Импорттық ішкиім ҚР-дағы осы тауар нарығының 99%-ын алады
22 мая 2023
36
Импорттық ішкиім ҚР-дағы осы тауар нарығының 99%-ын алады
Қазақстанның киім, тоқыма және аяқ киім нарығының сыйымдылығы соңғы бір жылда 50%-дан астамға өсіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Жалпы саладағы отандық өнімнің үлесі 10%-дан 9%-ға дейін төмендеді. Импорт көлемімен салыстырғанда қазақстандық кәсіпорындар өздері небәрі 177,9 млрд теңгенің жеңіл өнеркәсіп тауарларын шығарады, тіпті отандық компаниялардағы өндіріс бір жылда ақшалай түрде 6% өскенін ескерсек те көрсеткіш тым аз. Бұл «„QazIndustry“ Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мәліметтері.
Energyprom.kz редакциясы киім сегменттерінің бірі — ішкиімді мысалға ала отырып, қазақстандық жеңіл өнеркәсібінің дамуы мен мәселелерін зерттеді. Мысал өте айқын, өйткені ішкиімдер бір қарағанда кесіндісі мен материалы қарапайым болғанымен, Қазақстанда өте аз өндіріледі. Осы орайда, Қазақстанда мақта өсіріліп, одан мата та дайындалатынын айта кету керек.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ресурстар мен пайдалану тепе теңдігіне сүйенсек, Қазақстан нарығындағы ішкікиімдерде отандық өндіріс үлесі былтыр небәрі 1,2%-ды, ал импорт үлесі 98,8%-ды құрады. Бес жыл бұрын да жағдай осындай болды, түбегейлі ештеңе өзгерген жоқ.
Былтыр қазақстандық кәсіпорындарда ішкиім өндірісінің көлемі небәрі 1,9 млн дана болды, ішкі нарықта жалпы сатылым көлемі 150,2 млн дана болды. Елімізде бұл тауарларды тұтынудың ішкі нарығы өсіп келеді. Былтыр ішкиім сатылымы 20,2% өссе, 2021 жылы өсім 52%-ды құрады. Қандай дағдарыс болса да, қазақстандықтар бұл тауарды үнемі сатып алады.
Бұл көрсеткіштерге қарағанда, мұндай тауарларға деген негізгі қажеттіліктер импорт есебінен өтеледі. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған кедендік статистика қазақстандықтардың мұндай тауарларға қанша ақша жұмсайтынын есептеуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында ішкиімнің тек екі негізгі түрі бойынша импорттың құны 77,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Негізгі импорттаушы елдер — Өзбекстан мен Қытай. Былтыр Өзбекстан тоқыма нарығын демпингтік бағамен өте белсенді түрде жаулап алғанын атап өтуге болады.
Санаттардың бірінде — ерлер ішкиімі, кальсон, дамбал, халат — қазақстандықтар сатып алуды екі есе дерлік, 1,6 мыңнан 3 мың тоннаға дейін ұлғайтты және бұл тауарларға 25,8 млн АҚШ долларын төледі (бір жыл бұрынғыдан 2,7 есе көп). Қазақстанда әйелдер іш киімі әлдеқайда көп көлемде сатылады. Бір жыл ішінде әйелдер жалпы сомасы 51,4 млн АҚШ долларына 5,3 мың тонна әртүрлі пеньюар, комбинация, дамбал және панталон сатып алды. Көрсеткіш ақшалай да өсті, алайда бар болғаны 3% ғана.
Өндіріске оралайық. Ең қарапайым мақта іш дамбалын тігу үшін мақта талшығынан тоқылған мата қажет. Қазақстанда мақта тек Түркістан облысында, оның ең оңтүстік аймақтарында өсіріледі. ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, 2022 жылы облыс диқандары 3,6 млн центнер мақта жинады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда шамамен төрттен бірге (24,6%) көп. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, Түркістан облысында жиналған мақтаның тек 15%-ы ғана терең өңдеуден өтеді.
Шикізаттың негізгі бөлігі — бүкіл тоқыма өнеркәсібінің маңызды буындарының бірі — өңделмеген күйінде шетелге сатылады. Былтыр 30,2 мың тонна мақта талшығын экспорттап Қазақстан 66,8 млн АҚШ доллар тапты. Біздің тұтынушыларымыз Молдова, Латвия, Түркия, Өзбекстан және Қытай. Айтпақшы, соңғы үш ел Қазақстанға жіп, түрлі мата, үй тоқыма бұйымдарын және киім сатушы негізгі ел. Бұл сырттан әкелінген киімдердің біразы біздің мақтадан тігілген болуы мүмкін.
Шикізаттың қалған 15%-нан отандық кәсіпорындарда мақта және мақта маталары өндіріледі. Айтпақшы, соңғы бес жылда бұл өнімдердің өнеркәсіптік өндірісі күрт төмендеп, 2022 жылы ең төменгі көрсеткішке түсті. Мақта 48,8 мың тонна (2017 жылмен салыстырғанда 28,1% азайған), мата — 11,6 млн шаршы метр өндірілді (52,8% азайған).
Шикізатты өңдеу бойынша өзіндік қуаттың жоқтығы бірінші мәселе. Бұл туралы мақташылар көп жылдан бері айтып келеді. Енді бұл мәселеге тағы бір мәселе қосылды. Егінін жергілікті өңдеу зауыттарына тапсырған диқандар шикізатқа ақша ала алмайды. Олардың алдындағы қарыз қазірдің өзінде 1,5 млрд теңгеден асып кеткен. Диқандарға мақтадан бас тартып, басқа дақылдарды дамытуға кеңес беріледі.
Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібінің бұл ауыр тұсы — өңдеудің жоқтығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің барлық салалық жол карталарында көрсетілген. 2022–2025 жылдарға арналған осындай келесі бағдарламалық құжатта 2025 жылдың қарашасына дейін мақта өңдеуді 70%-ға жеткізу міндеті айтылған. Түркістан облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, өңірде бірнеше жылдың ішінде мақта кешені мен тиісті инфрақұрылымы бар логистикалық хаб құрылады. 2026 жылы Мақтаарал ауданында мақта өңдеу зауыты мен тоқыма мата шығаратын фабрика ашу жоспарлануда.
Үй тоқыма және тігін өндірісін толық дамытуға мүмкіндік бермейтін жеңіл өнеркәсіптің тағы бір маңызды мәселесі — қосалқы өнеркәсіптердің нашар дамуы. Ішкиімге матадан басқа әртүрлі аксессуарлар қажет — резеңке, өрім, жіп және т. б. Химиялық заттар мен бояулар қажет. Қазір ішкиім нарығында синтетикадан жібекке дейін матаның үлкен таңдауы бар екенін де айта кету керек. Отандық өндірісінің барлық құрамдас бөліктері болмағандықтан, қазақстандық өндірушілерге Қытай және Өзбекстанмен бәсекеге түсу өте қиын.
Түрлі деңгейдегі басқосуларда біздің өндірушілер Өзбекстандағы тоқыма өнеркәсібінің дамуын бірнеше рет мысалға келтірді. 2020 жылы бұл ел шитті мақта экспортынан бас тартып, өзінің өңдеуін жеделдетілген қарқынмен ұлғайта бастады, ақырында оны 40%-дан 100%-ға дейін жеткізді. Бұл ретте сала мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болды — салықтарды жоюдан бастап субсидиялауға және иірілген жіп немесе киім-кешек экспортына жәрдемдесу. Енді 2026 жылға қарай Өзбекстан иірілген жіптерді шетелге сатудан бас тартып, мүмкіндігінше қосымша құны жоғары дайын өнім ғана экспортталатын болады.
Қазақстандық жеңіл өнеркәсібінің өндірістік бөлігіндегі осы ауқымды мәселелердің барлығы тіпті ҚР-да өндірілетін тоқыма өнімдерінің бағасы бойынша импортпен бәсекеге түсе алмайтындай етеді. Бұл келесі мәселені туындатады. Нарықта бәсекеге төтеп бере алмаған тігін фабрикалары мемлекеттік тапсырыс арқылы өмір сүруге тырысуда. Бұл тапсырыс көлемінің тұрақтылығы тұрғысынан жақсы, бірақ ұзақ мерзімді перспективада кемшілік. Өйткені, коммерциялық нарық алға жылжуда, одан әрі өсіп, дамып, ассортиментін ұлғайту үстінде және қазақстандық өндірушілер бұл үрдісті әлі бұза алмайды.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6822
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6538
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6456
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6454
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6391
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256