс фармацевтикалық өнім шығаратын өңірлер тізімінде төртінші орынға түсті.
Негізгі үш көшбасшы 2022 жылды жақсы динамикамен аяқтады. Шымкентте 57,6 млрд теңгеге (13% көбегйен) дәрі-дәрмек, Алматы облысының фармацевтикалық кәсіпорындарында 39,5 млрд теңгеге (плюс 39,2%), Алматыда 18,7 млрд теңгенің орнына 21,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді, көрсеткіш бір жылда 16,2% өсті.
Сонымен қатар, былтыр отандық статистика мамандары импорттық дәрі-дәрмек көлемінің артқанын атап өтті. 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстан шамамен 1,4 млрд АҚШ долларына 26,4 мың тоннадан астам фармацевтикалық препарат пен дәрі-дәрмек сатып алды. Өсім физикалық мәнде 21,8%, құндық мәнде 25% көбейді.
Proxima Research Inretnational халықаралық аналитикалық компаниясының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылы дәрі тұтыну көлемі 1,3% төмендеген: 626 млн-нан 618 млн-ға азайды. Төмендеу мемлекет медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек сатып ала бастағандықтан болды. Бұл өз кезегінде ҚР орталықтандырылған денсаулық сақтау жүйесіне дәрі-дәрмек сатып алу бойынша бірыңғай операторға 52 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге көмектесті. Осылайша, 2022 жылы мемлекеттік шығындардың жалпы көлемі 336 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,4% аз.
Бірақ бөлшек саудада үнемдеу байқалмады. Қаптамалар саны бойынша халық сатып алған дәрілік заттардың көлемі азайғанымен (бар болғаны 0,4%), құндық мәнде 2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 9,3% өсті. ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, нарықтың бөлшек сауда сегменті көлемінің ақшалай түрде ұлғаюы көбіне инфляцияға байланысты.
Жалпы, қазақстандықтар өткен жылы дәрі-дәрмекке мемлекеттен әлдеқайда көп жұмсаған: 527 млрд теңге. Пандемияның екінші жылында дәріханалар тұтынушылардан 482 млрд теңге алған.
Дәріханалар желісін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етушілердің алғашқы ондығына екі қазақстандық фармацевтикалық зауыт — шымкенттік Santo және алматылық Nobel кіреді. Біріншісі бір жыл ішінде 28,7 млрд теңгенің өнімін өткізіп, сауда көшбасшысы атанды. 16,4 млрд теңге көрсеткішпен Nobel алтыншы орында тұр.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6851
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6736
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6546
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6458
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6456
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6396
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6383
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6381
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6374
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6343
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6321
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6264
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6258