Қызмет көлемінің үштен бірінен астамы шетелдік компанияларға тиесілі

Қызмет көлемінің үштен бірінен астамы шетелдік компанияларға тиесілі

 

2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 456,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе көп.

Көрсетілген қызмет көлемі бойынша ойын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі жылжымайтын мүлікпен операциялар; сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау қызметі, компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспеқызметтерден кейінгі орында тұр.

 

 

Кәсіпорындар көлемі бойынша 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында сектордағы қызметтердің ең үлкен көлемі орта компанияларға тиесілі: 276,4 млрд теңге. Шағын және ірі кәсіпорындар: тиісінше 163,1 млрд және 16,7 млрд теңге. Ал жеке кәсіпкерлердің үлесіне небәрі 9,9 млн теңге.

Бұл ретте, бір жыл бұрын қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі шағын компанияларға (38,1 млрд теңге), одан кейін ірі (9,9 млрд теңге) және орта кәсіпорындарға (бар болғаны 5,8 млрд теңге) тиесілі болды.

 

 

Меншік түрі бойынша, жеке компанияларға сектордағы қызметтердің жалпы көлемінде 293,3 млрд теңгесі тиесілі, бұл 2021 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда бірден 17 есе артық.

Шетелдік компаниялар да қомақты соманы құрады: 162,9 млрд теңге, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп.