Сергітетін сусын 27% қымбаттады

Сергітетін сусын 27% қымбаттады

 

Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, алкогольсіз сусын бір жылда 22,7% қымбаттады. Анықтама үшін: бір жыл бұрын баға өсімі 14% болған.

Су (минералды және ауызсу) бағасы айтарлықтай 29,1% өсті (бір жыл бұрын өсім 18% болған). Сергітетін сусын бір жылда 26,8% (бір жыл бұрын 16,2%) қымбаттады.

 

 

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша, минералды су бір жылда 31,4% қымбаттады. ҚР өңірлерінің ішінде минералды су бағасының ең көп жылдық өсімі Жетісу облысында (66,4%), одан кейін Қызылорда (49,5%) және Батыс Қазақстан (48,1%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз өсімі Ұлытау облысында (8,3%), Шымкентте (11,4%) және Түркістан облысында (18,5%) байқалды.

Бір жылда ауыз су 25,8% қымбаттады. Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%. Ауыз су құнының айтарлықтай өсімі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%. Бағаның ең аз өсімі Түркістан (10,9%), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%) облыстарында.

 

 

Сергітетін сусындар ішінде газдалмаған сусын ең көп қымбаттады: бір жылда 34,7%. Өңірлер ішінде Батыс Қазақстан облысында газдалмаған сусын бір жылда бірден 85,3% қымбаттады, одан кейін Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 51,9% және 47,7%). Бағаның ең аз өсімі Жамбыл (14,5%), Ақтөбе (23,6%), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (өңірлердің әрқайсысында 24,6%) облыстарында тіркелді.

Газдалған сусын бір жылда 25,2% қымбаттады. Ең қатты қымбаттаған өңір Ақмола (46,9%), Жетісу (40,2%) және Абай (36,8%) облыстары болса, ең аз қымбаттаған өңірлер Павлодар (5,1%), Жамбыл (13,5%) және Қарағанды (15,2%) облыстары.

 

 

Биыл қаңтар–наурыз айларында ҚР-да 142,8 млн литр тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген минералды және газдалған су өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% артық.

590 млн литр басқа да алкогольсіз сусын өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 13,7% артық.