«Көмірлі» Қазақстанға АЭС керек пе?
14 сентября 2023
59
Елде атом электр стансасын салуды жақтайтын және оған қарсы дәлелдер
Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығарғаннан кейін қоғамда бұл тақырыптағы пікірталас қыза түсті. Еліміздегі бірінші атом электр станциясын салуды жақтаушылар мен қарсы шығушылардың ойын түсіну үшін біз жаңа жобаны қолдайтын және оған қарсы дәлелдер мен Қазақстанның жақын болашақтағы энергетикалық тепе-теңдігі туралы болжам деректер жинадық. Өйткені эмоцияны былай қойғанда, шетелден электр қуатын импорттай отырып, осы салада өзге елге тәуелді болып қалуы да мүмкін.
Бізді Қазақстанда АЭС салу мәселесін көтеруге мәжбүр еткен негізгі себеп елдегі энергетика тапшылығы болды. Нақты деректер бойынша, біз өндіргеннен гөрі көп тұтынамыз. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, жыл сайын электр энергиясы мен қуат тапшылығы арта береді. Есеп бойынша, 2023 жылдың аяғында электр энергиясын тұтыну оны өндіруден 1,6 млрд кВт⋅сағ асып түседі, келесі жылы да көрсеткіш осындай болады. ҚР бірыңғай энергетикалық жүйесінің 2023-2029 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгеріміндегі мәліметтерге сәйкес, алты жылда өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық 5,5 млрд кВт⋅сағ болады.
Энергетика министрлігінің 2035 жылға дейінгі болжамды аналитикалық құжаттары Қазақстанда осы уақытқа дейін тұтыну деңгейі 152,9 млрд кВт⋅сағ болатынын көрсетеді. Бұл көрсеткішті еліміздің барлық тұтынушылары 112,94 млрд кВт⋅сағ жұмсаған 2022 жылмен салыстырып көрейік. Жаңа энергетикалық нысандар қазіргі уақытта тек жобалық түрде бар екенін ескерсек, 35,4% (немесе 40 млрд кВт⋅сағ) айырмашылық. Ал егер қазір өндіріс көлемі тұтыну көлемімен шамалас болса (2022 жылы 112,86 млрд кВт⋅сағ), онда 2035 жылы ешқандай шара қолданбағанда, жұмыс істеп тұрған станциялар небәрі 89,1 млрд кВт⋅сағ энергия өндіреді. Болжамдық көрсеткіш қазіргіден әлдеқайда төмен, өйткені көптеген жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларында жабдықтардың тозуы жоғары, жылдар өте келе бұл қуаттардың бір бөлігі істен шығады.
Бұл «энергетикалық саңылауды» жабу үшін 11 жылдан кейін қуаты 2 ГВт болатын АЭС-тен бөлек, қуаты 5 ГВт болатын газбен жұмыс істейтін электр станцияларын, қуаты 2 ГВт ГЭС, қуаты 1,5 ГВт көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС және қуаты 6 ГВт-тан жоғары жаңартылатын энергия көздерінің әртүрлі нысандарын салу керек.
Осылайша, электр энергетикасын дамыту барлық бағытта жүруі керек, ал атом электр станциясы — ауқымды жоспарлардың бір бөлігі ғана. 2035 жылға дейінгі электр энергиясының болжамды тепе теңдігі осы уақытқа дейін атом өндірісінің үлесі 11,8%, жел және күн энергиясының қуаты үлесі 16,7%, ал су электр станцияларының үлесі (шағын қондырғыларды қоса алғанда) 13% жетуі тиіс екенін көрсетеді. Электр энергетикасындағы көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС үлесін 66,7%-дан 40,2%-ға дейін төмендету қажет. Газбен жұмыс істейтін жылу электр станциялары және аралас циклді газ қондырғылары жалпы қуаттың 18%-ын құрайды.
Мойындауымыз керек, егер қазіргі заманғы «жасыл» ядролық энергетикалық технологиялардан бас тартса, Қазақстанның басқа тұрақты көздерді пайдалана отырып қуатты арттыру арқылы тапшылық мәселесін шешу қиынға соғады. Жылу станцияларына өз көміріміз жеткілікті болғанымен, бұл саланы дамыту өте қиын. Әлем осы экологиялық «лас» энергиядан алшақтап жатыр, халықаралық қаржы институттары енді мұндай жобаларға инвестиция салмайды. Сонымен қатар, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа көшу туралы міндеттеме алды. Бұл жерде әңгіме тіпті біздің еліміздің халықаралық қауымдастыққа атмосфераға шығарындыларды азайту туралы уәде бергенінде де емес. Қазақстандағы ауа жағдайын жақсарту бірінші кезекте қазақстан халқының өзіне ірі қалалар тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет.
Газ қондырғылары есебінен қуаты айтарлықтай арттыру басқа себептерге байланысты оңай болмайды: елде газды тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді, бірақ ол жеткіліксіз. Күн және жел энергиясы, өкінішке қарай, тұрақты емес, тек қосымша балама көздер ғана. Өнеркәсіп пен коммуналдық қызметті ауа райына тәуелді етуге болмайды.
22 тамызда Жамбыл ауданы Үлкен ауылында АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Дәл осы жерде билік АЭС салуды ұсынып отыр. Елді мекен Балқашқа жақын, екі энергетикалық аймақтың – оңтүстік пен солтүстіктің шекарасында орналасқан. Ауыл тұрғындарының өздері құрылыс идеясын оң қабылдады, халық құрылыстың басталуымен ауылына инвестиция, жаңа жұмыс орындары, көркейту, т.б. түсетінін түсінеді. Іс-шараға құрылысына қарсы қоғам белсенділері де қатысып, өз уәждерін айтты. Ең бастысы, АЭС салу немесе пайдалану кезінде төтенше жағдай туындауы мүмкін деген қорқыныш. Қазақстан халқының бұл қорқынышы Семей полигонының салдарынан туындап отыр. КСРО-ның ядролық сынақтарының атомды бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламаларына еш қатысы болмаса да, одақ ыдырағаннан кейін Қазақстан басшылығы сынақ алаңын бірден жапты.
АЭС-ке қарсылар Жапониядағы Фукусима-1 станциясындағы 2011 жылы күшті жер сілкінісінен кейін болған апатты да айтады. Алайда АЭС-ке қарсылық білдіргендердің ешқайсысы апаттан 10 жылдан кейін Жапонияның қайтадан жаңа ядролық реакторлар салып, атом энергиясының үлесін арттыруға ниетті екенін айтқан жоқ. Есесіне осы жылдар ішінде Жапониядағы энергетикалық дағдарыс ушыға түсті.
Әлем картасында 31 мемлекет атом энергиясының мүмкіндіктерін пайдаланады. Ескерту: бұл негізінен экономикалық дамыған мемлекеттер. Сонымен қатар көптеген елдердің жалпы энергетикалық қуатында атом электр станцияларының үлесі басым. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) тізімінде Франция бірінші орында, онда былтыр атом электр станцияларының үлесі 62,6%-ға жетіп, елде 56 реактор жұмыс істейді. Таза атом энергетикасы Бельгия (46,4%), Швейцария (36,4%), Финляндия (35%) және Оңтүстік Корея (30,4%) сияқты елдерде энергетика секторының үлкен үлесіне ие. АҚШ жұмыс істеп тұрған ядролық реакторлардың үлесі бойынша емес, жалпы қуаты бойынша көш бастап тұр: елде олардың саны 93.
Қытайдың энергетикалық қуатындағы АЭС үлесі аса үлкен болмаса да — бар болғаны 5% — бұл ел жаңа энергоблоктарды салудағы белсенділік бойынша бірінші орында. МАГАТЭ мәліметінше, Қытайда қазірдің өзінде 55 энергоблок жұмыс істеп тұр, тағы 21 энергоблоктың құрылысы жүріп жатыр. Жыл сайын елде бірнеше реакторлар пайдалануға беріледі. Сарапшылар мұндай қарқынмен 2030 жылға қарай Қытай ядролық салада әлемдік көшбасшыға айналуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Айтпақшы, Қытай ядролық отынның бір бөлігін, тіпті реакторларға арналған отын жинақтарын (уран түйіршіктері бар құрылымдар) Қазақстаннан сатып алады. Біздің еліміз уранды атомдық энергетикаға өндіру және өңдеу бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Экономикасы дамыған елдер бейбіт атом энергиясына көптен көңіл бөліп, ол үшін қазақстандық шикізатты пайдаланып келеді.
Қазақстандағы атом электр станцияларына қарсылардың тағы бір қарсы дәлелі құрылыс пен пайдалану процесіне әсер етуі мүмкін сыбайлас жемқорлық. Салынған, салынып біткен, бітпей қалған, мәңгі есте қалатын Астананың LRT-сын халық мысалға келтіреді. Дегенмен, ауқымы жағынан да, экономика үшін маңызы жағынан да мұндай көлемдегі жобаларды салыстыру дұрыс емес. Тиісті министрлік өкілдері тағы қайталайды: Қазақстан АЭС-ты өз күшімен салмайды, бұл үшін елдің тәжірибесі де, технологиясы да жоқ. Энергетика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, үкімет АЭС салуды басқа елдерде осындай жобаларды сәтті жүзеге асырған компанияларға ғана сеніп тапсырады. Төрт нұсқа қарастырылуда: Қытайдың ұлттық CNNC компаниясы, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF компаниясы. Қазақстан шенеуніктері бұған дейін әр тараппен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған.
АЭС салуды жақтаушылар мен қарсылар арасындағы даудың соңы референдум қорытындысы бойынша анықталады. Жалпы дауыс беру уақыты әлі белгісіз. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері биылғы жылы референдум өткізуге дайын екендіктерін хабарлады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10497
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6815
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6731
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6527
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6454
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6451
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6389
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6380
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6376
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6368
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6337
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6315
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6272
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6261
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6253