МТЖ қызметі тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенті және кіру жолы қызметтері тарифтері

МТЖ қызметі тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенті және кіру жолы қызметтері тарифтері

 

Магистральдық теміржол желілерінің кейбір қызметтері реттелетін қызметке жатады және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ҚР ҰЭМ ТМРК) бақылауында. Атап айтқанда, комиссияның функцияларына мыналар жатады:
• уақытша төмендету коэффициентін (УТК) бекіту;
• магистральдық теміржол желілерінің (МТЖ) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға лимиттерін бекіту;
• тарифтерді белгілеу ережелеріне сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға лимиттерін жыл сайын түзету;
• магистральдық темір жол желісінің операторы кірме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға қосудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау.

УТК-ге келетін болсақ, бұл тұтынушылар мен субъектінің мүддесін қорғау мақсатында департамент бекіткен және тарифке қолданылатын шама. ҚР ҰЭМ ТМРК ҚР ИИДМ мен Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған оң қорытындыларды ескере отырып, облысаралық, ауданаралық және қала маңы қатынасында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдайтын МТЖ тарифіне УТК көлемін 0,01 (99,99%) мөлшерінде бекітті. Бұл шара бүкіл ел бойынша жолаушылар билеттерінің құны құрылымында МТЖ қызметтерінің құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Әрине, жолаушылардың жол жүру құнына көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде реттелмейтін қызметтердің кең спектрі бар. Дегенмен, кем дегенде, соңғы үш жылда сектордағы жолаушылар билеттері бағасының өсуі инфляция деңгейінен аспады және көп жағдайда айтарлықтай төмен болып шықты. Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша теміржол жолаушылар көлігі қызметтеріне бағаның өсуі бір жылда 19,3%-ды құрады, бұл жалпы ҚР-дағы инфляция деңгейімен (19,6%) шамалас. Бір жыл бұрын сектордағы баға өсімі 5,5% (инфляция 8,7%), 2020 жылы 4,9% (инфляция 7,3%) болды.

Қазақстандықтар үшін бұл өте өзекті мәселе, өйткені теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы «коронадағдарыстан» кейін тез қалпына келеді. Биылғы он айда теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы 16,3 млн жолаушыны құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 12,3 млн және 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде бар болғаны 9,4 млн болды.

 

 

Өз кезегінде кірме жолдарға қызмет көрсету саласында да тәртіп орнады.

Еске салайық, 2016 жылдан бастап кірме жолдар қызметтерін тұтынушылар кірме жолдың толық ұзындығына кірме жолдардың көрсетілетін қызметтерінің көлемін есептеуге тұрақты түрде шағымданды. Атап айтқанда табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) ақы алып келген.

Мәселенің не екенін түсіндіріп көрейік.

 

 

Сондықтан 2019 жылы кірме жол қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілді. Содан бастап ТМС бәсекелес орта болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін тұтынушы пайдаланатын жолдың пайдаланылған жеріне ғана ақы алуға міндеттеледі.

Сонымен қатар, кірме жолдар қызметінің стандартты келісімшарттарына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес келісімшартта «жолдың қатпарланбаған ұзындығы» орнына «жолды пайдаланушы (кірме жолдарды тұтынушы) жылжымалы құрамның өтуі үшін пайдаланатын кірме жолдың ұзындығы» көрсетіледі.

Айта кету керек: көп жағдайда кірме жолдар қызметтерін тұтынушылар ТМС-мен келісімшарт жасасқан кезде көрсетілген ұзындыққа назар аудармайды және келісімге қол қояды. Комитет тұтынушыларға келісімшарт жасасу кезінде артық төлем жасамауға көмектесетін табиғи монополиялар туралы заңнаманы басшылыққа алуды ұсынады.