Қазақстандықтардың 55%-ы темекі өнімдеріне салықтың көтерілуімен келіседі
14 декабря 2023
85
Темекі бір жылда 20% қымбаттады
2023 жылдың қаңтар–қазан қорытындысы бойынша ҚР-да 15 млрд темекі, сигара, папирос және басқа да осыған ұқсас өнімдер өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғымен шамалас — бар болғаны 0,1% азайған. Естеріңізге сала кетейік: темекі өнімдері өндірісі көп жылдар бойы Алматы облысында шоғырланған.
Жалпы, 2022 жылдың толық қорытындысы бойынша сектордағы өндіріс 17,6 млрд өнімді құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 8,9% көбейген.
Биыл қаңтар–қыркүйекте жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа деген сұраныстың 45%-ын (ішкі нарықтағы сату және экспорт) қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 62,2% болған.
Импорттың үлесі тиісінше 55%-ды құрады. Өндіріс аздап қысқарғанына қарамастан (бір жылда 1,2%, осы кезеңде 13,3 млрд өнімге дейін), импорт бірден екі есе, яғни 16,3 млрд өнімге дейін өсті.
Экспорт қолда бар ресурстардың 12,8%-ын құрады: 3,8 млрд темекі өнімдері — 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5% аз.
Бұл ретте ішкі нарықта 25,9 млрд теңге темекі өнімі сатылды, бұл былтырғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 54,6% артық.
Биыл қарашаның соңында темекі былтырғымен салыстырғанда 19,7% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Қостанай (27,6%), Батыс Қазақстан (25,7%) және Солтүстік Қазақстан (24,4%) облыстарында байқалды.
Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында тіркелді: 16,3%.
Темекі өнімдері мен темекі түтінінің әсеріне қатысты 2023 жылдың шілде айында қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 86,4%-ы отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін пайдалануға қарсы емес, 6,8%-ы қарсы, тағы 6,8%-ы жауап беруге қиналған.
Темекі өнімдеріне салынатын салықтың көтерілуіне қатысты сауалнамаға қатысқандардың 55,5%-ы бұл шараға келіссе, 24,8%-ы қарсы.
Жұмыс орындарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында және қоғамдық көлікте темекі шегуге толық тыйым салатын заңға қатысты пікірлер мынадай: респонденттердің 71,8%-ы мұндай заңды қолдаса, 11,5%-ы ғана қарсы болған.
Бұл ретте бірқатар мәжіліс депутаттары Қазақстанда темекі компанияларына қайырымдылықпен айналысуға тыйым салатын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.
Алматы облысында темекі өнімдерін шығаратын екі ірі өндіріс орны бар, олар 20 млн АҚШ долларынан астам қаражатты қайырымдылық көмекке аударды, деп хабарлайды zakon.kz.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6825
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6542
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6392
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256