Оқырмандардың және сәйкесінше жарнама берушілердің қызығушылығы онлайнға ауысып жатыр
4 мая 2023
18
Оқырмандардың және сәйкесінше жарнама берушілердің қызығушылығы онлайнға ауысып жатыр
Қазақстанда баспа ісі саласындағы қызмет көрсету көлемі артып келеді: 2022 жылы соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш тіркелді — 61,5 млрд теңге. Бір жыл ішінде құндық мәндегі өсім — 14,3%. Өткен жылдар бизнестің бұл түрі үшін біркелкі болмады: сектордағы қызмет көрсету көлемі не төмендеді, не күрт өсті. 2022 және 2017 жылдардағы көрсетілген қызмет көлемін салыстыратын болсақ, онда айырмашылық небәрі 17,1%-ды құрайды.
Баспа қызметінде газет, журнал және басқа мерзімді басылымдарды шығару 44,5% құрайды. 2022 жылы аталған үш сегменттегі қызметтердің жалпы көлемі 27,4 млрд теңгені құрады. Мұндағы көрсеткіштер де біркелкі өспеді. Мәселен, былтыр журналдар мен басқа да мерзімді басылымдарды шығару 5,8 млрд теңгені құрады (2021 жылдан 7,2% көп), ал одан бір жыл бұрын 13,9% төмендеген. Бес жыл бұрынғымен салыстырғанда бұл сегментте қызмет көрсету көлемі екі есеге жуық аз.
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында газет шығару қызметі былтырғымен салыстырғанда 15,9% артып, 21,6 млрд теңгені құрады. Сырттай қарағанда айтарлықтай өсім көрінгенімен, осыдан бес жыл бұрын да, яғни 2017 жылы баспа кәсіпорындары сол 21 млрд теңгеден астам сомаға газет шығарған. Одан кейінгі барлық жылдарда саладағы қызмет көрсету көлемі жыл сайын небәрі 17-18 млрд теңге айналасында қалды. Инфляцияны ескере отырып, 2017 жылғы деңгейге оралуды жетістік деп санау қиын.
Газет шығару сияқты қызметпен айналысатын бизнеске қиын. Мәселен, баспаханалардың газет шығару қызметтері бағасының өзгеруін қарасақ, 2017–2019 және 2022 жылдары сектордағы бағаның өсуі 3%-дан аспады. Пандемия жылдарында баспалар бағаны толығымен түсірді, олар бағаны 5%–7% төмендетуге мәжбүр болды.
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіруде мүлде басқа жағдай байқалды. Газет шығарудың негізгі шикізаты 2019 жылдан басқа жыл сайын айтарлықтай қымбаттады. Былтыр қағаз 16,4%, алдыңғы 2021 жылы — 8,6%, 2018 жылы — 28,3% қымбаттаған.
Бұл фактор соңғы өнім — газеттің өзіндік құнынан көрініс тапқаны сөзсіз. Қазір ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарап газеттердің қаншаға қымбаттағанын анықтау мүмкін емес. 2021 жылдан бастап ҰСБ бұл тауарлардың бағасын қадағаламайды.
Газеттердің қағаз нұсқаларын басып шығару құнының өсуіне тап болған редакциялардың қаржылық жағдайының нашарлауы да жарнама берушілердің баспасөзден онлайн БАҚ пен теледидарға кетуіне себеп болды. Мұны TNS Central Asia маркетингтік медиа-зерттеу компаниясының мамандары жүргізген Қазақстандағы жарнама нарығына жасаған шолуынан көруге болады. Ұйым сарапшылары бес жыл бойы коммуникацияның негізгі арналары арқылы жарнама ағындарын талдап келеді.
Баспа БАҚ жағдайы мәз емес: бес жыл бойы теріс үрдіс болды. Оның үстіне 2018–2020 жылдары құлдырау өте ауыр болды — бір жылда 32,6%-дан 38,9%-ға дейін төмендеді. Былтыр баспасөз жарнама көлемінің тағы 12,2%-ын жоғалтты.
Жарнама берушілердің қызығушылығының төмендеуі аудиторияға БАҚ-тың танымалдылығының төмендеуімен қатар жүретін процесс. Осы орайда, баспа басылымы шынымен де желі басылымдары мен әлеуметтік желілерден қалып қойды. Биыл наурыздың соңында ҚР президентінің сайтында жарияланған Қазақстанның ақпараттық доктринасында елдегі баспа басылымдары азаматтардың тек 9%-ы үшін ғана негізгі ақпарат көзі болып қала беретіні айтылған. Және бұл негізінен егде жастағы адамдар. «Кең аудиторияның балама байланыс арналарына көшуі қоғамның баспа БАҚ-қа деген қызығушылығының тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді. Мобильді интернеттің дамуының арқасында әлеуметтік желілер ел тұрғындарының кем дегенде жартысына, негізінен жастарға негізгі ақпарат көзіне айналды», — делінген құжатта.
Бұл үрдісті соңғы жылдардағы газеттердің жабылуы туралы хабарлардан түсінуге болады. Energyprom.kz редакциясы соңғы он жылдағы ірі баспа басылымдарының жабылуының негізгі себептері туралы деректерді жинады. Бәлкім, бұл толық тізім емес шығар, өйткені оған жабылуын республикалық ақпарат агенттіктері жазбаған аймақтық басылымдар кірмейді. Облыстық газеттер редакцияларының жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты интернеттен де табу мүмкін емес. Сондықтан олардың саны бұдан да көп болса керек.
Соңғы екі жылда жабылғандар тізімінде бір кездері танымал болған «Караван», «Мегаполис» сияқты ірі газеттер мен қазақстандық байырғы басылымдарының бірі, 103 жылдық тарихы бар «Экспресс К» да бар. Баспа нұсқаларынан бас тарту тіпті қолдайтын сенімді инвесторы бар немесе ресейлік ірі баспа холдингтерінің филиалдары болған редакцияларда да байқалады. Олардың қатарында «Известия Казахстан» мен «Московский комсомолец в Казахстане» газеттері бар. Олар 2013-2014 жылдары ҚР нарығынан шығып кеткен.
БАҚ-тың жабылуының жиі айтылатын себептерінің бірі — газеттің бизнес үлгісінің қаржылық сәтсіздігі. Сондықтан газеттің қағаз нұсқасы жабылғаннан кейін жұмысын жалғастыруды ұйғарған көптеген редакциялар толығымен электронды форматқа көшіп, аудиториямен және жарнама берушілермен жұмыстың жаңа түрлерін тапты.
Редакциялардың экономикалық жағдайына да әсер еткен жабылудың басқа аталған себептері — аудиторияның қызығушылығын жоғалту және соның салдарынан таралымның азаюы және баспасөз құралдарының қолжетімділігінің азаюы. Бұл туралы «Караван» газетінің редакциясы оқырмандармен қоштасу хатында өте ықшамдап жазған: «Барлық жақсы оқиғалар ерте ме, кеш пе бітеді. Қазіргі әлемдік үрдіс бойынша тіпті ең танымал деген басылымдардың қағаз нұсқалары жабылып жатыр, өйткені адам оның бәрін интернеттен оқи алады. Қазақстанда да сондай жағдай. Газеттің не үшін керек екенін мүлде түсінбейтін тұтас ұрпақ өсті. Қазір үш-төрт жасқа толғандар бес-жеті жылдан кейін ақпаратты тек гаджеттен. Қағаз нұсқа интернеттен оңбай ұтылды».
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6822
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6538
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6456
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6454
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6391
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256