Қытай — жаңа көліктердің ірі экспорттаушысы. Олардың көліктері әлемдік брендтермен бәсекелесе алады
19 июля 2023
109
ҚХР-да жасалған көліктер Қазақстанда да танымал болып келеді: сатылым бойынша үздік ондыққа Қытайдың бес бренді кіреді
2023 жылдың мамырында Қытайда ең көп сатылатын жеңіл көліктердің үздік ондығына қытайдық бірден 4 бренд кірді. Оның үстіне көш басында қытайлық BYD екенін айта кету керек: 228,1 мың автокөлік сатылды — 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 2 есе көп. Changan 4-орында: 118,5 мың автокөлік, 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 42% өскен. 6 және 7-орындарда сатылымы 61% өсіп 99,4 мыңға жеткен Chery және сатылымы 31% көбейіп 81 мыңға жеткен Geely тұр.
Мамырда ең көп сатылған бестікке жергілікті BYD және Changan-дан басқа Volkswagen (172,1 мың автокөлік), Toyota (142,5 мың) және Honda (101,8 мың) кірді.
Мамырда Қытайда барлығы 2,1 млн-ға жуық жеңіл автокөлік сатылды, бұл 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 26% көп.
Қытайдағы ең танымал 4 қытайлық көліктің 3-еуі Қазақстанда ресми түрде сатылуда. Сонымен қатар, биыл мамырда Қазақстан нарығындағы сатылым бойынша 4, 5 және 6-орындарды 665, 626 және 517 автокөлікпен Chery, Haval және Changan брендтері иеленді. Анықтама үшін: мамырда Қытайдың ішкі нарығында 55,6 мыңнан астам Haval көлігі сатылды.
Биыл мамырдағы сатылым көлемі бойынша Қазақстандағы 10 жеңіл көліктің қатарына қытайлық Exeed (379 автокөлік) және Geely (258 автокөлік) кірді.
Мамырдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөліктердің маркалары көш бастап тұр: Hyundai (4,3 мың жеңіл автокөлік), Chevrolet (3,3 мың) және Kia (2,2 мың).
Жалпы, 2023 жылдың мамырында ҚР-да 14,7 мың жаңа автокөлік сатылды, бұл 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 77,2% көп. Оның 95%-ға жуығы жеңіл автокөлік.
Қазақстан нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі қарқынды өсуде: биыл мамырда сатылған барлық жаңа көліктердің 19,5%-ы қытайлық брендтерге тиесілі болды. 2025 жылы барлық модельдерді 100% дәнекерлейтін және бояйтын қуаттылығы жылына 90 мың автокөлік шығаруға жететін Chery, Changan және Haval автокөліктерін құрастыратын мультибрендті зауыт (60%-ы ТМД елдеріне экспортқа арналған) ашылғанда қытайлық көліктердің үлесі көбейеді деп күтіледі.
Айта кету керек, Қытайдың ішкі нарығында Changan және Chery автокөліктері өндірісі тек биыл мамырда тиісінше 102,8 мың және 95,1 мыңды құрады және ҚХР-да жасалған көлік маркалары арасында 4 және 6-орындарды иеленді. Сондай-ақ Haval автокөліктерінің 56,8 мыңы өндірілді, бұл брендке биыл мамырда Қытайдағы автокөлік өндірушілері арасында алғашқы ондыққа кіруге мүмкіндік берді.
Жалпы, Қытайдағы өндіріс 2023 жылдың мамыр айында 2 млн-ға жуықтады, бұл 2022 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 19% артық. Шығарылған автокөліктер саны бойынша көшбасшы қытайлық BYD (234,6 мың), одан кейін Volkswagen (170,6 мың автомобиль) және Toyota (140,6 мың) тұр.
Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қытай тарихта алғаш рет автокөлік экспорты бойынша Жапония мен Германияны басып озып, көшбасшы болды. Елден 1,1 млн-ға жуық автокөлік экспортталды.
Ал биыл қаңтар–сәуірда Қытай 1,4 млн-ға жуық жаңа көлік экспорттады. Қазақстандықтарға таныс брендтер арасында қаңтар-сәуірде ірі экспорттаушылардың арасында Chery (2-орын), Changan (4-орын), Geely (5-орын), Haval бренді кіретін Great Wall Motors (6-орын) және Jac (8-орын) кірді.
Қазақстанға келетін болсақ, республикада қытайлық автокөліктерді шығаратын жаңа зауыттардың салынуы ҚР-да жаңа автокөліктерге деген сұранысты өтеп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10497
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6821
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6732
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6533
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6454
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6453
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6389
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6380
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6377
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6368
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6340
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6316
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6273
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6262
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6255