Қазақстанда былғары өндірісі екі есе қысқарды
15 ноября 2023
114
Ал Ресей, Қытай және өзге елдерге ірі қара малының өңделмеген терісінің экспорты көбейді
Қазақстандағы былғары өнеркәсібі биыл айтарлықтай құлдырады. 2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда ірі қара малы терісінің өндірісі 55,8% төмендеді. Өңдеушілер 54,8 млн ш. дм өнім шығарғанын хабарлады (2022 жылы қаңтар–қыркүйекте — 123,9 млн ш. дм). Бұл тоқырау былғары өнеркәсібінің соңғы жылдары қол жеткізген шағын табыстарын жоққа шығарды. Былтыр сектордағы өндірістің максималды қарқыны тіркелді: 144 млн ш. дм.
Алайда тері илеушілердің сәтсіздігі аяқ киім өндірушілердің жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ. ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының деректеріне сүйенсек, биыл алғашық тоғыз айда 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аяқ киім өндірісі біршама көбейген (7,4%). Фабрикалар мен зауыттар 1,2 млн жұп аяқ киім шығарды. Жылдық тұтынуы 40 млн жұпты құрайтын Қазақстан үшін бұл өте аз. Елімізде аяқ киім өндірісі неліктен 20 жыл бойы тоқтап қалғаны туралы бұрын жазғанбыз. Осы кезеңде физикалық мәндегі жылдық өндіріс көлемі ешқашан 1,8 млн жұптан аспады.
Жалпы, былғары және былғарыға жататын өнім өндірісі құндық мәнде тұрақты оң динамика көрсетеді. 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында былғары өңдеушілер мен былғары бұйымдарын өндірушілер 11,7 млрд теңгенің өнімін шығарды, көрсеткіш бір жылда 11,1% өскен.
«QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, жеңіл өнеркәсіпте тері өнеркәсібінің үлесі аз: небәрі 8,4%. Ақшалай есептегенде негізгі өнім — киім, тоқыма және кілем өнімдері: 2023 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында 127,9 млрд теңге болды.
Кедендік статистиканың көрсеткіштері былғары шикізатының экспортының өсуі аясында Қазақстанда тері шикізатын терең өңдеу тоқырауда деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандық фермерлер тері шикізатының бір бөлігін отандық тері өңдеу зауыттарына бермей, шетелге жөнелткенді жөн көреді. 2023 жылы қаңтар–тамызда ірі қара мен жылқы терісі шикізатының экспорты бірден 3,4 мың тоннаны құрап, жылдық мәнде 72,9% өсті. Негізгі сатып алушы — Ресей. Ұсақ малдың терісі шикізаты да сыртқа кетіп жатыр. Өзбекстанға 8 мың дана иленбеген шикізат жөнелтілді. Былтыр бұл өнім экспортталмаған.
Өңдеу кәсіпорындары, керісінше, былғары өнімдерінің өңделген шикізатының экспортын азайтты. Мысалы, ірі қара мал терісінен иленген былғары немесе былғары қыртысының (беті өңделмеген) экспорты 43,7% төмендеді. 2022 жылдың қаңтар–тамызында Қытай, Үндістан, Түркия және Италияға 4,3 мың тонна жартылай фабрикат жөнелтілді, биыл сегіз айда небәрі 2,4 мың тонна жөнелтілді. Ұсақ малдың өңделген терілері де азырақ жөнелтілді: экспорт көлемі 25% төмендеді.
Қазақстанның тері өнеркәсібінде бірнеше ірі кәсіпорын бар. Экономикалық тұрғыдан ең тұрақты зауытты Жамбыл былғары-аяқ киім комбинаты негізінде жиырма жылдан астам уақыт бұрын құрылған «ТаразКожОбувь» ЖШС деуге болады. Фабриканың басқалардан ерекшелігі — тері өңдеу мен былғары илеуден бастап, дайын аяқ киім тігуге дейінгі толық өндірістік циклі бар. Итальяндықтар жобалаған Алматы былғары зауыты негізінен өңдеумен айналысады және жылына 12 мың тоннаға дейін өңделген былғары шығаруға дайын. Банкроттықтан кейін қайта жанданған Семей былғары-жүн комбинаты қазір «Semey tannery» ЖШС басқаратын зауыт қайта құрудан кейін экспортқа арналған иленген хром wet blue жартылай фабрикаттарын шығаруға маманданды.
Теріні өңдейтін және өндіретін бес ірі компанияның салықтарын сараптадық. Тізімдегі ең табысты кәсіпорын «ТаразКожОбувь» ЖШС болды. 2023 жылдың 1 қаңтары мен 13 қарашасы аралығында компания бюджетке 327,9 млн теңге аударды, бұл қалған барлық зауыттардікін қосқандағыдан екі есе көп. Екінші орында 2020 жылдан бері қарқын алып келе жатқан Алматы былғары зауыты. Үшінші орын былтыр дамуда күрт серпіліс жасап, салық базасын ұлғайтқан шымкенттік «Turan-Skin» ЖШС.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10460
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6693
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6652
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6451
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6442
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6408
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6358
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6351
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6344
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6337
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6329
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6291
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6266
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6250
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6250