Ал бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде де динамика теріс деңгейде қалып отыр
27 сентября 2022
29
Ал бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде де динамика теріс деңгейде қалып отыр
Әлемдік автокөлік нарығындағы құлдырау ақыры тоқтады: биылғы жылдың тамыз айында 6,9 млн жаңа көлік сатылды, бұл 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 18% көп.
Қазақстандағы жаңа көліктердің сатылымы өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда бірден 25,4% өсіп, 11,4 мыңға жетті.
Қытай көш бастап тұр, мұнда үшінші ай қатарынан оң динамика сақталды: өткен жылдың тамызымен салыстырғанда бұл елде жаңа автокөліктердің сатылымы бірден 46% өсіп, биылғы жылдың тамыз айында 2,6 млн болды. Өсімге елдегі карантиндік шектеулерге байланысты кейінге қалдырылған тұтынушылық сұраныс, сондай-ақ электромобильдер сатылымына жаңа мемлекеттік қолдау шараларының іске қосылуы себеп болды. Осы тұста электромобиль сатылымының екі есе өскенін айта кетейік. Іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерге де мемлекеттік қолдау әлі бар. Айта кетейік, Қытай нарығында электромобильдер мен гибридтер сатылымының жылдам өсуі күтілуде: 2022 жылдан 2026 жылға дейін жылына орта есеппен 35,1% өседі деп болжанады.
Мемлекеттік қолдау итальяндық автокөлік нарығын да жандандыруға көмектесті — экологиялық таза автокөліктерді сатып алуды субсидиялау бойынша мамыр айында басталған шаралар өз әсерін тигізді. Осылайша, Италияда тамызда жаңа автокөліктер сатылымы 71,2 мың болды, бұл 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 9,9% артық.
Тамыз айында сатудың жылдық өсімі Бразилия мен Аргентинада (22%), Испанияда (9,1%), АҚШ-та (3,9%), Францияда (3,8%), Германияда (3%), Ұлыбританияда (1,2%) және Оңтүстік Кореяда да (0,2%) тіркелді.
Жапония мен Канадада керісінше 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда жаңа көліктердің сатылымы тиісінше 8,7% және 12,9% төмендеді.
Ресейдегі сатылым 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 62,4% төмендеп, небәрі 41,7 мыңды құрады.
Жалпы, сегіз айда, яғни 2022 жылдың қаңтар–тамызында әлемде 52,4 млн жаңа көлік сатылды, дегенмен бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% аз. Қытайда 17 млн-ға жуық жаңа көлік сатылған, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,2% көп. Осылайша Қытай сатылым бойынша көш бастап тұр.
Одан кейін Америка Құрама Штаттары тұр, мұнда 9 млн-нан астам жаңа көлік сатылды. Бұл 2021 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда 15,1% аз.
Оңтүстік Корея (8,8% аз), Германия (9,8% аз), Ұлыбритания (10,7% аз), Жапония (13,6% аз) және Италия (18,5% аз) сияқты елдерде де жаңа автокөліктердің сатылымы төмендеді.
Көршілес Ресейде сатылым бірден 60,7% төмендеп, 410,5 мың көлікті құрады.
Қазақстанда сегіз айда жаңа көліктердің сатылымы 75 мың дананы құрады. Бұл бір жыл бұрынғымен шамалас (бар болғаны 1,5% аз).
Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) вице-президенті Анар Мақашеваның айтуынша, Ресейден келетін импорттың бірнеше есе қысқаруына қарамастан қазақстандық автобизнес жылдам қалпына келіп жатыр. «Өндірушілер қосалқы бөліктерді жеткізудің жаңа логистикалық жолдарын тауып, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып жатыр. Импорттаушылар мен дилерлер өз кезегінде жаңа брендтерге назар аударды», — деді ҚАБҚ.
Қазақстанда биыл тамыз айындағы сатылым көлемі бойынша Chevrolet (3,9 мың автокөлік) және Hyundai (2,2 мың) брендтері көш бастап тұр, бұлар барлық сатылған жаңа көліктердің 53,3%-ын құрады. Олардан кейін Kia (1,5 мың), Toyota (998) және Lada (592 автокөлік).
Биыл қаңтар–тамыз айларында Chevrolet және Hyundai бірігіп барлық жаңа автокөлік сатылымының 51,1%-ын құрады. 20,5 мың Chevrolet көлігі сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% артық. Өз кезегінде Hyundai саудасы 12,6% өсіп, 17,8 мың автокөлікті құрады.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6827
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6735
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6543
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6393
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6371
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6257