Көрші елдер және әлеммен салыстырғанда қазақстандықтар үшін автокөлікті пайдалану және күтіп ұстаудың ауыртпалығы аз
7 декабря 2022
89
Көрші елдер және әлеммен салыстырғанда қазақстандықтар үшін автокөлікті пайдалану және күтіп ұстаудың ауыртпалығы аз
Автокөлік өнеркәсібі биыл микрочип тапшылығынан, коронавирустық шектеулерден және Еуропадағы геосаяси дағдарыстан туындаған жеткізу тізбегінің үзілуінен зардап шегуде. Кейбір елдерде автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік өндірісі әлі де 2021 жылғы көрсеткіштерге оралған жоқ, ал 2019 жылғы «коронадағдарысқа дейінгі» кезеңмен салыстырғанда көп елде автокөлік өндірісі кері кетті. 2022 жылдың үш тоқсанында АҚШ-та автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік өндірісі 7,4 млн-ға жуықтады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4% көп, бірақ 2019 жылғы көрсеткіштен 9% аз. Дәл осындай жағдай Германия мен Оңтүстік Кореяда да байқалады: өткен жылмен салыстырғанда өндіріс тиісінше 8,8% және 4,6% өсті, бірақ 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш әлі де 29,6% және 7,5% төмен.
Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда да азайған елдер баршылық. Атап айтқанда Франция (11,7% азайды), Ұлыбритания (8% азайды) және Жапония (2,2% азайды). Сонымен қатар, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл елдердегі өндірісі бірден тиісінше 45,4%, 37,5% және 22,7% төмендеді. Көршілес Ресейде биылғы тоғыз айда автокөлік өндірісі 2021 жылдың қаңтар–қыркүйегінен 75,1%, 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 68,3% төмендеді.
Ал Қазақстанда жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік өндірісі қарқынды өсуде. Мәселен, 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда өндіріс 29,8%, ал 2019 жылғы «коронадағдарысқа дейінгі» кезеңмен салыстырғанда бірден 2,4 есе өсті.
2019 жылмен салыстырғанда автокөлік өндірісі Өзбекстанда (23,7%) және автокөлік өнеркәсібінің көшбасшысы Қытайда (8,2%) өсті.
Әлемде жаңа жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылымы өткен жылғы көрсеткіштерге жақындап қалды, 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында 59,5 млн автокөлік сатылды, бұл былтырғыдан небәрі 2% аз. Сонымен қатар, 2019 жылғы «коронадағдарысқа дейінгі» кезеңмен салыстырғанда сатылым әлі де 11,1% төмен. Мәселен, АҚШ-та биылғы қаңтар–қыркүйек айларында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автокөлік сатылымы 20,2%, Жапонияда — 24,5%, Батыс Еуропада — бірден 31,9% азайған. Көршілес Ресейде 2022 жылы сатылым көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 60,1% төмендеген.
Көрші Қытайда автокөліктерді өндіру ғана емес, олардың сатылымы да оң динамика көрсетіп отыр: мысалы, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда Қытайдағы дилерлер биыл жаңа көліктерді 6,9% көп сатқан.
Өз кезегінде, Қазақстанда сатылымдар 2019 жылғы «коронадағдарысқа дейігі» кезеңмен салыстырғанда бірден 67,6% өсті, бұл бірінші кезекте өндіріс көлемінің ұлғаюы мен сатылымдағы отандық автокөліктердің үлесі есебінен болды. Сонымен қатар қазақстандық нарыққа жаңа брендтердің шығуы есебінен.
Сала үшін бірқатар ауыр жаһандық дағдарыс құбылыстарынан туындаған бүкіл әлемдегі автокөлік өнеркәсібіндегі күрделі мәселелер жаңа жеңіл автокөліктердің тапшылығына және сатылымның айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Мұның бәрі, күткендей, тек жаңа көліктердің ғана емес, ескі көліктердің де бағасының өсуіне себеп болды.
Мысалы, Ресейде жаңа автокөліктерді сатып алу кезінде күту уақытын қысқарту үшін олар сұр параллельді импорт схемасын енгізді, бірақ бұл сонда да ұзақ уақытты талап етеді — басқасын былай қойғанда РФ-ге кіргізу жағы қиын. Өзбекстанда да көлікке кезек баршылық, күту екі жылға дейін созылуы мүмкін. Беларусьте жағдай тіпті қиын: ресми дилерлер салоны босап қалды немесе тебілген көліктерді сатып жатыр. Бұндай жағдай бүкіл әлемде байқалып жатыр: мысалы, АҚШ-та жаңа көлікті күту уақыты тіпті 2020 жылғы «коронадағдарыспен» салыстырғанда үш есеге артты.
Energyprom.kz сарапшылары ҚР-да және басқа елдерде бір жылы, бірдей комплектациямен шығарылған жаңа көліктердің құнын салыстырып, ауқымды зерттеу жасады. Нәтижесінде Қазақстанда танымал маркалы көліктер арзанырақ екені белгілі болды.
Талдау және деректерді жинау тұрғысынан комплектация мен параметрлері бойынша ҚР-да сатылатын көліктерге ұқсас автокөліктерді Ресей, Беларусь және Өзбекстандағы ресми дилерлер сататынын атап өткен жөн. Ал Оңтүстік Корея, Жапония және Түркия сияқты елдерде бірдей брендтердің мүлдем басқа комплектациялары ұсынылған. Сондықтан тікелей салыстыруға келмейді. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 4,4 болатын жаңа BMW X5 M50i автокөлігінің құны Қазақстанда 110,5 мың АҚШ долларын құраса, Ресейде қазірдің өзінде 138,8 мың АҚШ долларын құрады, алайда, айталық, Оңтүстік Кореяда бұл көліктің ең жақын баламасы әртүрлі үлгідегі X5 M құны 117,8 мың АҚШ доллары. Сондықтан біздің зерттеуімізде ҚР, РФ, ӨР және БР автокөліктерінің нарықтары модельдік түрлері айтылады.
Нәтижесінде, мысалы, қазақстандықтар арасында танымал Toyota Corolla көлігін басқа елдерге қарағанда Қазақстанда сатып алу тиімді екені белгілі болды. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 1,6 CVT болатын Comfort түрі Қазақстанда 26,4 мың АҚШ доллары, көрші Ресейде қазірдің өзінде 35,7 мың АҚШ доллары, Арменияда 46,6 мың АҚШ доллары тұрады. Анықтама үшін: Toyota Corolla 1.5 Vision (мүлдем басқа модель) Түркияда 31,3 мың АҚШ доллары тұрады.
Hyundai Tucson комплектацияларының аты әр елде әр түрлі. Мысалы, Қазақстанда Hyundai Tucson Travel (G2.5 GDI) 31,6 мың АҚШ доллары, ал Ресейде Hyundai Tucson Family (модель аздап ерекшеленеді) 47,9 мың АҚШ долларын құрайды. Беларусь пен Өзбекстанда автокөлік Style және Luxe комплектацияларымен сәйкесінше 53,9 мың және 46,6 мың АҚШ доллары тұрады.
ҚР-да танымал бола бастаған қытайлық брендтер және басқа да көліктер ҚР ресми дилерлерінде арзан. Мысалы, Haval Jolion Elite (1,5 2WD) Қазақстандағы дилерлерде 26,4 мың АҚШ доллары, Беларусьте 32,1 мың АҚШ доллары, Ресейде 36,8 мың АҚШ доллары тұрады. Premium түріндегі Chery Tiggo 7 PRO (1,5 Turbo) Қазақстанда 26,4 мың АҚШ доллары, Ресейде Elite пакеті 43,8 мың АҚШ доллары, Беларусьте 34 мың АҚШ доллары тұрады. Ал Өзбекстанда Luxury пакетіндегі Chery Tiggo 7 PRO құны 26,9 мың АҚШ долларын құрайды.
Шетелге қарағанда Қазақстанда автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің ауыртпалығы да айтарлықтай аз. Бұған дейін айтқанымыздай, қазақстандықтар үшін автокөлікті пайдалану Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда арзан. Еуропада экологиялық төлем, мысалы, Ұлыбританияда, 10 фунт стерлингтен 2635 фунт стерлингке дейін, ал Германияда шығарындылардың әр грамына 2 еуроны құрайды.
Жанармайдың да шығынға әсер ететіні анық. ҚР-да бензиннің орташа бағасы литріне 0,46 АҚШ доллары болса, көрші Ресейде ол қазірдің өзінде 0,85 АҚШ доллары, ал АҚШ-та (Өзбекстанда да АҚШ-тағымен бірдей) — 1,03 АҚШ доллары. Жапония мен Оңтүстік Кореяда бензин бағасы 1,16 АҚШ долларын, жоғарыда аталған Германия мен Ұлыбританияда сәйкесінше 1,85 АҚШ доллары және 1,94 АҚШ долларын құрайды.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6827
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6735
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6543
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6393
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6371
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6257