Сектордағы экспорттық жеткізілім бағасы бір жылда 10% өсті

Сектордағы экспорттық жеткізілім бағасы бір жылда 10% өсті

 

2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында ҚР-дан бидай мен меслин экспорты 6,3 млн тоннаға, ақшалай 1,9 млрд АҚШ долларына жетті. Өсім физикалық мәнде 9,7%, ақшалай түрде 33,8% құрады.

Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберілді: 4,7 млн тонна, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,1% артық. Мұнда негізгі көлем Өзбекстанға жөнелтілді: 824,8 млн АҚШ долларға 3 млн тонна астық сатылды. Үздік үштікке Тәжікстан мен Түркіменстан да кірді.

ТМД-дан тыс елдерге 1,7 млн тонна бидай мен меслин жөнелтілді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,5% артық. Мұнда экспорттың басым бөлігі Ауғанстанға тиесілі: 194,3 млн АҚШ долларына 686,7 мың тонна. Үздік үштікке Иран мен Италия да кірді.

 

 

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, бидай мен меслиннің экспорттық бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір айда 1,1%, бір жылда 10% өсті. Бір қызығы, егер ТМД елдеріне баға бір жылда 2,8% қымбаттаса, басқа елдерге бірден 24,6% қымбаттады.

Бұл ретте ҚР-да сектордағы селекционерлердің оң нәтижелері байқалады: Александр Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары «Таймас» атты астықтың жаңа сұрыпын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР АШМ. Сұрып мемлекеттік сынақтан сүрінбей өтіп, патентке ие болды, енді басым тұқым түрінде таратылады.

 

 

Биыл қаңтар айында астық пен бұршақ дақылдарын өсіру және тұқым шаруашылығында негізгі капиталға инвестиция 14,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда құндық мәнде 14,9% артық.

Күрделі салымдардың ең көп көлемі әдеттегідей Солтүстік Қазақстан (5,8 млрд теңге, ақшалай жылдық өсім 2,1 есе көбейген), Ақмола (3,9 млрд теңге, 8,1% азайған) және Қостанай (3 млн теңге, 7% азайған) облыстарына тиесілі.